Ішкі ұйкы артериясы, a. carotis interna, өз жолында жалпы ұйқы артериясының жалғасы болып саналады. Онда мойын және бассүйек ішкі бөліктерін ажыратады. Жоғары бағытталып, алғашында сырткы ұйқы артериясынан латералді және артта орналасады. Артериядан латералді ішкі мойындырық вена орналасады. Ішкі ұйқы артериясы бассүйек негізіне жұтқыншақтың бүйір жағымен және одан т. stylohyoideus және т. stylopharyngeus бөлінген шықшыт безден медиалді көтеріледі. Бассүйек негізіне жеткен соң, артерия canalis caroticus-ке кіреді, ол жерде өзектің иіліміне сәйкес иілімдер жасап, өзектен шыққан соң, бассүйек қуысына foramen lacerum арқылы кіреді. Бұл жерде үңгірлік қойнау арқылы өтіп, сүйектің ұйқы жүлгесіне, sulcus caroticus ossissphenoidalis, жатады. Кіші қанаттарының аталмыш қойнауынан өтіп, мидың төменгі бетіне барады. Ішкі ұйқы артерия өзінің мойын бөлігінде тармақтар бермейді. Самай сүйегі пирамидасының ұйқы өзегінде кішкене тармақ – ұйқы дабылдық артериялар, aa. caroticotympanicae береді. Ол дабыл қуысына аттас өзек арқылы кіріп, оның шырышты қабығын қамтамасыз етеді. Ішкі ұйқы артериясынан бассүйек қуысында үлкен миға тармақтар және көз артериясы тармақталады. Ішкі ұйқы артериясы мынадай бұтақтар береді: Ортаңғы ми артериясы (соңғы мидың самай, төбе бөлімдерін қанмен қамтамасыз етеді). Алдыңғы ми артериясы (соңғы мидың маңдай бөлімдерін қоректендіреді). Алдыңғы қосылыс артериясы – Вилизиев шеңберін түзеді: 1 – Алдыңғы ми артериясы – 2 2 – Алдыңғы қосылыс артериясы – 1 3 – Ортаңғы ми артериясы – 2 Бұлар ішкі ұйқы артерясының бұтағы. 4 – Артқы ми артериясы – 2 5 - Артқы қосылыс артериясы – 2 Бұлар омыртқа артериясының бұтағы. Осы бесеуі артериялдық Вилизиев шеңберін түзеді.
1. А.В. Вишневский әдісі бойынша вагосимптоматикалық блокада, орындалу техникасын жазып кетіңіз
А.В.Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада көптеген (множественные переломы) немесе өкпенің зақымдануымен асқынған сынықтарда плевропульмональды шоктың алдын алу үшін жасалады. Техникасы: науқасты жатқызып басын шетке бұрамыз (қарама қарсы жақа). Төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықет (m. sternocleidomastoideus) пен мойынның сыртқы көктамырының (external venae jugularis) қиылысқан жерін тауып аламыз. Сол жерді сол қолдың сұқ саусағымен басып тұрып ұзын инелі шприцты теріге перпендикулярлы қойып мойын омыртқасына қарай (4-ші) ішке ақырындап енгізе бастаймыз инені енгізе отырып ішіндегі анестетикті (0.25% новокаин ерітіндісі) жіберіп отырамыз (инфильтрациялық анестезия). Ине омыртқа көлденең өсіндісіне тірелген кезде сол қолдың саусағын алып инені 0,5-1,5 см кері шығарып 40-60мл анестетикті жібереміз. Анестетикті жібермей тұрып поршеньды тартып көреміз. Тамырға түспегенін тексеру үшін. Блокада нәтижелігін Горнер триадасының (птоз, миоз, энофтальм) пайда болуымен дәлелденеді
Достарыңызбен бөлісу: |