1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз



бет4/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
Оперативтік жету-хирургиялық операцияның кезеңі;хирургиялық араласудың объектісі болып табылатын ағза тіндерін қат-қабатымен ажырату және ағзаны ашу бойынша хирургтың әрекеттерінің жиынтығы.
Оперативтік қабылдау- хурургиялық операцияның негізгі кезеңі:оперативтік араласудың объекті болып табылатын ағзалар мен тіндерге жасалатын хирург әрекеттерінің жиынтығы.Оперативтік қабылдау шешуші кезең болып табылады және хирургиялық операцияларның негізін құрайды

Дельта тәрізді аймақ: шекаралары, қабаттары, қантамырлар мен нервтеріне ақпарат беріңіз


Шекаралары : алдынан — sulcus deltoideopectoralis, артынан — sulcus deltoideus posterior. Дельта тәрізді аймақ m. deltoideus-тің пішініне сәйкес үшбұрышты.
Ұшы — сыртқа және төмен, ал негізі- жоғары және ішке бағытталған. Иық сүйегі басының орналасуына байланысты дельта тәрізді аймақ томпайып анық көрініп тұрады. Қол иық буынынан шығып кеткенде бұл аймақ тегістеліп қалады, кейде ішке еніп шұңқыр болып қалуы мүмкін.
Қабаттары: Тері. Тері асты май шелі n. supraclavicularis пен n. axillaris-тің тармақтары жатады. Меншікті шандыр (f. deltoidea) бұлшықет қынабының сыртқы қабырғасын құрайды және f. brachii ретінде жалғасады. Дельта тәрізді бұлшықет ( m.deltoideus) бұғананың сыртқы жағынан, акромионнан және spina scapulae ден басталып, tuberositas deltoidea humeri-ға бекиді. N. axillarisтің тармаңтарымен нервтенеді. Қырастылық фасцияның ( f. infraspinatae) терең жапырақшасы spina scapulae және акромиондың өсіндіден басталып, lig. coracoacromiale-тің алдыңғы қырына бекиді. Бұл дельта тәрізді бұлшықеттің төменгі жағын жаппай, тек f. coracoclavicostalis-тің сыртқы жағын жабады. Ғ. infraspinata-ның терең жапырақшасы иық буыны қалтасының фасциалдық қынабын түзеуге қатысады.
Шелді май кеңістігінде үш синовиалды қалталар: дельта тәрізді бұлшықет астында m. supraspinatus-тің сіңірі мен tuberculum majus-тың арасында (bursa subdeltoidea); ж ауы ры нны ң иық өсіндісі астында (bursa subacrom ialis); жауырын мойны мен m. subscapularis-тің сіңірінің арасында буынмен қатынасатын жауырын астында (bursa subscapularis) орналасқан. Көп жағдайда алғаш қы екі қалта бір-бірімен байланысады.
Қантамырлар мен нервтер. Аймақтың басты қантамыры , иықты артынан айналатын артерия ( a. circumflexa humeri posterior) ол қолтың артериясының (a. axilla ris) тармағы. Бұл тамыр шелді май қабатына for. quadrilaterum арқылы иық сүйегінің хирургиялық мойнын артынан айналып, иық сүйегінің хирургиялың мойнын алдынан айналатын артерияның ( a. circum ­ flexa hum eri anterior) тармақтары мен ұштасады . A. circumflexa humeri anterior m. coracobrachialis-тің астында орналасып, содан кейін m. biceps-тің ұзын сіңірі жатқан төмпектер арасы жүлгемен ( sulcus intertubercularis) қиылысып өтеді де, артқа бұрылып дельта тәрізді бұлшықеттің арасына еніп кетеді.
A. circumflexa humeri posterior-мен бірге немесе сәл шеткерірек жататын п. axillaris m. deltoideus-ты, m. teres minor-ды, және осы аймақтың терісін нервтендіреді. Нерв делта тәрізді бұлшықеттің астыңғы бетіне тығыз жанасып жатады .
2 Жауырын аймағы: қабаттары, қырүстілік бұлшықет, қырасты бұлшықеті, жауырын алдындағы кеңістік түралы ақпарат берініз
Аймақ жауырын артында жатқан бұлшықеттерден тұрады. Жауырын қыры бұл аймақты екі шұңқырға бөледі; қыр үстілік және қыр астылық. Қабаттары : Тері. Тері асты май шел қабаты. Беткей шандыр. Меншікті шандыр. Трапеция тәрізді бұлшықет (m . trapezius) жауырынға жоғарыдан түседі. Арқаның жалпақ бұлшықеті ( m. Іаtissimus dorsi) жауырынды астынан жабады. Жаурынның қыр үсті және қыр асты шұңқырларының шетіне бекіген апоневроз жауырынмен бірге осы шұңқырларда орналасқан бұлшықеттерге және оларға келетін тамыр мен нервтерге тығыз сүйек-фиброзды қүндақ түзейді. Қырүстілік бұлшықет (m.supraspinatus) иық сүйегінің tuberculi majoris-тің жоғарғы бөлігіне бекиді. Ол шандырдан және қыр үсті шұңқырының қабырғаларынан басталады. Нервтенуі — п. suprascapularis.
Қырасты бұлшықеті ( m. infraspinatus) шандырдан және қырасты шұңқырының қабырғаларынан басталып, иық сүйегінің tuberculum majoris-тің ортаңғы бөлігіне бекиді (нервтенуі — п. suprascapularis ). Екі бұлшықетте қанды a. suprascapularis-тен (бүғанасты артериясының truncus thyreo-cervicalis-інен) алады. Бұдан басқа, қырасты бұлшықетін мойынның көлденең артериясы ( a.transversa colli) және( a. suprascapularis) анастомоз құрайтын жауырынды айналатын ( a. circum flexa scapulae) артериясы жабдықтайды . Жауырын алдындағы кеңістік жауырынасты бұлшықетімен және оны алдынан жабатын шандырмен шектеледі. М. subscapularis — шұңқыр қабырғаларынан және жауырынның сыртқы қырынан басталып, иық буынының қалтасына, иық сүйегінің tuberculum minus негізіне және crista tuberculi minorisтің жоғарғы бөлігіне бекиді. Нервтенуі — п. subscapularis. Ж ауы рынасты ш андырының алдында шелді май кеңістігі ал ­ дынан тісті бұлш ыңетпен ш ектеледі. Қан a. subscapularis, a. transversa colii жәнеa. thoracica lateralis-Ten (a. axillaris-тщ тармаңтары) келеді. А ймақты — n. dorsalis scapulae, n. subscapularis жәнеn. thoracicus longus (иық өрімінен) нервтендіреді.
3 Бүғанаасты аймағы: шекаралары, қабаттарына ақпарат жазып кетіңіз
Шекаралары: кеуденің алдыңғы жоғарғы аймағында орналасқан. Қолтық ш ұңқырының алдыңғы қабырғасын құрайды. Шекарасы: жоғарыда — бұғана, төменде — III қабырға және үлкен төс бұлшықетінің қыры , іш жағынан — төс сүйегінің шеті, сыртынан — дельта тәрізді бұлшықеттің алдыңғы қыры болып табылады. Бұғанасты аймақ бұғанадан үшінші қабырғаға дейін немесе әйелдерде сүт безінің жоғарғы шекарасына дейін созылып жатады .
Қабаттары . Тері, тері асты шел қабатында терілік тамырлар (a. et v. perforantes) және n. supraclavicularis орналасқан. Бүғана аймағында тері асты шел қабаты өте жұқа. М. platysma -ның талшықтарын беткей шандыр қоршап тұрады. Кеуденің меншікті шандыры ( f.pectoralis) жұқа, бүғанадан басталады да, қолтық шандырына ( f. axillaris) жалғасады . Шандыр кеуденің үлкен бұлшықетін екі жағынан қоршап, оның талшықтарына өсінділер береді. Кеуденің үлкен бұлшықеті ( m. pectoralis major) үш бөлімнен тұрады: бұғаналық (pars clavicularis) — бұғананың ішкі жағынан басталады, төсқабырғалың (pars sternocostalis) — төстің алдыңғы бетінен және жоғарғы V — VI қабырға шеміршектерінен басталады, құрсақтық — бұлшықеттің сіңірлік қы набы нан басталады. Кеуденің үлкен бұлшықеті мен дельта тәрізді бұлшықеттің арасында сай бар (sulcus deltoideopectoralis), ол жоғары және ішке қарай кеңейіп, шұңқырға айналады . Бұл шұңқырдың шеттерін: жоғарыда — бүғана, сыртынан — м. deltoideus, ішінен — м. pectoralis major (бұғаналың бөлігі) түзейді. Sulcus deltoideopectoralis-тe орналасқан тері асты венасы ( v. серһаііса) меншікті шандырды тесіп өтіп, v. subclavia-ға құяды. Төс-бүғана шандыры ( f. clavipectorale немесе f. coracoclavicostalis) жоғарыда бұғананың және құстұмсық тәрізді өсіндінің сүйек қабығына қосылады, іш жағынан қабырғалардың сүйек қабығы төменгі жағынан кеуденің меншікті шандырымен, сырт жағынан қолтық шандырымен қосылып кетеді. Осы жерде шандырды қолтықтың «ұстап» түратын байламасы депте атайды (lig. suspensorium axillae). Ол бұғанаастылық және кеуденің кіші бұлшықеттеріне қынап түзейді. Кеуденің кіші бұлшықеті ( м. pectoralis minor) және бұғанастылың бұлшықет (м. subclavius). М. pectoralis minor II —V немесе III —V қабырғалардың алдыңғы бетінен басталып, құстұмсық тәрізді өсіндіге бекиді. М. subclavius I қабырғаның алдыңғы бетінен басталып, бүғананың акромион жағының төменгі бетіне бекиді. Жоғарыда—бүғана және бүғанасты бұлшықеттің төменгі қыры; төменде —кеуденің кіші бұлшықетінің жоғарғы қыры арасында үшбұрышты кеңістік ( trigonum clavipectorale) бар. Бұл ұшбұрыштың бүғанасты артериясын бүғанадан төмен байлау кезінде маңызы зор. Осы үшбұрышта vasa thoracoacrom ialias-тің тармағы ( r. pectoralis) мен п. thoracalis anterior (иық өрімінен) жатады. Ғ. coraco-clavi-pectorale осы жерде тығыз, сіңір сияқты болады. Бұл фасция арқылы v. серһаііса өтеді. Шелді май қабаты бұлшықеттердің шандырлары арасында орналасады және сыртңа қарай қолтық шұңқырына өтіп, a. axillaris пен v. axillaris-ті және pl. brachialis-ті қоршап жатады . Бұғанасты шұңқырының тіндері қанды қабырғааралық артериялардан ( a. intercostalis) және кеуденің ішкі артериясы ( a. thoracіса int.), кеуденің қапталдағы артериясынан ( a. thoracica lateralis) жэне кеуде — акромиалды (a. thoracoacrom ialis) тармақтарынан алады. Аталған артериялар өзара жиі ұштасулар құрап жатады .
4 Қолтық аймағы: шекаралары, қабаттарын сипаттаңыз
Шекаралары : алдынан — м.pectoralis major-дъщ төменгі қыры , артынан — м. teres major және м. latissimus dorsi-дің төменгі қыры , ішкі жағынан — аталған бұлшықеттерді кеудеде қосатын, сыртынан —аталған бұлшықеттердің қырын иықтың ішкі беті бойынша қосқандағы сызық түзейді.
Қабаттары . Терісі — жұқа, түкпен жабылған. Өскен түктің алдыңғы шеті құстұмсық-иық бұлшықетінің (м . согасоbrachialis) ішкі қырына сәйкес келеді (a. axillaris-ті байлағанда, бағдар ретінде қолданылады). Теріде тері және май бездері көп. Тері асты шел қабатын фиброзды жалғам алар жекелеген үяшықтарға бөлген. Оларда май орналасқан. Беткей шандыр нашар дамыған. Меншікті шандыр ( f. axillaris) қолтық шұңқырының шетінде қалыңдаған, ортасында жұқалау. Меншікті шандырды алып тастағанда қолтық шұңқыры ( cavum axillarae) ашылады . Қолтық шұңқыры кеуде қуысы мен иықтың арасында орналасқан бұлшықет және шелді май кеңістігінен түрады. Қолды сыртқа әкеткенде: төбесі — ішке және жоғары , ал негізі — сыртқа және төмен бағытталған төртбұрышты пирамида тәрізді. Төбесі бүғана, қабырғамен және бүғанасты бұлшықетімен шектелген. Осы жерде қолтық шұңқырына қолтық артериясы ( a. axilla ris) және pІ. brachialis (C5 —C8 ж әнеТҺ 1-ден)өтеді, ал қолтық венасы ( v. axillaris ) жоғары қарай өтіп v. subclavia-ға айналады. Cavum axillaris-тің қабырғалары : 1) алдыңғы қабырғасы — м. pectoralis major және minor; 2) артқы қабырғасы — м. subscapularis, м. teres major және м. latissimus dorsi; 3) ішкі қабырғасы — IV қабырғаға дейінгі кеуде қуысының сыртқы қабырғасы, м. serratus anterior-мен бірге; 4) сыртқы қабырғасы — иық сүйегінің ішкі беті және осы сүйекті жауып жатқан м. coracobrachialis пен м. bicipitisтің қысқа басы. Cavum axillaris 3 бөлімге бөлінеді: 1. Trigonum clavipectorale — бүғананың төменгі қырынан м. pectoralis minoris-тің жоғарғы қырына дейін, үшбұрыштың негізі төске бағытталған; 2. Trigonum pectorale — m. pectoralis minor-дің орналасуына сәйкес келеді; 3. Trigonum subpectorale — m. pectoralis minor-дің төменгі қырынан m. pectoralis major-дың төменгі қырына дейін. Үшбұрыштың негізі сыртқа бағытталған. Қолтың шұңқыры майлы шелмен, лимфа түйіндерімен, a. axillaris және оның тармақтары мен, v. axillaris,pi.brachialis және одан тарайтын нервтермен, II және III қабырғааралық нервтермен толтырылған. Қолтықтағы май-шел қабаты , көршілес аймақтардың: бұғанаүсті, кеуденің алдыңғы -жоғарғы және артқы-жоғарғы және дельта тәрізді аймақтардың шел қабатымен байланысып тұрады. Бұл қатынастардың іріңдіктер таралуында маңызы бар. Қантамыр-нервтік шоғыр м. coracobrachialis-тің ішкі қырынатаман орналасқан. V. axillaris артерия мен нервтерден беткей және медиалды жатыр. A. axillaris I қабырғаның сыртқы қырында басталады да, м. latissimus dorsi-дың төменгі қырында иық артерияеына ( a. brachialis) айналады. Қантамыр-нерв шоғыры құрылымдарының өзара орналасуы әр деңгейде әртүрлі. Trigonum clavipectorale-де медиалды және тәмен v. axillaris, латералды жэне жоғары a. axillaris, артериядан сыртқа және артқа қарай pi. brachialis жатады. Бұл бөлімде a. axillaris-тен a. thoracica suprema (I қабырғааралықта тармақталады) және a. thoracoacromialis (кіші кеуде бұлшықетінің жоғарғы қырында басталады) шығады. A. thoracoacromialis-тің тармақтары ( r. deltoideus, pectoralis, асromialis) f. coracoclavicostalis-ті тесіп өтіп дельта тәрізді бұлшықетті, иық буынын, м. pectoralis major және minor-ды қанмен жабдықтайды. Trigonum pectorale-де медиалды және төмен v. axillaris, латералды және жоғары a. axillaris орналасады. PI. brachialis-тің шоғырлары артерияның артында, сыртында және медиалды орналасады. А. axillaris-тел шыққан a. thoracica lateralis, n. thoracicus longus-пен бірге жүріп, сүт безін және кеуденің бүйір бұлшықеттерін қанмен жабдықтайды. Trigonum subpectorale-дe медиалды v. axillaris жатады , одан латералды a. axillaris жатады , ал pІ. brachialis осы артерияны қоршаған нервтерге бөлінеді. Артерияның алдында п.medianus, сыртында п. musculocutaneus, ішкері — п.ulnaris және п.cutaneus antebrachii medialis, тереңірек п. cutaneus brachii medialis, артында — n. radialis және n. axillaris жатады . Бұл бөлімдегі a. axillarisтің бүтақтары: 1) Жаурынасты артерия ( a. subscapularis); 2) Иықты алдынан айналатын артерия ( a. circumflexa humeri anterior); 3) Иықты артынан айналатын артерия (a. circumflexa humeri posterior ). A. subscapularis (аттас нерв және веналармен бірге) м. subscapularis-тің төменгі қыры арқылы жүріп отырып, a. thoracodorsalis және a. circumflexa scapula-та. бөлінеді. Соңғы артерия үш қабырғалы тесік (for. trila teru m ) арқылы жауырын аймағына өтеді. A. circumflexa humeri anterior және posterior иық сүйегінің хирургиялық мойнын алдынан және артынан айналып өтіп иық буынын және дельта тәрізді бұлшықетті қанмен жабдықтайды. А. circumflexa humeri posterior п. axillaris-нен бірге төрт қабырғалы тесіктен ( foramen quadrilaterum ) өтеді. Foramen trilaterum -ді: жоғарыдан жауырын асты (m.subscapularis) және кіші жұмыр бұлшықеттер (m. teres minor), төменнен үлкен жүмыр бұлшықет ( m. teres major), сыртынан үш басты бұлшықеттің (м. tricipitis) ұзын басы шектейді. Осы тесік арқылы қолтық шұңқыры, жауырынның майлы шелімен қатынасады. Foramen quadrilaterum -ды жоғарыдан м. subscapularis пен м. teres minor, төменнен m. teres major, іш жағынан — m. tricipitis-тің ұзын басы, сыртынан иық сүйегінің хирургиялық мойны шектейді. N. axillaris (С5 — С6-дан) a. circum flexa humeri posterior-мен бірге foramen quadrilaterum -nen өтіп, иық сүйегінің хирургиялық мойнын артынан айналады . Бұл нервтен бұлшықеттік (м. deltoideus және м. teres minor-ға), буындық (иық буынына) және терілік (п. cutaneus brachii lateralis) тармақтар иықтың сыртқы және артқы беттеріне тарайды. N. axillaris зақымданғанда (иық сүйегінің хирургиялық мойнының сынуы, буын шығуы) м. deltoideus-тің қызметі бүзылып, атрофияға ұшырайды , сонымен бірге иықтың сыртқы және жоғарғы артқы аймақтарының сезімталдылығы бұзылады. Нерв үшбасты бұлшықет сіңірінің сыртқы шетінде жатып иық буынының әлсіз жерінен өтеді. Сондықтан иық басы төмен қарай шыққанда, нерв қысылады немесе созылып зақымдануы мүмкін. Қолтық лимфа түйіндерін бес топқа белуге болады: 1) сыртқы топты v. axillaris-тің бойында, меншікті фасцияның үстінде орналасңан қолтық бездері құрайды. Бұлар лимфаны қолдан және кеудеден қабылдайды. 2) медиалды топты a. thoracica lateralis және v. thoracica lateralis бойында орналасқан кеуде лимфа бездері құрайды . Бүлар лимфаны сүт безінен және кеуденің алдыңғы бүйір бетінен қабылдайды. Қолды қапталға көтергенде, III қабырға тұсында, кеуденің үлкен бұлшықеті астында Зоргиус түйінін сипап көруге болады. 3) артқы немесе төменгі топты a. subscapularis ж әне v. subscapularis бойында орналасңан жауырын асты лимфа бездері түзеді. Бұлар лимфаны кеуденің артқы бетінен қабылдайды. 4) қолтық шұңқырының орталық түйіндері лимфаны қолдан, кеудеден, сүт бездерінен жинайды . 5) trigonum clavipecterale-дегі — v. axillaris бойындағы түйіндер лимфаны басқа аймақтардан және париеталды плеврамен сүт безінен жинайды . Атап өтілген түйіндер лимфа тамырлары арқылы бір-бірімен тығыз байланысқан. Лимфа қолтық лимфа бездерінен бұғана үстілік және бүғана астылық түйіндеріне ағады. Қолтықасты лимфа түйіндері, күбіртке және іріңді тендовагинит салдарынан аденофлегмонаға ұшырауы мүмкін
5 Иық буыны: құрылысы, буын қабы, синовиальды қалталары, қанмен жабдықтауына ақпарат беріңіз
Иық буынын иық сүйегінің басы ( caput hum eri) және жауырынның буын ойығы (cavitas glenoidalis scapulae) құрайды. Буынның шеміршек бөлігі (labrum glenoidale) жауырынның буын бетін үлғайтып, кең қозғалыстарға мүмкіндік жасайды. Буын қабы labrum glenoidale-ден басталып, иық сүйегінің анатомиялық мойнына бекиді. Буын қабын: жоғарыда — lig. glenohumerale superior, медиалды — lig. glenohumerale medialis және lig. glenohumerale inferior бекітіп тұрады. Ең тығызы lig. glenohumerale inferior. Бұдан басқа, құстұмсық тәрізді өсіндіден басталып, буын қабына қосылып кететін қосымша байлам (lig. coracohumerale), буын қабын бекітуші болады. Иық буын қуысы қап тәрізді үш қалтарыспен кеңейген: 1) қолтың астындағы қалтарыс (recessus axillaris) жауырынасты бұлшықетпен үшбасты бұлшықеттің ұзын басының бекитін жерінің арасындағы саңылауда орналасқан. Қолтықасты қалтарыстан медиалды жерде п. axillaris өтеді. Ол буын шыққанда зақымдануы мүмкін; 2) жауырын астындағы қалтарыс ( recessus subscapularis), жауырын мойнының алдыңғы -жоғарғы бетінде орналасқан; 3) төмпешіктер арасындағы қалтарыс — екі басты бұлшықеттің сіңірінің синовиалды қынабының төмпешіктер арасындағы кеңеюінен дамыған. Буын қабы томпайған екі синовиалды қалта (bursa) түзейді: 1) bursa subcoracoidea — құстұмсық тәрізді өсіндінің астында орналасқан; 2) иық сүйегінің үлкен төмпешік арасында bursae subdeltoidea орналасқан. Онымен bursa subacromialis қатынасады . Екі қалташық буын қуысымен қатынаспайды; 3) жауырынның мойны мен жауырынасты бұлшықет арасында bursae subscapularis бар. Бүл ­қалта иық буыны қуысымен, ал кей кезде құстұмсық өсінді астындағы subcoracoidea-мен де қатынасады. Буынды алдыңғы жағынан: м. subscapularis, м. coracobrachialis, м. biceps-тщ қысқа басы, м. pectoralis major, ал артынан: м. supraspinatus, м. infraspinatus және м. teres minor қоршап жатады. Буынды сыртынан м. deltoideus жауып жатады , ал оның астында м. biceps-тің ұзын басының сіңірі орналасқан. Жауырынның акромиалдың және құстұмсық тәрізді өсінділері lig. согасоасготіаіе-мен бірге иық буынының күмбезін ( fornix hum eri) құрайды. Ол иық сүйегі басының буыннан жоғары шығып кетуіне бөгет болады. Буын қанды a. circumflexa humeri anterior және posterior- дан алады. Нервтенуі — п. suprascapularis және п. axillaris (иық өрімінен) арқылы болады.

6 Иықтың алдынғы аймағы: шекаралары, қабаттары, бұлшықеттер, тамырлар және нервтеріне сипаттама беріңіз


Шекарасы. Жоғарыда — м.pectoralis major жәнем.latissimus dorsi-дің төменгі қырларын иықта қосатын сызық, төменде — иық сүйегінің айдаршықтарынан (epicondylus m edialis ж әне lateralis) екі елі жоғары жүргізілген сызық. Қабаттары . Терісі иықтың ішкі бетінде жұқалау, сыртқы беті мен артңы ж ағы нда қалы ңдау болады. Тері асты шел қабатының латералды бетінде екі басты бұлшықеттің сыртқы жүлгесінде ( sulcus bicipitalis lateralis) орналасқан v. сеphalica v. subclavia-ға құяды . Екі басты бұлшықеттің ішкі жүлгесінде ( sulcus bicipitalis m edialis) v. basilica орналасқан. Ол иықт ң орта деңгейінде v. brachialis-ке құяды . Беткей шандыр жұқа болып келеді. Иықтың меншікті шанды ­ры (f. brachi) немесе иық апоневрозы — иық сүйегіне екі перде береді : 1) сыртқы бұлшықеттер арасындағы сыртқы перде (septum іпterm usculare laterale) — иықтың орта деңгейінде м.brachialis пен м.triceps-тің сыртқы басының арасында, ал төменгі бөлігінде м.triceps пен м.brachioradialis-тщ арасында орналасады; 2) ішкі бұлшықеттер арасында ішкі перде ( septum interm usculare m ediate) — m. brachialis пен m. triceps-тщ ішкі басының арасында жатады . Бүккіш және жазғыш бұлшықеттер құндағына А. В. Вишневский әдісімен футлярлы анестезия жасауға болады. Меншікті шандыр қантамыр-нерв шоғырларына қынап түзейді. Бұлшықеттер. Иықтың алдыңғы бетінде бүккіштер тобы орналасады: иықтың екі басты бұлшықеті ( m. biceps) құстұмсық-иық бұлшықеті ( м.coracobrachialis) иық бұлшықеті ( м.brachialis). М . biceps brachi беткей орналасқан — ұзын басы ( caput longum ) — tuberositas supraglenoidalis scapulae-ден, ал қысқа басы (caput breve) — processus coracoideus scapulae-ден басталып, шыбық сүйегіндегі бұдырға ( tuberositas radii) бекиді. М . coracobrachialis иықтың жоғарғы бөлігінде екібасты бұлшықеттің астында және ішке таман, м.brachialis иықтың төменгі бөлігінде м.biceps brachi-дың астында орналасады. Осы бұлшықеттердің барлығын п. m usculocutaneus нервтендіреді (С3 — С8-ден). Тамырлар және нервтер: Екі басты бұлшықеттің жанында екі жүлге бар: sulcus bicipitalis medialis et lateralis. Sulcus bicipitalis medialis-те a. brachialis, екі аттас вена және п. medianus жатады. — иықтың жоғарғы бөлігінде (п. m edianus) 16,6% жағдайда иық артериясының алдында, 16,6% артында, 6,8% жағдайда медиалды орналасады. — иықтың төменгі бөлігінде, орталың нерв иық артериясы ны ң алдында —56,8% , артында— 16,6% , ішкері — 21,5% және сыртында —5% жағдайда орналасады. Иыңтың төменгі 1/3 бөлігінде, медиалды айдаршыққа тиіп жатады . Осы жерде, кей кезде сүйекте қосымша төмпешік — «айдаршық үстіндегі апофиз», қалыңдаған иықтың терең шандырымен бірге тарөзекше құрайды. Егер ортаңғы нерв өзекшеде қысылса, ауырсыну сезімі және қозғалыс бұзылуы кездеседі. Иықтың жоғарғы 1/3 бөлігінде, иық қантамыр-нерв шоғырынан 1 см артқатаман шынтақ нерві жатады . Иықтың төменгі 1/3 бөлікте шынтақ нерві бұлшықет аралық медиалды пердені тесіп, иықтың артына өтеді. Бұл нерв үшбасты бұлшықеттің медиалды қырында, a. collateralis ulnaris superiorмен бірге жатады . Иық артериясынан латералды жерде, иықтың екі басты және иық бұлшықеттерінің арасында п. m usculocutaneus өтеді. Екі басты бұлшықет жыртылғанда, нерв гематомамен басылып, шынтақ буынының бүгілуі нашарлап, науқастың қолындағы зат түсіп кете береді. N. ulnaris иықтың жоғарғы бөлігінде a. brachialis-тен медиалды және терең жатады . Иықтың ортаңғы бөлігінде septum intermusculare mediale-ui тесіп өтіп, a. collateralis ulnaris superior және аттас екі венамен бірге артқы бұлшықеттік құндаққа өтеді.

7 Иықтың артқы аймагы: шекаралары, қабаттары, тамырлар және нервтері жайлы жазып кетіңіз


Шекарасы. Жоғарғы және төменгі шеттері иықтың алдыңғы аймағымен бірдей. Қабаттары. Терісі қалың. Тері асты шел қабатында аймақтың терілік нервтері өтеді (п . radialis-тен). Беткей шандыр жұқа. Меншікті шандыр артқы бұлшықеттік ңүндақ құрайды. Бүл құндақта m. triceps орналасқан. Ұзын басы tuberositas infraglenoidalis scapulae-дап, ішкі және сыртңы бастары —иық сүйегінен басталып, оіесгапоп-та бекиді. N . radialis-пен нервтеледі (С5 —С7). N. radialis бастапқыда а. axillaris-тің артында жатады, сонан соң a. profunda brachii-мен бірге бұлшықет аралық медиалды пердені тесіп өтіп, м.triceps-пен иық сүйегі арасындағы canalis humero-muscularis-Ke түсіп, иық сүйегін артынан айналады. Осы өзек аймағында иық сүйегі сынғанда, иықтың тереңдегі артериясы және шыбық нерві заңымданады Сүйекті айналған соң, нерв иықтың алдыңғы -латералды бетіне шығады , осы жерде septum interm usculare laterale-ні тесіп өтіп, м.brachialis пен м.brachioradialis-тщ арасында орналасады. Қоректенуі: a. profunda brachii (иық артериясы ны ң тармағы) арқылы болады. Шыбық нервінің зақымданған деңгейіне байланысты «салбыраған қол басы, (ит балың ңолы)» симптомы да әр түрлі болады. — иықтың жоғарғы 1/3 деңгейінде жарақаттанса «салбыраған қол басы» симптомы мен бірге шынтақ буыны жазылмайды , иықтың, білектің және алақанның сыртында тері сезімі болмайды; — иықтың ортаңғы 1/3 деңгейінде жарақаттанса «қол басының салбырап тұруы» бар, ал шынтақ буынында жазу қызметі сақталған; — иықтың төменгі 1/3 сынғанда «қол басы салбырап тұрады», шынтаң буынындағы қозғалыс және білектің супинациясы сақталған.
8 Шынтақ шүңқыры (буынның алдыңғы аймағы): шекаралары, қабаттарын сипаттаңыз
Шекарасы . Иық сүйегінің сыртқы және ішкі айдаршықтарын қосатын сызықтан екі елі жоғары және екі елі төмен өтеді. Қабаттары . Терісі қозғалғыш , жұқа. Өйткені беткей фасция, тері асты веналарын қаптап, тері асты майлы шелін 2 қабатқа бөледі — беткей ж әне тереңдегі. Меншікті фасция үстінде аймақтың беткей веналары — v. серһаlica, v.basilica ж әне v. mediana cubiti орналасқан. Осы веналарды пункция жасауға және катетер енгізуге қолданады . Олар М -тәрізді (12% жағдайда) немесе N тәрізді ұштасуы (42% ) мүмкін, кейде И -тәрізді (33% ) ұштасулары да кездеседі. Клиникалық анатомия V. cephalica-ның да қасында нерв жоқ, себебі п. cutaneus antebrachii lateralis, алысырақта екі басты бұлшықеттің сіңірі мен меншікті фасцияның астында жатады . V. basilica қасында әр уақытта п. cutaneus antebrachii medialis жатады. Венаны тескен кезде, дәрінің вена маңындағы ұлпаға сіңуі ауырсыну белгісін шақырады. V. mediana cubiti қасында тері нервтер жоқ болғандықтан, оған пункция жасау ы ңғайлы . Меншікті шандыр, шынтақ шұңқырында 3 топ — сыртқы , ортадағы және ішкі бұлшыңеттерді жабады. — Сыртқы топ бұлшықеттері: м.brachioradialis және м.supinatorius. — Ортаңғы топ бұлшықеттері: екі басты бұлшықет пен оның сіңірі, иық бұлшықетінің сіңірі. — Медиалды топқа: м.pronator teres, м.flexor carpi radialis, m. palm aris longus, m. flexor carpi ulnaris, m. flexor digitorum superficialis. Медиалды топпен ортанғы топ бұлшықеттері арасында — sulcus cubitalis anterior medialis, ал ортаңғы мен латералды топ арасында sulcus cubitalis anterior lateralis көрінеді. Медиалды жүлгеде — иық артериясы екі венасымен және ортаңғы нерв бар. Ортаңғы нерв, артериядан 1 — 1,5 см іш кері жатыр. Нервтің қашық жатуы , осы арадан өткізгіштік жансыздандыру жасауды артерияны зақымдамай жүргізуге мүмкіндік береді. Иық артериясы, шынтақ шұңқырының төменгі шекарасында шыбық және шынтақ артерияларына бөлінеді. Бифуркациядан төмен жерде —a. reccurens radialis көрінеді. Ол кері қарай бағытталған. Шыбық артериясы жұмыр пронатормен иық — шыбық бұлшықеттер арасына кіреді. Шынтақ артериясы саусақтардың беткей және терең бүккіш тері арасына қарай жүреді. Шынтақ шұңқырынан, ортаңғы нерв жұмыр пронатордың екі басының арасынан шығады. Латералды бұлшықеттер тобы мен екі басты бұлшықет арасында шынтақтың алдыңғы латералды жү гесі—(sulcus cubitalis a n ­ terior lateralis) бар. Екі басты бұлшықеттің латералды қырынан білек терісінің латералды нерві — п. cutaneus antebrachii lateralis шығады. Ол бұлшықеттері нервінің жалғасы . Созылған қолмен құлаған кезде тері-бұлшықет нерві екі басты бұлшықет сіңіріне жаншылып зақымдануы мүмкін. Шыбық нерві ( п. radialis) және a. collateralis radialis м.brachialis пен m. brachioradialis-тің арасынан шығады. Нервтің бұлшықеттер арасында орналасуы, иық сүйегі айдаршық үстінен сынған кезде оны зақымданудан сақтап қалады . Шыбық нерві беткей және терең тармақтарға бөлінуі, буын саңылауынан жоғарыда болады. Беткей тармақ, шыбықтың жүлгеге иық-шыбық пен иық бұлшықеттері арасымен өтеді. Терең тармағы артқа қарай м.supinatoi— дың сіңірлі сақинасын тесіп өтеді. Осы деңгейде, шыбың нервісінің терең тармағының «тунелдік невропатиясы» дамуы мүм. Қол басын және білекті бүрап жүмыс істейтін адамда м.supinator гипертрофиясы дамып, шыбық нервінің тереңдегі тармағын қысып «қол басы салбыраған» белгі болуы мүмкін
9 Шынтақ буынының артқы аймағы: шекарасы, рельефтік нысаналар, қабаттары, шынтақтың артериялық торы мен шынтақ венаішілік инъекция жасау әдістемесіне сипаттама берініз
Шекарасы Иық сүйегінің сыртқы және ішкі айдаршықтарын қосатын сызықтан екі елі жоғары және екі елі томен өтеді. Қабаттары . Терісі қозғалғыш , жұқа. Рельеф тік нысаналар: шынтақ өсіндісі (olecranon), иық сүйегінің латералды жэне медиалды айдаршықтары , шыбық сүйегінің басы. Шынтақ өсіндісінің қапталдарында медиалды жэне латералды жүлгелер ( sulci cubitales posteriores m edialis et lateralis) бар. Медиалды жүлгеде шынтаң нерві мен шынтаңтың коллатералды артериясы орналасқан. Қабаттары: буын түсында тері астындағы қалта (bursa subcutапеа оіесгапіі) бар. Бүл қалта буын қуысымен байланыспайды. Беткей шандыры ж үңа. М еншікті шандыр қалыңы, ол сүйек қабығына бекіледі. Шынтақ нерві синтопиясы, әр деңгейде әр түрлі: — иық сүйегінің айдаршығы нан жоғары жерде, үш басты бүлшықеттің медиалды бетімен жүреді; — айдаршық маңында, шынтаң буынына жабысып жатады ; — айдаршықтан томен жерде, буынды айналып өтіп, т. flexor carpi ulnaris-тің шынтақтық ж әне иықтың бастары арасына енеді. Нервтің тек қана тері және шандырмен жабылып беткейлі жатуы, жиі зақымданудың (қы сылуы , буын шығуы , соғып алу) себебі болады. Операция кезінде, шынтақ нерві жүретін аймақты жэне буын қабын абайлап кесу қажет. Клиникалық анатомия 39 Шынтақ нерві жарақаттанса қол басының «құс тырнақ тәрізді» симптомы: — II —V саусақтардың, III, IV, V саусақтардың дисталды бунақтары бүгілмейді жэне V саусақты әкелу қызметі болмайды; — сүйекаралық, қүрттәрізді бүлш ыңеттердің жэне V саусақтың (hypothenar) бұлшықеттерінің семуі (атрофиялануы) байқалады; — V саусақтың алақан беті және IV саусақтың шынтақ беткейінде сезім жоғалады. Латералды жүлге (кең және жалпақ) — шынтақ өсіндісі мен латералды айдаршық арасында орналасқан. Бұл жерде ірі қантамырнервтер жоқ. Сондықтан осы аймақ арқылы буын қабын теседі немесе буынды кесіп ашады (артротомия). Шынтақтың артериялың торы: алдыңғы және артқы аймақтың болып бөлінеді. Алдыңғы артериялың тор иық сүйегінің ішкі ж әне сыртқы айдаршықтарында үш тасатын тармақтардан тұрады. Медиалды айдаршық тұсында, шынтақтың төменгі жанама артериясы (a.collateralis ulnaris inferior), шынтақтың қайтарма артериясының (a. reccurens ulnaris) алдыңғы тармағы мен, ал сыртқы айдаршықта — шыбықтың жанама артериясы (a.collateralis radialis ) мен шыбықтың қайтарма артериясы ( a. reccurens radialis) ұштасады. A. collateralis ulnaris inferior, иық артериясынан шығады . Ram usanterior a. ulnaris reccurens, шынтақ артериясының қайтарма тармағынан тарайды. Екі артерия медиалды айдаршықта үш тасады. A.collateralis radialis, шыбық нервімен бірге жүріп, сыртқы айдаршық маңында алдыңғы құндыққа шығады. A. reccurens radialis т. supinator үстімен жоғары көтеріліп, шыбық нервінің беткей және тереңдегі тармақтары арасымен өтеді. Екі артерия иық-шыбық буыны үстінде үш тасады. Артқы артериялық тор ( rete olecranii): латералды жағынан — а. collateralis media мен a. interossea reccurens, медиалды жағы нан — a. collateralis ulnaris superior ram us posterior мен a. reccurens ulnarisтің үш тасуларынан құры лған. Ортадағы жанама артериясы ( a. collateralis m edia), иықтың тереңдегі артериясынан бұлш ықет — сүйек озегінде (canalis humeromuscularis) басталады. Сүйектер аралық артерия ( a. interossea reccurens, a. interossesa posterior) тармағы, ол жоғары көтеріліп a. interossea media — мен үштасады. Қолдың клиникалық анатомиясы Шынтақтар жоғарғы жанама артериясы ( a. collateralis ulnaris superior), иық артериясынан, иықтың жогарғы 1 /3 бөлігінде басталып, төмен қарай шынтақ нерві бойымен жүріп, ішкі айдаршықтың артында rete olecranii-ға қосылады. Ram us posterior, a. reccurens ulnaris (шынтақ артериясының тармағы) шынтақ нерві бойымен жоғары котеріліп, екі артерияны қосады. Иык, артериясынан тарайтын шыбық және шынтақ артерияларын байлағанда осы шынтақ аймағындағы артериялық тор қандандырудың айналма жолы болады.

10 Шынтақ буыны: құрылысы, буын қабы, синовиальды қалталары, қанмен жабдықтау мен байламдық аппаратына ақпарат берініз


Шынтақ буыны хирургиялық жағынан біртұтас болғанымен жалпы қабы бар, үш буыннан құралған иық-шынтақ буыны: ( articulatio hum eroulnaris), иық-шыбық буыны ( articulatio humeroradialis) және шыбық — шынтақ проксималды буыны (articulatio radioulnarisproxim alis,).Бұл буында үш: иық, шыбық және шынтақ сүйектері түйіседі Иық сүйегінің төменгі бөлігінің ішкі бетінде шиырш ық ( trochlea) бар, бүған шынтақ сүйегінің жарты ай тәрізді сынамасы тура келеді. Ал иық сүйегінің төменгі бөлігінің сыртқы бетінде айдаршық басы ( capitulum humeri) болады, бүл шыбық сүйегінің басындағы шұңқырға ( fovea capituli) сәйкес келеді. Буын қуысы шынтақ бүкпесінен бір елі томен өтеді. Epicondylus lateralis-тен 1сm , epicondylus medialis-тен 2 cm жоғары жатыр. Екі айдаршық буын қуысынан тысқары орналасқан. Буын қабын үш байлам бекітеді: 1) шыбық сүйегінің басын және мойнын айналдыра орайтын (lig. annulare) байлам; 2) epicondylus medialis-тен шынтақ сүйегіне бекитін қапталдағы байламдар (lig. collaterale ulnare); 3) epicondylus lateralis-тен шыбық сүйегіне бекитін байлам (lig. collaterale radiale). Буындағы қозғалыс: — білектің бүгіліп-жазылуы нан; — пронация мен супинациядан түрады. Шыбық-шынтақ буыны маңында, буын қабыңалталаны п, шығыңқы ( resessus sacciform is) тұрады. Осы ара буынның әлсіз жері деп аталады.Қанмен жабдықталуы — rete cubiti-ден. Нервтенуі — п.medianus, п. ulnaris- тармақтары арқылы жүреді.

11 Жіліншік-тізе асты өзегі (canalis cruro-popliteus): оның шектелетін қабыр-ғалары, ішінде өтетін құрылымдарына ақпарат беріңіз.


Жоғарыдан — tuberositas tibiae арқылы жүргізілген көлденең сызық. Төменнен —екі жіліншік өсінділері негізінен жүргізілген көлденең сызық. Медиалды жағынан — ossis tibiae қыры . Латералды жағынан — кіші жіліншік еттері мен m. soleus-ті бөліп түратын сай. Жіліншіктің медиалды тері асты қабатында v. saphena magna және п. saphenus орналасқан. Сирақтың сыртқы жағының тері асты қабатында v. saphena parva және п. cutaneus surae lateralis жа- Аяқтың клиникалық анатомиясытады. Беткей шандыры нашар дамыған, v. saphena magna және п. saphenus-ne қынап түзейді. Меншікті шандыр (fascia cruris) қалың, астындағы бұлшықеттер көрінбейді. Фасцияда 2 ұзын бойлы тараған, ақшыл-сары жолақтар бар. Бір жолақ v. tibialis anterior мен т. extensor digitorum longus-ты арасын көрсетеді. Осы ж олақ a. tibialis anterioi— ды табуға көмектесетін нысана. Екінші жолақ, алдыңғыдан 1 — 1,5 см сыртта, үзын саусақтардың ұзы н жазғыш бүлшықеті (т . extensor digitorum longus) мен т. peroneus longusтың арасын көрсетеді. Жіліншіктің меншікті шандырынан тереңге қарай екі перде кетеді: біреуі кіші жіліншіктің алдыңғы бетіне (septum interm usculare anterior), екіншісі septum interm usculare posterior кіш і жіліншіктің артқы бетіне бекиді. Бүл жерде олар алдыңғы және қапталдық сүйек —бұлшықеттік қүндаңтар түзеді (3.18, 3.19 суреттер). Жіліншіктің артқы аймағының шекарасы: — жоғарыда — үлкен жілінш іктің бұдырмағы арқылы айналып өтетін сызық; — төменде —жіліншіктер өсіндісі деңгейінде айналып өтетін сызық; — медиалды — үлкен жіліншіктің медиалды шеті; — латералды — камбала тәрізді және кіші жіліншік бұлшықеттер арасындағы жүлге.


12 Сан өзегі: оның шектелетін қабырғалары, ішінде өтетін құрылымдарды сипаттаңыз.
Lacuna vasorum -ның медиалды бөлігі сан сақинасы болып аталады. Бүл жерде лимфа түйіндері орналасады. Сан сақинасының шекаралары: жоғары да (алдында) — шап байламы, астында (артында) — қасаға сүйектің тысы, осы жерде қалыңдаған, ол lig. ресtineum деп аталады; латералды — сан венасының қынабы , медиалды—лакунарлы байлам. Іш қуысы жағынан сақина — құрсақ іші шандырмен жабылған. Фасция осы арада, сан венасының қынабына бекіледі. Сонымен, қан-тамыр қуысының медиалды жағы (сан сақинасы) сан жарығы шығатын әлсіз жер. Қалыпты жағдайда сан өзегі жоқ. Сан өзегі, жарық қапшығы сан сақинасы арқылы hiatus saphenusпен тері астына шыққанда пайда болады. Сан өзегінде екі тесік ж әне үш қабырға бар. Сан сақинасы өзектің ішкі тесігі, ал hiatus saphenus сан өзегінің сыртқы тесігі болады. Ол торлы жапырақша мен жабылған (lamina cribrosa) болады. Сан өзегінің қабырғалары: 1) алдынан — жалпақ фасцияның беткей жапырағы ; 2) артынан — жалпақ фасцияның тереңдегі жапырағы ; 3) сыртынан — сан венасының қынабы. Медиалды жағынан жалпақ фасцияның екі жапырақшасы сүйір бұрышпен қосылғандықтан, сан озегінің ішкі қабырғасы болмайды. Аяқтың клиникалық анатомиясы Сан жарығының пайда болуына себеп, сан сақинасына ішперде алдындағы липома кіріп, озімен бірге париеталды іш пердені тартуы. Кей-кезде ішперде орнына тесікке ңуыстың майлы ұлпасы немесе ңабырғасы кіреді. Бұл кезде «жылжымалы » жарық пайда болады. Жарық қапшығы сан венасының қысу салдарынан аяқтың ісінуі жарықтың бір белгісі ретінде қарауға болады. Операция кезінде ескеру керегі, сан озегінің қантамырлары мен қоршалуы: латералды сан венасы, алдынан — a. epigastrica inferior, медиалды бетінде — a. obturatoria жатуы мүмкін (28,5% ж ағдайда ол артерия a. epigastrica inferior-дан басталады) бұл ж е р — «олім тәжі» (corona m ortis) деп аталады. Себебі, қысылған жарықтар кезінде, лакунарлы байламды гернотоммен кесіп, сақинаны кеңейткенде, тамыр зақымдалып, өлімге әкелетін ішкі қанағыс пайда болады. Сан озегі колденең кесіндіде үш бұрыш тәрізді. Сан озегінің алдыңғы қабырғасы жоғары да шап байламымен, томенде жалпақ фасцияның орақ тәрізді жиегінің жоғарғы мүйізімен (cornu superior margo falciform is) шектелген. Сан озегінің латералды қабырғасы сан венасының қынабынан құрылған. Сан озегінің артқы қабырғасы — жалпақ фасцияның тереңдегі жапырағы . Оның астында тарақ тәрізді бұлшықет жатыр (т. pectinae). Сан озегі ұзындығы 0,5 — 1 см, яғни шап байламы және ол жерге бекілген жоғарғы мүйізге сәйкес келеді. Озектің сыртқы тесігі — hiatus saphenus. Осы арада v. saphena magna сан венасына құяды . Hiatus saphenus-тің орақ тәрізді жиектері (жалпақ фасцияның қалыңдаған жерлері) мүйіз тәрізді иілген: — томенгі мүйізі (cornu inferius) тарақты бұлшықет шандырымен (жалпақ шандырдың терең жапырақшасы ) бірігеді. Үстінен v.saphena magna отіп v. fem oralis-ке құяды; — санның жалпақ фасциясының орақ тәрізді жиегі (margo falciform is)— фасцияның қалың жері; — жоғарғы мүйізі (cornu superius), ол шап байламының медиалды жағынан бекиді. H iatus saphenus-тың колемі мен пішіні әр түрлі. Тері астылық саңылауының ұзындығы 3 — 4 см, ені 2 — 2,5 см тең.

13 Сан үшбүрышы: бұлшықеттері мен сан нерві, сан артериясы мен венасын өзара қатынастығына толық информацияны жазып беріңіз


Шап байламы астынан шыққан сан артериясы , венасы жэне нерві сан үш бұрышында жатады Сан үш бұрышының ш екаралары жоғары да—шап байламымен; латералды жағынан — тігінші бұлш ықеттің (т. sartorius) ішкі қырымен; медиалды жағынан —үзын әкелуш і бүлшықеттің (т . adductor longus) сыртқы қырымен шектелген. Үшбүрыштың биіктігі (lig. inguinale-ден т. sartorius пен т. adductor longus-тың қиылысқан жеріне дейін) 15 см-дей болады. Сан үш бүрышында, жалпақ шандырдың беткей жапырақшасының астында сан артериясы мен сан венасы өтеді. — үш бүрыш тың негізінде, сан венасы сан артериясы нан медиалды жатады . Артериядан 1 см сыртқа, жалпақ шандырдың терең жапырақша астында сан нерві өтеді. — үшбүрыш төбесіне қарай вена тереңге ығысып сан артериясының артына шығады. Сан нерві шап байламынан 3 — 4 см төменде көптеген бүшықеттік және терілік тармақтарға бөлінеді. Сан нервінің ең ірі бүтағы п. saphenus сан артериясымен бірге жүреді. Сан үшбүрышының ортасында п. saphenus сан артериясы нан латералды, ал сан үшбүрышының төменгі бөлігінде нерв артерияның алдынан өтеді. Сан нерві зақымданса, тізе буыны жазылмайды , санның бүгілуі нашарлайды, төртбасты бүлшықет семіп, тізе рефлексі жоғалады . Санның алдыңғы бетінде және сирақтың алдыңғы — медиалды бетінде сезім жоғалады. Сан артериясы сыртқы мықын артериясының жалғасы . Тамырлар қуысынан шы ққан соң, қасаға сүйектің жоғарғы бұтағында, мықын-қасаға төмпешігінен медиалды жатады. Осы арада, оны саусақпен сүйекке басып, уақытша қан тоқтатуға болады. Сан үш бүрышы деңгейінде, сан артериясының артынан, санның тереңдегі артериясы (диаметрі 0,5 — 0,7 см) шығады. Санның тереңдегі артериясы a. fem oralis-тен, шап байламы ­ нан 5 —6 см томен орналасады. Бірақ, оның ш ап байламы, кейде — үшбүрыш тобесі деңгейінде басталуы кездеседі. Сан артериясы нан, тереңдегі артерия шыққан жерден томен, санды латералды жэне медиалды айналып отетін артериялар шығады (a. circum flexa fem oris lateralis et medialis). Мықын-бел және тарақты бүлш ықеттер сан үш бүрышының түбін қүрайды . Бүлшықеттер арасында — sulcus iliopectineus болады. Бүл жүлге томен қарай sulcus femoris anteriorға жалғасады. Осы жүлгеде санның артериясы мен венасы және п. saphenus жатады . Төмен қарай осы қантамыр-нервтер әкелушілер өзегіне (Гунтер) өтеді.

Бүлшықеттер қуысы (лакунасы): шеқтелетін құрылымдары мен ішілігін түралы жызыңыз


Санның жоғарғы шекарасында, алдынан — шап байламы, артқы сыртынан — қасаға және мьқын сүйектерімен шектелген кеңістік бар. Осы жерді мықын — қасаға доғасы (arcus-iliopectineum), екіге — бүлшықет-нерв және қантамыр қуысына бөледі. Мықын — қасаға доғасы (arcus iliopectineum) шап жалғамасы - ның астындағы қуысты екіге бөледі: сыртқы — бұлшықет-нервтік қуыс (lacuna nervo-musculorum)', ішкі — қантамырлық қуыс (lacuna vasorum) Lacuna nervo-musculorum, алдынан шап жалғамасы мен, арты мен сырт жағынан — мықын сүйегімен, іш жағы нан — arcus іііоресtineus-nen қоршалған. Ол арқылы санға (/. latae-нің терең жапырақшаларының артында) т. Iliopsoas, п. femoralis ж әне п. cutaneus femoris lateralis шығады. Lacuna vasorum сыртынан lig. iliopectineum, ішкі жағынан Жимбернаттың қуыстық байламы (lig. lacunare Gim bernatii), алдынан —шап жалғамасы , артынан — Купер жалғамасы мен (pubicum Cooperi-мен) шектеледі. Купер жалғамасы сүйек тысымен тығыз байланысқан дәнекер тінді, ол pecfen ossis pubis бойымен lig. lacunare-ден arcus iliopectineum-ve дейін созылған. Тамырлар қуысы арқылы санға (/. latae-нің беткей ж апы раңш асы артында) a. femoralis ш ығады, ал v. fem oralis пен лимфа тамырлары жамбас қуысына кіреді. Сан тамырлары, меншікті дәнекер тінді қынаппен қапталған (vagina vasorum fem oralium). Lacuna vasorum –нық сырт жағында артерия орналасқан, ал вена артериядан ішкері орналасады. Артерияның проекциясы шап жалғамасының ортасына сәйкес келеді. Үлкен тері асты венасының, сан венасына құятын жерін-сан тері асты венасының тесігі (hiatus saphenus) деп атайды. Сан жарығы пайда болғанда, ол сан өзегінің сыртқы(тері астылық) сақинасы деп аталады. Тамырлар мен нерв топографиясы . А. femoralis-тың сан үшбұрышындағы проекциясы, шап жалғамасының ортасынан үшбүрыш тобесіне дейін жүргізілген сызықпен анықталады . Бүл бөлімде a. fem oralis-тен беткейлік және терең артерия тармақтары шығады. Шап жалғамасы нан 3 —5 см томен жерде a. profunda femoris a. fem oralis-тің сыртқы жағынан бөлінеді де, 2 тармақ a. circumflexa femoris lateralis ж әне a. circum flexa femoris medialis береді. Сан венасы (v. fem oralis) — қабырғасы жұқа сан үшбүрышының жоғарғы бөлімінде артериядан іш кері орналасады. Үшбүрыш төбе- Клиникалық анатомия 125 сіне жақын жерде, вена сан артериясының артына бағыттала бастайды. Негізгі вена біреу, сирек жағдайда екеу болады. Сан үш бүрышында v. femoralis беткей веналарды және v. sapheпа-ны қосып алады. Бүл веналар lam ina cribrosa арңылы for. ovaleге өтеді. Сан венасының қақпашалары оған v. saphena-ның қүйылар жерінен сәл жоғарылау орналасқан, ал и. saphena-да қүйылар жерінде орналасқан. Шел қабатында, венамен бірге тереңдегі лимфа тамырлары жатады , олар лимфаны аяқтың терең қабаттарынан жинайды. Сонымен бірге сан венасының ішкі жағында, тереңдегі лимфа түйіндері (lym phonodi subinguinales profundus) орналасқан. Соның ішіндегі ең көлемі үлкені —Розенмю ллер-Пироговтың лимфа түйіні деп аталады. Сан үш бүрышының тереңінде орналасқан түйіндерден лимфаның ағысы жамбастағы түйіндерге дейін барады

Әкелуші бүлшықеттер өзегі (canalis adductorius): оның түзететін құрылымдар, өтетін жүйке тамырлы бүдасы мен қантамырларының коллатералды (айналып өтетін) жолын көрсетіңіз.


Әкелуші бұлшықеттер өзегінің проекциясы т. vastus m edialis пен т. adductor longus арасындағы сайдың жалғасы на сәйкес келеді. Өзектің жоғарғы (кіретін) тесігі tuberculum adductorium -нан 12 —15 см жоғары жерде орналасады. Үзындығы 5 — 6 см. Санның орта бөлімінде ұзын әкелуші бүлшықет (т . adductor longus) пен медиалды жалпақ бүлшықеттің (т. vastus medialis) арасында санның алдыңғы жүлгесі (sulcus femoris anterior) орналасады, ол fos. iliopectinea-тың жалғасы болып табылады Жүлге алдынан тігінші бүлшыкет (т .sartorius) қынабының артқы қабырғасымен ж абылған. Нәтижесінде әкелуші бүлшықеттер өзегі (Гунтер озегі) түзіліп, одан сан тамырлары өтеді. Бүл өзек төменгі жағында тақым шұңқырына жалғасады . Үлкен әкелуші бұлшықеттен (т. adductor m agnus) т. vastus medialis-Ke дейін көптеген қиғаш және көлденең орналасқан сіңір талшықтары нан тұратын, тығыз апоневроздың жапырақша тартылған. Бүл жапырақша (lamina vastoadductoria) — &TeuriF&H бүлшықеттермен бірге үш қабырғалы , фиброз —бұлшықетті, әкелуші өзегін түзейді. Оның қабырғалары: алды нан — lam ina vastoadductoria, артқы сыртынан — т. vastus medialis, артқы іш жағынан — т. adductor m agnus. Ө зектіц алды цғы қабырғасы үстінен қы напта орналасңан етікш і бүлш ыңеті отеді. Сан-тізе асты өзегінде 3 тесік болады: 1) жоғарғы — одан өзекке артерия мен нерв өтіп, вена ш ығады; 2) төменгі (hiatus adductorius) — ол арңы лы сан артериясы шығып, тақым артериясы на, ал тақым венасы сан венасына жалғасады; 3) алдыңғы — бүдан п. saphenus ж эне тізе буынының ең жоғарғы артериясы (a. articulationis genu suprema) ш ығады. А лдыцғы тесік т. adductor m agnus сіцірін аздап тартқанда анық көрінеді. Жоғарғы тесік т. vastus m edialis, т. adductor longus және lamina vastoadductoria-ның жоғарғы қырымен шектеледі; алдыңғы тесік lamina vastoadductoria-дағы саңылау болып табылады ; төменгі тесік т. adductor m agnus-тың (сіңірлерінің санның бүдырларының ішкі ернеуіне, және epicondylus m edialis-Ke бекитін сіңір шоғырларының арасындағы кеңістік болып табылады . Бүл озекте а. ж әне v. femoralis, п. saphenus орналасады . Артерияның алдында нерв, ал артында вена жатады . Әкелушілер өзегі іріңдіктің санның алдынан артына, тақым шұңқырына немесе кері арықарай өту жолы болуы мүмкін. Hiatus adductorius-тың сіңірлі сақинасы, кей кезде сан артерясы нан жүруін қиындатады . Сан сүйегі диафизі сынғанда (hiatus adductorius деңгейінде) сүйек сан саңылауының сан артериясын жарақаттауы мүмкін.

Сыртқы ұйқы артериясына сипаттама беріңіз


Ұйқы үшбүрышы ішінде сыртқы ұйқы артериясынан — жоғары қалқанша артерия, тіл артериясы және бет артериясы басталады. A. carotis extern a -ньң a. carotis interna-дан ерекшелігі, ол тармақ береді. Кейде a. carotis in tern a -дам a. laryngea superior, a. occipitalis, тіл артериясы (a. lingualis), жұтқыншқ артериясы (a. pharyngea) тарауы мүмкін. A. carotis extern a -тың тармақтану реті: 1. a. thyroidea superioi— жалпы ұйқы артериясының бөлінетін жерінен сәл жоғары жерде; 2. Тіласты сүйегінің жоғары деңгейінде — a. lingualis. Ол алға, жоғары , медиалды жүріп, тіласты сүйегінің үлкен мүйізше есімен т. digastricus аралығы арқылы тіл үсті аймағына (regio suprahyoidea) енеді. Trigonum caroticum -да сыртқы ұйқы артериясынан a. facialis тарайды . A. carotis extern a –ның артқы бүйірінен — a. carotis interna-ның қалталы мен жабылған және артқа, жоғары бағытталған шүйде артериясы (a. occipitalis) түзіледі. A. carotis externa-ның ішкі бүйірінен жүтқыншақ өрлейтін артериясы (a. pharyngea ascendens) тарайды . A. carotis extern a –ның бүлай тармақану реті барлық уақытта бірдей болмайды. 1,6% a. m axillaris externa, a. lingualis, a. thyroidea — жалпы бір бағанадан тарайды. Кейде 8,5% тек қалқанша-тіл бағаны (truncus thyrolingualis) түзіледі. Сондай-аң a. facialis пен a. lingualis — 0,6% бірігіп таралуы мүмкін. Клиникалық анатомия 311 Ж алпы ұйқы артериясының бифуркация деңгейінде каротидтік рефлексогенді аймақ орналасқан. Ол жалпы және ми қан айналымын реттейді. Рефлексогенді аймақ — ұйқы шумағы (glom us caroticum ) және ішкі үйқы артериясының басталған жеріндегі ұйқы қойнауы, (sinus caroticum) және оларға қосылатын тіл-жүтқыншақ нерві, кезбе нерв және симпатикалық нервтерден түрады. Синокаротидті аймақта хемо және барорецепторлар бар, олар қозғанда артериялың қысым түседі. Кейде атеросклероз дамуына байланысты рефлексогенді аймақтың қалыптан тыс қозуы кездеседі. Рецепторлардың тітіркенуіне байланысты артериялық қысымның төмендеуі мидың гипоксиясына, кейіннен есінен тануға әкеледі.
Ішкі ұйқы артериясына сипаттама беріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы