2.3.11. Он екі елі ішектің клиникалық анатомиясына сипаттама беріңіз
12-елі ішектің жоғарғы бөлігіне (буылтығына) үстінен-бауырдың шаршы бөлігі; алдыңғы жағынан өт қабы астынан ұйқы без басы; артынан-қақпа венасы, асқазан-12-елі ішек артериясы және өт өзегі.12-елі ішектің төменде, иін қырында ұйқы безі жатады. 12 елі ішектің төмендейтін бөлігі (pars descendens duodeni) оң бүйректiң iшкi кырынан төмен қарай түсiп, IV бел омыртқаға дейін жетеді. Төмендейтін бөліктің артқы бетінде төменгі қуыс венасы (v. cava inferior) және өт өзегі (ductus choledochus) етеді. Өт өзегi ұйқы безі өзегімен қосылғаннан кейін, iшектiн төмендейтін бөлігінің ортасында немесе төменгі және ортаңғы бөлігінде үлкен бүртік аймағы тұсында ашылады. Pars descendens duodeniдiн iшкi кыры ұйқы безiнiн басына сәйкес келедi. Pars horizontalis inferior duodeni v. cava inferior-дын және аортанын алдынан етеді.12 iшектің төменгi горизонталды және өрлейтiн бөлiктерiне: алдынан-көлденен ток ішектің шажырқайынын түбiрi; артынан төменгi куыс вена, аортанын курсак бөлiмi, сол жак буйрек венасы, үстінен-ұйқы безiнiң басы мен денесi тиiп жатады. 12-елi iшектiн көршілес ағзаларға катынасы, ішектегі жара дивертикул тесілгенде, құрылымның таралу бағыттарын және катерлi iсiктердiн жайылуы мен iшперде артында флегмоналар даму жолдарын көрсетеді. 12-елi-аш iшек иiлiмi (flexura duodenojejunalis) II бел омыртканың сол жақ қаптал бетінде жатады. 12-елі ішектiн от кабына, от өзегiне және ұйқы безіне жакын орналасуы, кабынудын 12-елі ішектен осы мүшелерге немесе керi өтуіне жағдай жасайды. Мыса лы, 12-елi iшек жарасы ұйкы безiне етуi, 12-елі ішектен ет кабына етуі, ондагы тас кейде 12-елi iшектi тесуi және т. б. болуы мүмкін.12-елі ішектің жоғарғы шажыркай артериясына катынасын ес керген дурыс, жоғарғы шажырқай артериясының негiзгi бағаны нын 12-елі ішектің қозғалмайтын төменгі (горизонталды) бөлігінің алдында орналасады. Осы катынас 12-елi iшектiктiң жоғарғы ме зентериалды артериямен кысылуына себеп болады. Оны 12-елi ішектің артерио-мезентериалды қысылуы деп атайды. Жоғарғы шажырқай артериясының магистралды түрде таралғанында, 12-елi iшек куысы толык кысылып қалуы мүмкін. Жоғарғы шажырқай артериясының шашыранды түрде таралғанда 12 елi iшек кабырғасынын кысылуы сирек кездеседi
Достарыңызбен бөлісу: |