2.3.6. Асқазанның клиникалық анатомиясына сипаттама беріңіз.
Асқазанда екі қабырға бар: алдыңғы және артқы. Олар бір-біріне өткенде екі шеткі жиегі (иіні) құрылады: — кіші иіні (жоғарғы шеті); — үлкен иіні (төменгі шеті). Асқазанның келесі бөліктерін ажыратады : — кардиалды (кардиа) —кірер жеріне көршілес; — асқазан түбі-ең жоғарғы бөлігі, кардианың сол жағы мен жоғарысында; — асқазан денесі-оның ортаңғы бөлігі, ең үлкен жері; — қақпалық (пилорикалың бөлігі) — қарыннан шығатын жерге жақын бөлігі. Асқазанның скелетотопиясы. Асқазанның үлкен бөлігі сол жақ қабырға астында, ал қалған кіі бөлігі құрсақүсті аймақта орналасқан. Асқазанның орналасуы түрліше, ол оның толуына, адамның жасына, кеуде қаңқасының пішініне байланысты. Асқазан шартты түрде үшке бөлінеді: бастапқы бөлім— pars cardiaca, өңешке жаңын жерде, асқазан денесі — corpus ventriculae — ортаңғы бөлімі және қалтқыға жақын жері pars pylorica. Асқазанның pars cardiacа-дан сол жағы — күмбез (немесе түбі) деп аталады. Асқазан қырлары : жоғарғысы — кіші иін {curvatura minor) және төменгісі — үлкен иіні (curvatura major) деп аталады. Асқазанның бастапқы бөлігі сол жақ VII қабырғаның шеміршегінің артында, төс қырынан 2,5-см кейініректе орналасқан. Оның проекциясы артынан XI кеуде омыртқасына сәйкес келеді. Асқазанның күмбезі, сол жақтағы емізікше арқылы өтетін сызық бойынша, V қабырғаның төменгі қырында жатады . Асқазан бос кезде, оның қалтқысы ортаңғы сызық бойында немесе одан аздап оңға қарай (1,5 — 2 см), оң жақ VIII қабырғаның шеміршегі тұсында жатады . Асқазан толғанда, ол ортаңғы сызықтан 3,5 см оңға ығысады. Асқазан синтопиясы. А сқазанның алдыңғы қабырғасы іштің алдыңғы қабырғасының артқы беткейімен жанасады . Асқазанның алдыңғы бетінің оң жағы бауырмен, сол жағы диафрагманың қабырғалық бөлігімен жанасады . Жоғарыда кіші иініне бауырдыц сол бөлігі тиіп жатады , үлкен иіні — көлденең тоқ ішекпен шектеледі. Асңазанның артқы қабырғасы шарбы май қалтасы на қараған, оның артында ұйқы безі жатады . Асқазанның байламдары : Ішперде асқазанды алдынан және артынан жауып, үлкен және кіші иіндерінен көрші ағзаларға өтіп, ағзалардың бекітілуінде маңызы бар бірнеше байламдар түзейді. Асқазан синтопиясы. Асқазанның алдыңғы қабырғасы іштің алдыңғы қабырғасының артқы беткейімен жанасады . Асқазанның алдыңғы бетінің оң жағы бауырмен, сол жағы диафрагманың қабырғалық бөлігімен жанасады . Жоғарыда кіші иініне бауырдыц сол бөлігі тиіп жатады , үлкен иіні — көлденең тоқ ішекпен шектеледі. Асқазанның артқы қабырғасы шарбы май қалтасына қараған, оның артында ұйқы безі жатады . Асқазанның байламдары : Ішперде асқазанды алдынан және артынан жауып, үлкен және кіші иіндерінен көрші ағзаларға өтіп, ағзалардың бекітілуінде маңызы бар бірнеше байламдар түзейді. Жоғарғы (немесе сол жақ) асқазан — ұйқы без байламы — ұйқыбездің жоғарғы қырымен асқазанның артқы бетін қосады. Байламда сол жақ асқазан тамырлары жатады . Төменгі (немесе оң жақ) қалтқы — ұйқы без байламы, асқазанның пилорикалық бөлімі мен ұйқыбездің оң жақ арасында орналасқан. Диафрагма —өңештік қапталдың байламдары өңештің қабырғаларын диафрагманың аяқшаларымен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |