1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз



бет30/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
2.3.1. Беттің терең аймағы (самай, самай асты, қанат-таңдай шұңқырлары): олардың шектелетін құрылымдары және бастың басқа аймақтарымен байланысу жолдарына сипаттама беріңіз.
Беттің тереңдегі аймағында орналасқан құрылымдар: — майлы-шел; — қанат тәрізді бұлшықеттер; — қанат тәрізді веналық өрім; — жоғарғы жақ артериясы және оның тармақтары; —үштік нерв n. trigeminus-тың үшінші тармағы.Тереңдегі аймақта екі майлы шелді қуыс бар:— самай бұлшықетінің соңғы бөлігі мен латералды қанат-тәрізді бұлшықет арасында; — латералды және медиалды қанат тәрізді бұлшықеттер арасында. Самай-қанат және қанаттар аралық ұлпалардың таралу бағыты: — жоғарыда — бас қорабының негізіндегі тесіктерге; — төменде — ауыз қуысының түбіне; — медиалды — қанат тәрізді шұңқырға және көз аймағына. Төменгі жақ нерві — n. mandibularis, сопақша тесік арқылы бас қорабының негізінен шыққан соң — алдыңғы және артқы тармақтарына бөлінеді: Алдыңғы тармақтан таралатын нервтер: — шайнау нерві; — самайдың терең нерві; — латералды қанат тәрізді нерв; — ұрт нерві. Артқы тармақтан тарайтын нервтер: — медиалды қанат тәрізді бұлшықет нерві; — құлақ-самай нерві; — төменгі альвеолярлы нерв; — тіл нерві. Бұлардың ішіндегі ірілері: құлаң-самай және төменгі альвеолярлы нервтер. Құлақ-самай нерві, a. meningea media-ның қылқан тәрізді өсіндіге кірер жерінде тұзақша қоршайды. Ары қарай нерв, төменгі жақтың буындық өсіндісінің медиалды бетімен жүріп, шықшыт безінің жоғарғы бөлігіне кіреді, содан кейін самай аймағына көтеріледі. Нерв безге секреторлы тармағын беріп, ал төменгі жаққа, құлақ шеміршегіне, сыртқы құлаң тесігіне, самай терісіне — сезімтал тармақтарын береді. Төменгі ұяшықтық нерві ( n. alveolaris inferior) — төменгі жақ нервінің —ең ірі нерві. Төменгі жақтағы тесік арқылы ( foramen mandibulae) ол төменгі жақ өзегіне кіреді (canalis mandibularis). Өзек ішінде, нерв тармақтанып — өзара байланысып, төменгі тістер өрімін және тікелей тістер және қызыл иектік тармақтар беріп, альвеолярлы өсіндіні және қызыл иектің ауыз кіреберіс бетін нервтейді. Кіші түбірлі тістер тұсында, төменгі альвеолярлы нервтен — иек асты нерві (n.mentalis) тарайды . Нерв иек тесігінен шығып иектегі теріні, төменгі ерін кілегей қабатын, иек терісін нервтейді. Самай асты шұңқыры бас сүйегінің сыртқы негізінен төмен қарай төменгі жақтың бұрышына дейінгі аралықта орналасқан. Оны арт жағынан — шықшыт без қабы; алды нан-жоғары жақтың бұдырлы жері және оның бет өсіндісінің негізі шектейді. Самай асты шұңқырының ішкі бөлімі қанат-таңдай шұңқыры деп аталады және қанат тәрізді өсіндімен және жұтқыншақтың бүйір қабырғасымен шектеледі. Самай асты шұңқыры сыртқы жағынан т. masseter-дің сыртқы бетін жауып жатқан фасциалды жапырақпен шектелген. Ол бет доғасының жоғарғы жағында сай ойығынан өтеді. Самай асты шұңңқыры төмен қарай тарылып, үлкен таңдай өзегіне (canalis palatines majoris) өтеді. Шұңқыр майлы ұлпаға толы. Олардың арасынан жоғарғы жақ артериясының (a. m axillaris) соңғы тармақтары өтеді. Жоғарғы жақ артериясы осы деңгейде мынадай тармақтар береді: — a. canalis pterygoidei; — a. sphenopalatina; — a. palatina descendens. Дөңгелек тесік арқылы, қанат-таңдай шұңқырына жоғарғы жақ нерві (n. maxillaris) кіреді. Одан мынадай тармақтар бөлінеді: — п. zygomaticus; — п. pterygopalatinum ; — п. alveolaris superior; — п. infraorbitalis. Қанат-таңдай шұңқырының тереңінде ganglion pterygopalatinum орналасқан. Дөңгелек, сопақ және қылқан тесіктері арқылы, қантамыр және нервтер бойымен іріңдіктер мидың қатты қабықтарына жайылуы мүмкін. Қанат тәрізді өсінді және оның сыртқы пластинкасын п.maxillaris пен п.mandibularis-ке өткізгіштік жансыздандыру жүргізуге нысана ретінде қолдануға болады. — қанат тәрізді тесік пен қанат-таңдай шұңқырына енетін тесіктер сагиталды жазық бойында, қанат тәрізді өсіндінің сыртқы пластинкасымен бір бағытта орналасқан; — сопақ тесік, қанат тәрізді өсіндінің артында орналасқан; — қанат-таңдай шұңқыры, қанат тәрізді өсіндінің артында орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру