1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз


Ұрт аймағы: шекаралары, қабат құрылысы , шықшыт безінен сілекей шығаратын өзектің (Теннон өзегі) топографиясына сипаттама беріңіз



бет25/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
13 Ұрт аймағы: шекаралары, қабат құрылысы , шықшыт безінен сілекей шығаратын өзектің (Теннон өзегі) топографиясына сипаттама беріңіз
Ұрт аймағы (regio buccalis) жоғарыдан – көзұясының төменгі қырымен, төменнентөменгі жақсүйектің төменгі қырымен, алдынан – мұрын-еріндік және мұрын-ұрттық қатпарлармен, артқы жағынан шайнау бұлшықетінің (m.masseter) алдыңғы қырымен шектеледі.
Қабаттары. Терісі жұқа, тер және май бездеріне бай. Тері асты шелмай қабаты жақсы дамыған, оның құрамына фасциялық жұқа жапырақшамен қапталған, айтарлықтай көлемді майлы кесек (corpus adiposus buccae) кіреді. Ол ұрт және шайнау бұлшықеттерінің арасында жатады, одан өсінділертүрінде майлы тармақтар маңайына таралады. Май өсінділері самай, көз, таңдай айналасына жететін кездері болады. Май кесегінің қабыну процестері осы өсінділер арқылы көршілес аймақтарға таралуы мүмкін. Тіпті адам едәуір арықтаған кезде де майлы кесек сақталады. Майлы кесек астында ұрт бұлшықетін жауып тұратын ұрт- жұтқыншақ фасциясы орналасқан, ол бұлшықеттен артқа қарай жұтқыншақтың бүйірлік қабырғасына жалғасады. Ұрт ымдау бұлшықетінің ішкі беті ауыз қуысы кіреберісінің кілегей қабығымен жабылған. Жоғарыда айтылғандай, кілегей қабықта 2-ші жоғарғы үлкен азу тістері тұсында құлақ маңы (шықшыт) сілекей безі түтігінің тесігі ашылады. Бездің түтігі ауыз қуысына ашылғанға дейін, беткей қабаттардан майлы кесек және ұрт бұлшықеті арқылы өтеді. Ұрт бұлшықеті жиырылған кезде сілекей түтігін қысып, ауыз кіреберісіне құйылатын сілекей мөлшерін реттеуге қатынасады. Аталған аймақтың шелмайында бет артериясы өтеді, ол мойын жақтан төменгі жақсүйектің астыңғы қырын шайнау бұлшықетінің алдыңғы шеті тұсында иіліп өтіп, ауыз бұрышына, одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай бағытталады. Ол бұл аймақта жоғарғы және төменгі ерін артерияларын (a.labialis sup. et inf) береді, олар (a.transversa faciei, a.buccinatoria, a.infraorbitalis) артерияларымен анастомоздар жасайды. Веналық қан бет венасы және төменгі жақсүйек арты веналары арқылы ағып шығады да көз ұясы, қанат тәрізді веналық өрімдерге қосылады. Лимфа тамырлары негізінен бет венасымен қатар жүреді. Олар лимфаны төменгі жақсүйек асты, құлақ маңы, мойынның терең лимфалық түйіндеріне алып барады. Аймақтың терісі үшкіл нервтің тармақтарымен, ал ымдау бұлшықеттері бет нерві бұтақтарынан нервтенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы