1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз


Бастың бет бөлімінің шекараларына, аймақтарына сипаттама беріңіз



бет23/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
11 Бастың бет бөлімінің шекараларына, аймақтарына сипаттама беріңіз
Бастың бет бөлімі (redio facialis)
Бастың бет бөлімі милық бөлімнен көзұясының жоғарғы қырынан, бетсүйек пен оның доғасы арқылы, есту жолы тесігімен емізік тәрізді өсіндінің алдыңғы қырларымен өтетін сызықпен шектелген. Мойыннан бет бөлімі төменгі жақсүйектің төменгі қырымен, одан әрі оның бұрышынан емізік тәрізді өсіндінің ұшына дейін жүретін шекарамен бөлінген. Бет бөлімінде шарты түрде бөлінген төрт қуысты – көзұясы, мұрын, ауыз қуыстары және ауыз қуысына жанама орналасқан иек асты аймағын, сонымен қатар беттің бүйірлік аймағын ажыратады. Соңғысы беткей (ұртық, шықшыт - шайнау) және терең аймақтарға бөлініп қарастырылады.
Бет терісі жұқа, құрамында май және тер бездері бар. Май бездерінің шығару түтіктері бітелген жағдайда атероманың пайда болуына әкеп соғады, ал шаш түбірлерінің қабынуы шиқан, сыздауық патологиясына алып келеді. Бет терісі және оған жанама тіндер қанмен жақсы қамтамасыз етілген және оңай қозғалады. Терінің мұндай қасиеті пластикалық операциялар жасауға қолайлы жағдай туғызады. Терінің түсі жасына, жынысына, нәсілдігіне және организмнің жалпы ахуалына байланысты. Тері асты шелі жақсы дамыған, бірақ көлемі өзгеріп отырады. Бұл қабатта бұлшықеттер, қантамырлар мен нервтер, сілекей бездерінің түтіктері орналасқан. Бетте ымдау және шайнау бұлшықеттерін ажыратады. Ымдау бұлшықеттерінің негізгі қызметі – көңіл күйді білдіру, сонымен бірге олар сөйлеу және шайнау қызметтеріне де қатынасады. Оларды қысқыштарға және кеңейткіштерге бөледі. Ымдау бұлшықеттері қаңқа бұлшықеттері сияқты екі жақты сүйектерге бекінбейді, бірақ міндетті түрде бір жақ ұшы, тіпті екі жақ ұщы да теріге немесе кілегейлі қабыққа бітіседі. Бұл бұлшықеттердің фасциялары болмайды және жиырылғанда теріні қозғалтады. Ымдау бұлшықеттеріне жататындар: көздің айналма бұлшықеті, қабақты түйетін бұлшықет, ауыздың айналма, кіші және үлкен бетсүйек бұлшықеттері, күлкі бұлшықеті (тұрақты емес), ауыз бұрышын көтеретін және түсіретін бұлшықеттер, төменгі ерінді түсіретін, иекасты, ұрт бұлшықеттері, сонымен қатар бас күмбезінің – бассүйек үсті бұлшықеті (маңдай-шүйделік) және құлақ қалқаны бұлшықеттері т.б. ымдау бұлшықеттерінің бәрі бет нервінен қамтамасыз етіледі (VІІ жұп).
Шайнау бұлшықеттері төртеу: самай, меншікті шайнау, латералды және медиалды қанат тәрізді. Бұлардың бәрі үшкіл нервпен (V жұп) нервтенеді,шайнау жұмысына қатынасады, одан басқа, самай бұлшықеті анық сөйлеу қызметін атқаруға қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы