1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз


Бастың ми бөлігінің шекаралары мен аймақтарына сипаттама беріңіз



бет18/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
3 Бастың ми бөлігінің шекаралары мен аймақтарына сипаттама беріңіз
Ми бөлімі бас сүйегінің күмбезіне жэне бас сүйегінің негізіне бөлінеді. 1. Бас сүйегінің күмбезін төмендегідей аймақтарға бөледі: a ) маңдай-төбе-шүйде аймағы (regio fronto-parieto-occipitalis); б) самай аймағы (regio temporalis); c) емізік тәрізді аймақ (regio mastoidea). 2. Бас сүйегінің негізі: a ) сыртқы негізі; b) ішкі негізі.
Маңдай-төбе-шүйде аймағы шекаралары : Алдынан көз шұңқырының жоғарғы қырымен, артқы жағынан linea nuchае superior және protuberantio externa-ға сәйкес келеді. Оң және сол жақта (самай аймағынан) маңдай сүйегінің шықшыт өсіндісінің ішкі қырынан басталып, емізік тәрізді өсіндінің кетігіне (incisura mastoideo) келіп бітелетін, денесі жоғары қарап жатқан сопақша сызықпен (I. semicercularis superior) шектеледі. Аймақтың қүрамына маңдай сүйегінің қабыршағы (самай аймағына қосылатын), төменгі жағын қоспағанда қос төбе сүйегі және шүйде сүйегінің бір бөлігі кіреді. Regio frontoparieto-occipitalis-ті қолданбалы мақсатқа байланысты тағы да төрт аймаққа: маңдай, екі төбе және шүйде аймақтарына бөледі. Нейрохирургтар тағы да жебе тәрізді тігістің 2 — 3 см оң және сол жақтарында орналасқан жебе маңы аймағын бөледі. Regio frontoparieto-occipitalis аймағында бас күмбезін жауып жатқан жұмсақ тіндер қалыңдығы 0,5 см-ге дейін жетеді.
Самай аймағы. Жоғары да — самай апоневрозының бекитін жері, төменнен —шықшы т доғасының жоғарғы қыры , алдынан —маңдай сүйегінің шықшыт өсіндісінің артқы қыры және шықшыт сүйегінің маңдай өсіндісі, артынан — емізік тәрізді өсіндінің негізі және сыртқы есту жолы.
Емізік тәрізді өсінді аймақ. Шекаралары . Төменнен және бүйірлерінің жұмсаң тіндер сыртынан сипап қараганда анықталатын сүйектік негіз емізікше өсіндіге сәйкес келеді. Үшбұрыш тәрізді бұл аймақ жоғарғы жагында шықшыт доғасының артқы жалғасы болып келетін сызықпен шектеліп жатыр.
4 Маңдай-төбе-шүйде аймағының қанмен қамтамасыз етілуіне сипаттама беріңіз
Артериялары : Тамырлардың тармақтану пішініне, көлемі және орналасу қалпы көбінесе өзгергіш болады. Біраңта жүру бағыты әрқашанда төменнен жоғары қарай радиалды болады. Сондықтан бастың жұмсақ тінін мүмкіндігінше радиальды бағытта кесу керек. Сол кезде тамырлары аз жараңаттанып, жараның жазылуына жақсы жағдай жасалады . Маңдай аймағы ішкі ұйқы артерияның ( a. carotis interna ) жүйесімен қанмен қамтамасыз етіледі, атап айтңанда: a. frontalis және a. supraorbitalis, олар көз ұясына жоғарғы ішкі қырынан шығады. Аймақтың шекараларында сыртқы ұйқы артериясынан ( a. carotis externa) шығатын бұрыштың артерия ( a. angularis, a. fasialis) жэне сыртқы самай артериясының маңдайлық бұтақтарымен ( г. frontalis, a. temporalis superficialis) артериялармен көп ұштасулар жасайды. Осындай жолмен ішкі жэне сыртқы ұйқы артериялары жүйесі арасындағы байланысы жүзеге асады. Төбе аймағы сыртқы ұйқы артериясының бұтақтарымен қамтамасыз етіледі: a. temporalis superficialis құлақ түйінің артындағы) және a. auricularis posterior (құлақ қалқанының артында жатыр), олар өзара және маңдай, шүйде аймағы артериялармен ұштасады. Самайдың беткей артериясының жарақат салдарынан қан кетуді, артерия бағанасын бет доғасына саусақпен басу арқылы оңай тоқтатуға болады. Шүйде аймағы шүйде артериясымен (a. occipitalis (а. carotis ext. тармағы)қамтамасыз етіледі. Оның бастапқы жері емізік тәрізді өсіндіден 1 см сыртқа қарай орналасқан, аттас (sulcus occipitalis) сайда жатыр. Бұдан басқа бұл жерде a. auricular posterior бұтақтары жақындайды. Венаралар саны жағынан артериялардан едәуір кэп. Артериялармен қосақталып жүретін веналардан басқа қосымша веналар бар. Олардың ішіндегі тұрақты болып келетін ортаңғы сызықта орналасқан кейде жұп болып келетін маңдай венасы ( v. frontalis). Беткей тіндерден қан негізінде 3 вена арқылы кері ағады: 1) Беттің алдыңғы венасы v. facialis anterior; 2) Беттің тереңгі венасы v. facialis profunda; 3) Шүйде веналары v. occipitalis. Бас жабындысының веналары пішіні жағынан өте өзгергіш . Олар бір-бірімен көп байланысады және көбінесе тығыз тор құрайды, сондықтан олардың негізгі бағанасын табу қиынға түседі. Беткей веналар сүйектің тереңдегі жатқан веналарымен және мидың қатты қабығы веналарының ұштасуларымен үлкен тәжірибелік маңызы бар. Сүйектердің кеуекті затында орналасқан веналар ( v. diploeticae) және шығарушы веналар ( v. emmissaria) көмегімен бастың жамылғысының веналарымен және мидың қабығының (dura mater) веноздық синустарымең байланысады. Нәтижесінде жамылғы , сүйек іші жэне бас қуысының веналары жалпы жүйе құрайды. Бұл кезде вертикальды жүретін ұштасулардағы ( v. emmissaria) қан ағыс бас қуысы ішіндегі қысымға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Шығарушы веналардың ( v. emmissaria)тұрақтысы: төбелік емізіктік және шүйделік. Төбе шығарушысы жебе тәріздес тігіске жақын жатыр жэне жебе тәрізді венозды синусты төбе аймағының беткей веналарымен байланыстырады. Емізіктік шығарушы емізік тәрізді өсіндіде сигма тәрізді синуспен, шүйде шығарушы көлденең синуспен байланысты. Веналардың арасында көптеген байланыстар болуы, кейбір қабыну процесстерінің, оның ішінде тромбофлебиттердің таралуын түсіндіреді. Айталық, v. emmissaria тромбозы салдарынан басқорабының жұмсақ тіндерінде іріңді ошақ болса, кей кездерде бас сүйегінде остеомиелит дамиды. Тромбоз мидың қатты қабықшасының тамырларына тарап, синусты тромбозға немесе мидың абсцесіне алып келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру