1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз


Мойынның хирургиялық анатомиясы, аймақтарға бөлінуі, мойынның үшбұрыштарын сипаттаңыз



бет17/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
2 Мойынның хирургиялық анатомиясы, аймақтарға бөлінуі, мойынның үшбұрыштарын сипаттаңыз.
Шекаралары: Жоғарғы шегі: төменгі жақтың төменгі шеті, оның бұрышы, сыртқы есту жолдарының төменгі шеті, processus mastoideus-ті төменгі және алдыңғы шеттері және linea nuhае superior. Төменгі шегі — төстің мойындырың ойығынан бүғана бойымен өтіп, акромион арқылы VII мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жалғасатын сызыққа сәйкес келеді. Мойынның пішіні.
Мойын ұзындығы , оның негізінің орташа диаметріне тең, ал кейде одан екі есе ұзын болады. Бірінші жағдайда —қысқа және жалпақ, ал екінші жағдайда —ұзын, әрі жіңішке мойын дейді. Қысқа жуан көлемді мойын брахицефалды адамдарда, ал үзын, жіңішке мойын долихоцефалды адамдарда кездеседі. Мойынның сыртқы пішінінің өзгергіштігі, ондағы қантамыр және ағзалардың орналасуының да әр түрлі болуына әкеледі. Бұл жағдай мойын аймағында оперативтік енулер мен операциялық әдістер қолдану кезінде ескерілуі керек. Мойынның алдындағы терісі қозғалмалы , әрі созылмалы болса, ал мойын артындағы тері қалыңдау және аз қозғалады. Тері астындағы шел май қабаты мойын алдында және артында әр түрлі. Мойын ағзалары және қантамырларына мойын қыртыстары және жүлгелері арңылы ену жолдары кең болуымен бірге операциядан кейінгі тыртықтарды жасыра алады. Іріңдіктерді жарып ағызу кезінде, жарақат жиегін ашып және іріңдіктен тез тазарту үшін, көбінесе ұзына бойлы ортаңғы сызық бойымен (ірі қантамырлары аздау жер) немесе төс-бүғана-емізік бүлшықеттер жиегімен (фасциалды қынап бойымен) ж үргізілетін кесулер қолданған жөн. Үзына бойлы бағытта ену жолын кеңірдекті ашу (трахеостомия) операциясы кезінде қолданған жөн. Негізгі операциялар мойынның алдыңғы аймағында жасалады . Сондыңтан бұл аймаң «хирургиялық қауіпті аймақ» деп ескеріледі. Операция жасалатын аймақ тіндерін кесу үшін және ағзаға жету жолын табуды жеңілдететін жағдай — сүйектік нысаналарды білу (тіласты сүйек, төменгі жақ, төстің мойындырық ойығы, бүғана сүйек үсті). Келесі нысаналар мойын бұлшықеттерінің айқасуынан құрылған —мойын үшбүрыштары. Олар хирургиялық ену жолын таңдауға арналған координаттық бағыт секілді.
Мойынның алдыңғы беті тіласты сүйек пен қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы (venter posterior) арқылы екі аймаққа бөлінеді: 1) тіласты сүйек үсті; 2) тіласты сүйек асты. Тіласты сүйек үстіндегі бұлшықеттер ауыз қуысы түбін қүрайды. Бұл аймақ мойын мен бас арасындағы шекара болып есептеледі. Тіласты сүйек үстіндегі аймақта үшбүрыштар бар: иек астылық (дара), ол тіласты сүйек және қосқарыншалы бұлшықеттердің алдыңғы қарыншаларымен шектеледі. Оң және сол
Жақ жақ асты үшбұрыштар, олар төменгі жақтың төменгі қырымен және қосқарыншалы бұлшықеттің (алдыңғы және артқы ) қарыншалары мен шектеледі. Екі қосқарыншалы бұлшықет және тіласты сүйек қосылып, тіласты сүйек үстіндегі аймақта « W» әрпі тәрізді үш үшбүрыш құрайды. Тіласты сүйек аймағында екі үлкен үш бүрышты және екі тік бұрышты аймақтарға бөлінеді. Медиалды үш бүрыш медиалды жағынан — ортаңғы сызықпен, үстінен қосқарыншалы бүлшықеттің артқы қарыншасымен, астынан-кеуде-бұғана-емізік бұлшықеттің алдыңғы шетімен шектеледі. Латералды үшбүрыш алдынан — төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артқы қырымен, артынан — трапеция тәрізді бұлшықеттің алдыңғы қырымен, төменнен-бұғана сүйектің үстімен
шектеледі. Тік бұрыш кеуде-бұғана-емізік бұлшықеттерге сәйкес және оның алдыңғы және артқы шеттерімен шектелген. Медиалды үш бұрышты жауырын-тіласты бұшықеті (m. оmоhyoideus) — оң жақ және сол жақ ұйқы үшбүрышына (trigonum caroticum) және жауырын-кеңірдек үш бұрышына (trigonum оmotracheale) бөледі. Жауырын-кеңірдек үшбүрышы медиалды жағынан —ортаңғы сызықпен (тереңінде кеңірдек жатыр), латералды жағынан кеуде-бүғана-емізік бүлшықетінің алдыңғы қырымен, үстінен жауырын — тіласты бұлшықетінің (m. omohyoideus) жоғарғы қарыншасымен қоршалады. Ұйқы үшбүрышы (trigonum caroticum ) үстінен — қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы мен, астынан — жауырын-тіласты бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен, сыртынан — кеуде-бұғана-емізік бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектеледі. Латералды үшбүрышты m. omohyoideus екіге бөледі: жауырын -трапеция үшбүрышы (trigonum omotrapezoideum) және жауырын-бұғана үшбұрышы (trigonum omoclaviculare). Жауырын-бұғана үшбұрышының шекарасы: үстінен — жауырын-тіласты бұлшықетінің төменгі қарыншасымен, астынан — бүғана сүйектің жоғарғы қырымен, медиалды жағынан — кеуде-бұғана-емізік бұлшықеттің артқы қырымен өтеді. Жауырын үшбұрышының (trigonum omotrapezoideum )
шекарасы: медиалды жағынан — кеуде-бұғана-емізікше бұлшықеттің артқы қырымен, латералды жағынан — трапеция тәрізді бұлшықеттің алдыңғы шетімен, астынан — жауырын-тіласты бұлшықеттің төменгі қарыншасымен жүргізіледі. Мойынның алдында, медиалды және латералды үшбұрыштар арасында тік бұрышты-төс-бүғана-емізік бұлшықеттер аймағы орналасқан.
М . omohyoideus кеуде-бүғана-емізікше аймақты екіге бөледі: жоғарғы және төменгі. Әр үшбұрышта хирургиялық маңызды ағзалар проекцияланады. Мысалы, жауырын — бұғана үш бұрышында бұғанасты артерия және иық өрімі, ал кеуде-бүғана-емізікше бұлшықеттің төменгі
жағында жалпы ұйқы артериясы , кезбе нерв және ішкі мойындырық венасы орналасады. Бірақ, көрсетілген үш бүрыштар ағзаларды табуды тек екі жақтық кеңістік арқылы (планиметрикалық) нысаналауға болады. Ал хирургке ағзаның «орналасу тереңдігін» үш жақтық кеңістікте табу керек. Бұл үшін үшбұрыштармен мойын фасцияларының өзара қатынастарын және осы жерде орналасқан ағзаларды білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру