1 Топографиялық анатомия пәнінін зерттеу обьектісі ретінде сипаттаңыз



бет13/48
Дата10.06.2022
өлшемі196.65 Kb.
#267454
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Топанатомия
Êàôåäðà ¹1 Àêóøåðèÿ æ?íå Ãèíåêîëîãèÿ
11. Теріге тігіс салу техникасы.
Мақсаты: жара шеттерін біріктіру.
Көрсетілім: жара болуы.
Қоры: 1,5% йодтың спирттік ерітіндісі, стерильді таңғыш, клеол, №3 және №4 жібек, ине ұстағыш, өткір тері инелері, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток,КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолыңызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
2.Стерильді қолғап киініз.
3.Жара айналасын шетінен переферияға қарай антисептиктердің біріне малынған мақта шаригімен өңденіз.
4.Вишневскийменжергіліктіанестезияжасаныз.
5.Өткір тері инесімен №3 және №4 жібекті ине ұстағышпен ұста.
6.Пинцетпен жара шетін, теріні және тері асты майын ұста.
7.Жара шетінен 3-4 см өтіп, тік бұрышта жараны инемен тесініз.
8.Қарама-қарсы беттен тесініз.
9.Инемен ине ұстағышты алып тастаныз, жібек тіндерде қалу керек.
10.Жібек ұшымен жара шеттері бір-біріне қосылғанша тартып түйінденіз.
11.Келесі тігістерді арасы 1,5 см етіп жүргізініз.
12.Жара шеттерін пинцетпен біріктірініз, жібек қалдықтарын байламнан 11,5см өтіп, үзіп алып тастаныз.
13.Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.
14.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты буға тастаныз.
12. Қан ағуды тоқтату
Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақат алған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және операция жасау жолымен істеледі.
Қан ағуды уақытша тоқтату.
Қан ағуды уақытша тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.
Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі.
Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяқ-қолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін.
Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады.
Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда қолданылады.
Қан ағып тұрған тамырға қысқыш салу. Бұл аяқ-қолдардың, жамбастан, іш қуысындағы тамырлардан қан ағуын тоқтату мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.Тамырды бойлап қысу. Бұл кейбір ірі тамырдан қан ағуды тоқтатуға мүмкіншілік береді: а) бұғана сүйек асты артериясы басты бұрушы бұлшық еттің төс тұтқасына жабысқан жерінің сыртынан бұғана сүйектің үстінде орналасқан жерде бірінші қабырғаға қысылып басылады: б) күре тамырды VI мойын омыртқасының көлденең өскініне қысып басу керек, ол басты бұрушы бұлшық еттің ұзындығының ішкі жағының ортаңғы жеріне сәйкес келеді. Сан қызыл қан тамыр қасаға сүйегінің көлденең өскініне қысылады: в) тақым қызыл қан тамыры тізе бүгілу жағдайында тақым шұңқырына қысылады: г) иық қызыл қан тамырын тоқпақ жіліктің ішкі бетіне қысу керек.
Ширақты (жгутты) салу. Бұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қызыл қан тамырынан қан аққанда жгут жарадан жақынрақ салыналы. Ширақты салудың алдында оның орамдарының арасында тері қысылып қалмауы үшін қол-аяқтар орамал немесе бинтпен оралады. Ширақ тартылады және аяқ-қолдар айландырылып оралады. Бұндай ширақ орамдарының бірінің үстінен бірін бастырмай қатар жатуын бақылау қажет. Ширақтың ұштары бекітіледі. Ширақ орамдарының біреуінің астында ширақ салынған уақыты көрсетілген қағаз қыстырылады. Бұнан басқа арнаулы емдеу мекемесіне жіберілетін хатта ширақтың уақыты көрсетіледі. «Қызыл қан тамырлық» ширақ дұрыс салынса аяқ-қол ширақтан төменіректе бозарады. Ширақ салынған жерден төменде тамыр соғысы білінбейді, қан ағуы тоқтайды. Ширақ қатты тартылмаса, аяқ-қол көгере бастайды, тамыр соғуы жоғалмайды, қан ағуы күшейеді. Қатты қысылып тартылса, жүйке талшықтарының жарақаттануының салдарынан аяқ-қолдардың салдануы мүмкін. «Қызыл қан тамырлық» ширақ аяқ-қолдарда 1,5-2 сағаттан көпке қойылмайды. Егер ұзақ уақытқа қойылса, аяқ-қолдардың жансыздануы мүмкін. Егер осы уақыт арасында операция жасалынбаса, және ширақ қайтадан керегінше жоғары немесе төменірек қойылады.
Арнаулы ширақ жоқ болса, онда қайысты, жіпті, қол орамалды, басқа тартқан орамалды, жібек бауды, және басқаларды пайдалануға болады. Қысуды күшейту үшін қолдан жасалған шираққа таяқша кигізіліп оны бұрап қан ағуын тоқтатады.
Мойын тамырларынан қызыл қан аққанда мойынның қан ағудың қарама-қарсы жағына Крамер жақтауы майыстырылып қойылады және оны қарсы қою ретінде пайдаланып, ширақ салынады.
Көк тамырдан қан аққанда көк тамыр ширағы деп аталатын ширақ қолданылады. Ол жарақаттанған жердің төменгі жағына 6 сағат мөлшерінде қойылады және онша қатты тартылмайды. Бұнда аяқ-қолдар көгереді, артериядағы тамыр соғысы естіледі, қан ағу тоқтайды.
Қан ағуды біржолата тоқтату.
Қан ағу операция жасалынуға қойылатын барлық талаптар есепке алынып, хирургиялық бөлімшеде біржолата тоқтатылады.
Механикалық әдістер. Жара ішіндегі тамырды байлау. Тамырды байлау жараның ішінде (жібек, лавсан, кетгут) жіптерімен тігіледі. Бұл ең көп таралған әдіс.
Тамырды ұзындығынан байлау. Бұл жара тіпті ластанған немесе жарадағы тамырды іздеуде үлкен техникалық қиыншылықтар жағдайында қолданылады.
Тамыр тігістері. Ол жанынан және айналдырып тігу түрі болады. Жарақаттамайтын инемен тігілетін арнаулы тігіс материалы немесе тамырларды тантал скрепкалары көмегімен механикалық тігу үшін арналған аппараттар пайдаланылады.
Физикалық әдістер. Суықты біржерлік қолдану. Бұл үшін ішіне мұз салған резаңке немесе полиэтилен қалташалар жиі қолданылады. Негізінен алғанда бұл әдіс капилярлық қан ағуларда пайдаланылады.
Электрокоагуляция. Бұнда арнаулы аппарат қолданылады. Коагуляция кезінде жіңішке қан тамырлардын қан кеткенде істеледі.
Натрий хлоридтің ыстық изотоникалық ерітіндісін қолдану. Изотоник ерітіндісі 60-80ᵒС дейін ысытылады. Ерітіндіге малынған дәке қан ағып тұрған жерге бірнеше минутқа дейін қойылады. Бұл әдіс көбінесе қуыстарда (кеуде және іш қуыстарында) жасалынатын операцияларда және нейрохирургияда қолданылады.
Хирургиялық әдістер. Тамырды тарылтушы дәрілер. Бұндай дәрілерге адреналин, супрастин, спорынья дәрілері жатады. Тарылту түріне қарай дәрілер біржерлік асқазан, ішек жолдарынан тыс немесе ауыздан қолданылатын болады.
Қанның ұюын күшейтетін дәрілер. Бұл үшін сутегі тотығы, кальций хлориді, аминокапрон қышқылы, викасол пайдаланылады. Сутегі қос тотығы, бір жерлік жағдайда қолданылады. Басқа дәрілер қан аққанда (тамырдан, асқазан ойығынан қан аққанда т.б.) көк тамырға жіберіледі.
Биологиялық әдістер. Қан тоқтататын дәрілірді бір жерлік қолдану. Бұл үшін жылқы сары суы, гемостатикалық губка, фибринді, үлбірек, биологиялық антисептикалық тампон, тромбин, сутегі қос тотығы және т.б. пайдаланылады.
Қан тоқтататын дәрілерді көк тамырға жіберу. Қанды аз мөлшерде бөліп құю, плазма, гемофобин, жаңа дайындалған қанды құю, тромбоцитарлық массаларды, фибриногенді антигемофильді глобулинді (АГГ) және антигемофильдік плазманы (АГП), аминокапрон қышқылы, викасол, децинон және т.б. препараттар жақсы көмек береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы