31. Қабыну процестері кезінде беттегі кесулердің топографиялық-анатомиялық негіздемесі. 17
Беттің бүйір аймағы (regio facialis lateralis) және жақ арты шұңқыры (fossa retromandibularis).
Шекаралары.
Алдынан - мұрын-ерін қыртысы. Артынан - төменгі жақтың вертикалды бұтағының артқы қыры. Жоғарыдан- көз шұңқырының төменгі қыры және бет доғасы. Төменнен - төменгі жақтың горизонталды бұтағының төменгі қыры. Шайнау бұлшықетінің алдыңғы қырына сәйкес сызық бойынша беттің бүйір аймағы - ұрт (regio buccalis) және шықыт-шайнау бұлшықет (regio-parotideomasseterica) аймақтарына бөлінеді. Сонымен қатар беттің беткей және тереңдегі бөліктері болады. Тереңі-төменгі жақтың өрлеме бұтағына параллель жүргізілген жазықтықтың ішкі жағында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |