1 Топографиялық анатомия пәні, мақсаттары, міндеттері


Қақапашалардың скелотопиясы



бет26/43
Дата11.04.2022
өлшемі1.71 Mb.
#219664
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
топка диф.
1261269487
Қақапашалардың скелотопиясы(алдыңғы кеуде қабырғасына кескіні):

Атриовентрикулярлық(жүрекше-қарыншалық) қақпақшалар – оң жақ үш жарғақты және сол жақ екі жарғақты  қақпақшалар бар.

          Үш жарғақтық(трехстворч.) қақпақша жиі үш жарғақты болады: алдыңғы, артқы және ішкі(бөлгіштік). Ол төс сүйек артында қиғаш бағытта IV сол жақ және  V оң жақ қабырғалар шеміршектерінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.

          Екі жарғақтық(митралді) қақпақша екі үлкен жарғақтан түзілген, ол сол жақта ІІІ қабырға шеміршегінің төске бекітілген жерінде кескінделеді.

        Олардың  жоғарғы жағында қолқалық(аорта, оң жақта) және өкпе сабауы(легоч.ствол,сол жақта) қосымша кішкентай қақпашалар болады. Артериялық тесіктер қақпақтары(қолқалық, өкпелік)  жарты ай тәрізді  түрде болады..

Жүректі қоректендіретін артерия жоғарлағыш қолқаның тармақтары болып табылады(оң  жақ және сол жақ тәждік артериялар). Қарыншалардың арасындағы жүлгеде тәжді артерияның төмендегіш тармағы өтеді. Жүрек веналары- веналық синусты түзеді, ол жүректің артқы бетінде тәждік жүлгеде орналасқан және оң жақ жүрекшеге барып құйылады.

    Жүректің иннервациясы екі кезбе жүйкенің  тармақтарымен,екі симпатикалық нерв бағанасымен, екі көк ет нервтерімен жүзеге асады. Барлық нерв тармақтары жүректік өрім  түзеді. Олар беткей және терең орналасқан.

            Жүректің нервтік аппараты екі  бөліктен құралған — жүректен тыс және жүрек ішілік. Жүректен тыс бөлігі нерв өткізгіштерінен түзілген, ол жүректі орталық нерв жүйесімен және басқа мүшелердің нервтік құрылымдарымен байланыстырады. Жүрек ішлік бөлігіне нервтік өрімдер және жүректегі нервер жатады. Жүректі шеткері симпатикалық  бағана тармақтары, кезбе жүйке тармақтары иннервациялайды.

        Симпатикалық  және кезбе нервтер мен олардың  тармақтары  ірі тамырлардың бойында  нерв өрімдерін түзеді. Екі экстракардиалді  өрімге бөлінеді:беткей –қолқа  доғасының алдында орналасқан және терең –кеңірдектің төменгі бөлігінің алдыңғы бетінде орналасқан. Екі өрімде бір-бірімен тығыз байланыста болады.

                Жүрекқап жүректі қоршап кеуде қуысында орналасқан.

Жүрекқап жабық сірлі қап, жүректі барлық жағынан қоршап жатады.

Жүрекқап жоғарғы жағынан айрықша безге жанассып жатыр.

Жүрекқаптың төменгі қабырғасы көк еттің сіңірлі бөлігінің ортасымен бірігіп жатыр және ол арқылы төменгі қуысты вена өтеді де, оң жақ жүрекшеге құйылады.

Жүрекқап оң және сол жақтарынан(екі бүйірінен) кеуде аралық өкпеқабына жанасып орналасады және  өкпеқаптан борпылдақ клетчатка арқылы бөлініп жатады.

Жүрекқаптың  қабырғалық жапырақшасы мен өкпеқаптың арасынан көк ет жүйкесі өтеді.

Жүрекқаптың алдыңғы қабырғасы төс сүйекке және қабырға шеміршектеріне жанасып жатады. Жүрекқаптың алдыңғы бөлігінда өкпеқаппен жабылмаған  жері бар, ол жерді төс сүйек алды алаңы немесе Войнич-Смножевский қауіпсіз үш бұрышы деп аталады, ол жиі VI және VII  сол жақ қабырғалардың төс сүйекке бекітілетін жеріне сәйкес келеді. Үш бұрыш сыртқы жағынан сол жақ өкпеқап шекарасынан, төменде жүрекқап жиегінен, ішкі жағында-төс сүйектің сол жақ жиегінен түзілген.

Жүрекқаптың артқы қабырғасы артқы кеуде аралық мүшелеріне, оның ішінде өңешке, кеңірдек-бронх лимфалық түйіндерге, кеуделік қолқаға жанасып жатады.

Жүрек қапты(перикард) ашқанда үш ірі тамыр сабауы көрінедіа: оң жақта жоғарғы қуысты вена, ортасында —қолқа, сол жақта — өкпе сабауы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы