Жүректің салыстырмалы шекарасы:
жоғарғы шекарасы ІІІ қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегіне жүргізілген
көлденең сызыққа тең немесе жүрекшелердің жоғарғы жиектеріне сәйкес келеді;
төменгі шекарасы V қабырға шеміршегінен жүргізілген көлденең сызық, lineae
parasternalis dextra бойынша жүрек ұшына келеді, оң жақ қарыншаға сәйкес келеді.
- оң жақ шекарасы төс сүйектің оң жақ жиегінен 1-1,5 см сыртқары ІІІ қабырға шеміршегімен V қабырға шеміршегінің аралығына сәйкес келеді; оң жақ жүрекшеге сәйкес келеді.
- сол жақ шекарасы lineae parasternalis sinistra бойынша ІІІ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін келеді; сол жақ қарыншаға сәйкес келеді.
- жүрек ұшы(жүрек түртпесі) сол жақта lineae medioclavicularis sinistra-дан 1-1,5 см ішкері У қабырға аралықта анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |