1. Тітіркенгіштік жəне қозғыштық. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық қандай


Парабиоз дегеніміз не. Оның дамуы сатыларын атаңыз



бет8/14
Дата12.04.2022
өлшемі35.02 Kb.
#220562
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
1-36физио
Острый аппендицит (копия)
9. Парабиоз дегеніміз не. Оның дамуы сатыларын атаңыз.

Парабиоз ұғымы мен теориясын Н.Е.Введенский (1901 ж.) ашты.

П а р а б и о з (para – жуық, bios – өмір) – бұл тітіркендіргіш (химиялық зат) әсерінен, оның қозғыштығы мен лабилдігінің төмендеуі.

Парабиоздың теңестіру сатысында жүйкенің еліткен бөлігінде құбылмалылық, онымен байланысты өткізгіштік төмендемейтінін көрсеткен. Сондықтан жүйкенің бұл бөлігі зақымданбаған бөліктен жеткен жиі тітір-кеністерге синхронды жауап бере алмайды, оны өзгертіп, өз күйіне сəйкес сирек ырғақпен жауап қайтарады. Ал, сирек ырғақты тітіркеністер бұл жерден өзгеріссіз өткізіледі. Еліткен бөлікте тітіркеніс күші мен ырғағының өзгеруі нəтижесінде олар белгілі шамада теңгеріледі, сондықтан еттің жиырылу күші де теңеседі.

Парабиоздың бұрмалау сатысында еліткен бөлікте құбылмалылық, демек, жүйкенің өткізгіштігі одан əрі төмендей түседі. Сондықтан еліткен бөлікке жиі тітіркеністер абсолюттік рефрактерлік сатысында жетеді де, елітуді күшейте түсіп, пес-симум тудырады. Тітіркендіргіш күші артса, не оның ырғағы жиілесе, құбылмалалық нашарлай береді. Осымен еліткен бө-лік тек əлсіз жəне сирек ырғақты тітіркендіргіштерді ғана өт-кізеді, себебі олар салыстырмалы рефрактерлік сатыда немесе экзальтацияның басында əсер етеді. Сол себепті күшті немесе жиі ырғақты тітіркендіргіштерге əлсіз жауап, ал əлсіз немесе си-рек тітіркендіргіштерге - күшті жауап алынады.

Тежелу сатысында лабильділік одан əрі төмендейді, абсо-люттік рефрактерлік саты ұзара түседі, сондықтан əрбір тітір-кендіргіш əсері онымен тұстас келеді де, еліткен бөліктен ті-тіркеніс өткізілмейді. Еліткен бөлік қозуды өткізбегенімен, қозғыштық қасиетін жоғалтпайды. Оған дəлел, жүйкенің еліткен бөлігін токпен тітіркендіргенде, ет жиырылып жауап береді. Егер жүйкенің еліткен жəне оның алдындағы сау бөліктері бір мезгілде тітіркендірілсе, онда ет жауап бермейді, жиырылмайды. Демек, жоғарыдан келген қозу толқыны жүйкенің еліткен жерінде туындаған тежелу салдарынан өшіп қалады. Сонымен, парабиоз дегеніміз əртүрлі сыртқы əсерлерге жауап ретінде туындайтын қозудың ерекше, ұзақ мерзімдік, толқынсыз орнықты түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы