1. Тітіркенгіштік жəне қозғыштық. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық қандай


Еттің жиырылу процесін қалай түсіндірер едіңіз



бет13/14
Дата12.04.2022
өлшемі35.02 Kb.
#220562
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1-36физио
Острый аппендицит (копия)
14.Еттің жиырылу процесін қалай түсіндірер едіңіз.

15.Бұлшық еттің жиырылу процесі қалай қуаттанады.

Бұлшық ет - химиялық энергияны механикалық жəне жылу энергиясына айналдыратын құрылым. Əрекет үстінде ол энер-гияның көп мөлшерін жылу түрінде жоғалтады, бірақ бұлшық ет өте жетілдірілген іштен жанатын двигательмен салыстырғанда əлде қайда үнемді жəне тиімді жұмыс істейді. Оның пайдалы əсер коэффициенті 50 пайызға дейін жетеді, ал бұл көрсеткіш іштен жанатын двигательде 35 %- дан аспайды.

Қуат көзі ретінде бұлшық ет АТФ-ті пайдаланады. Осы макроэргиялық қосылыс ыдыраған кезде бөлінген қуат торша мембранасының ішкі жəне сыртқы бетінде натрий мен калий ион-дары концентрациясының градиентін қамтамасыз ететін натрий-калийлік сораптың қызметі атқарылуы үшін, актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің бойымен жылжытып, етті жиырылту үшін, кальций иондарын саркоплазмалық торға қайта айдайтын кальцийлік сорап қызметін қамтамасыз ету үшін жұмсалады.

Бұлшық етте АТФ қоры онша көп емес, 5 ммоль/л шама-сында. Ет жиырылған кезде АТФ ыдырап, АДФ, анорганикалық фосфор жəне энергия бөлінеді.

16.Ет күші дегеніміз не оған қандай факторлар əсер етеді.

Еттің жиырылу дəрежесі тітіркендіргіш кү-шіне, еттің өзінің морфологиялық ерекшеліктеріне жəне физио-логиялық күйіне байланысты. Ұзын бұлшық еттер келте еттермен салыстырғанда көбірек қысқарады.

Еттің жиырылу күші оның созылу деңгейімен байланысты өзгереді. Еттің аз шамада созылуы серпінділік компонеттерін ширықтырып, жиырылу күшін арттырады. Ал, ет шамадан тыс созылса, оның жиырылу күші əлсірейді. Оның себебі ет күшті созылғанда актин мен миозин жіпшелерінің жанасу аймағы аза-йып, оларды қосатын өсінділер саны кемиді.

Еттің күшін изометриялық жиырылу кезінде олардың мак-симальды ширығу мүмкіндігімен немесе көтерген жүгінің салмағымен анықтайды. Еттің күші оның қалыңдығына емес фи зиологиялық көлденең енінің (талшықтар бағытына перпен-дикуляр қиындысының) мөлшеріне байланысты. Таранды жəне жартылай таранды еттер күштірек болады да, бүйірлі еттер одан əлсіздеу, ал талшықтары параллель орналасқан еттер өте əлсіз келеді. Бұлшық еттің изометриялық жиырылу кезінде барлық ет талшықтарының қатысуымен қалыптастырған ширығу (кернеу) деңгейін еттің максимальды күші деп атайды.

17.Қажу дегеніміз не жəне бұл процесс қалай туындайды.

Қажу деп əрекет атқарғаннан кейін жеке органдардың немесе бүкіл организмнің жұмыс қабілетініңуақытша төмендеуін, не жойылуын айтады. Бұлшық ет ұзақ уақыт жұмыс атқарудың салдарынан қажиды. Бұл құбылыс еттің қуаттық қорының азаюының белгісі, сондықтан биологиялық тұрғыдан оның маңызы зор. Қажыған кезде еттің функционалдық қасиеттері - қозғыштығы, лабильділігі жəне жиырылғыштығы, төмендейді. Қажудың салдарынан еттің жиырылу күші бірте-бірте əлсірей бастайды, дара жиырылу сызығы көлбеу тартып, босаңсу сатысы ұзарады.

Қаңқа еттері бірыңғай салалы еттерден шапшаңырақ қажиды.

Ал, қаңқа еттерінде алдымен, ақ еттер, содан соң қызыл еттер қажиды.

18.Бірыңғай салалы еттердің морфологиялық жəне физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

Бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылыс және қызмет бiрлiгi - миоцит(myocutus, бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушасы). Ол ұршық тәрiздi, ұзындығы 10-500 мкм, ал қалындығы 5-10 мкм. Таяқша тәрiздi ядросы оның ортасында орналасады. Миоциттердің тiректiк аппаратына сарколемма, негiзгi жарғақ, цитоқаңқа элементтерiнің жүйесi және олармен байланысқан тығыз денешiк жатады. Саркоплазмасында түзiлу аппаратына қатынасатын Гольджи аппараты, түйiршiктi саркоплазмалық тор, ерiктi рибосомалар (олар коллаген, эластин, түрсiз зат құрамбөлiктерiн, кейбiр өсу факторларын және цитокиндерді өндiрiп, бөледi), митохондрийлер және тұрақсыз қосындылар болады. Миофиламенттерi жасушаның ұзына бойына бағытталып, орналасады.

Бірыңғай салалы еттердің қозғыштық қасиеті төмен. Оның қозу табалдырығы жоғары болады. Бірыңғай салалы еттердің жиырылу кезеңі ұзағырақ, əсіресе, оның босаңсу кезеңі созылыңқы келеді. Бірыңғай салалы еттердің жасырын кезеңі де ұзаққа созылады.

19. Жүйкенің құрылысы мен қызметін баяндаңыз.

Жүйке – жүйке талшықтарынан құралған ұлпалар шоғырлары. Жүйке — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және ұлпаларымен байланыстырады. Жүйке талшықтары дендрит (жүйке жасушасының қысқа тармақты өсіндісі) және аксоннан немесе нейриттен (жүйке импульстерін жүйке баратын басқа мүшелер мен жүйке жасушаларына жеткізетін өсінді) тұрады.

Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған.

Нейронның жүйке импульстарын өткізетін өсіндісі аксонды – жүйке талшықтары деп атайды. Ақпарат қабылдайтын және өткізетін бөлігін – жүйке ұштары деп атайды. Хабарды сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдайды, эффекторлық жүйке ұштары өткізеді.

20. Атқаратын қызметі мен құрылыс ерекшеліктеріне қарай жүйке қалай жіктеледі.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

1.сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

2.байланыстырғыш - қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

3.қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.

Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.

21.Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерін атап, оларға түсініктеме беріңіз.

Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу толқынын даралап және қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тән. Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05-0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді. Демек, шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болеа, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.

22.Синапс (жалғама) дегеніміз не, оның құрылымы қандай. Синапс арқылы қозу толқыны қалай беріледі.

23.Рецептор дегеніміз не, ол қалай жіктеледі. Рецепторларда қозу қалай туындайды жəне ол қалай таралады.

Рецептор — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

24. Орталық жүйке жүйесінің жалпы құрылым принциптерін баяндаңыз.

Жануарлардың орталық жүйке жүйесі:орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам, жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі және жеке жасуша, ұлпа, ағзалар қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол ішкі, сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке ағзалар мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық үдерістердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.

25. Жұлынның қызметін түсіндіріңіз.

Жұлын қызметі. Бұлшықет тонусьгаың және фазалық қимылдардың жүйелік реттелу механизмдері. Алдыңғы және артқы түбіршіктердің қызметтері. Жұлынның сегменттік және сегмент аралық жұмыс істеу ұстанымдары. Рефлекторлық қызмет. Адам жұлынындағы проприоцептивтік рефлекстерді клиникалық зерттеу әдістері. Жұлынның өткізгіштік қызметі. Организмнің тірек-қимыл аппараты қызметін және вегетативтік қызметтерш реттеуде жұльшның ролі.

26. Жұлында қандай вегетативтік орталықтар орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары ерекше торшалар тобын құрайды. Симпатикалық нейрондардың денесі жұлынның бүйір мүйізінде орналасады. Олар қан тамырларының, ішкі ағ-залар қабырғасындағы бірыңғай салалы еттерінің, бездердің қызметін реттеуге қатысады.

Парасимпатикалық нейрондар денесі жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасады. Оларға аялық (фондық) белсенділік тəн. Қуықтағы қысым жоғарыланған сайын бұл торшалардың бел-сенділігі арта түседі.

Сонымен қатар жұлында өсінділері бірнеше сегментті, тіпті, жұлынның əртүрлі бөліктерін байланыстыратын аралық нейрондар да болады. Олардың аксондары жұлынның өзіндік шоғырларын түзеді. Аксондары өте ұзын аралық нейрондар проекциялық нейрондар деп аталады. Олар жұлынның өрлеу жолын құрайды.

27.Сопақша мидың қызметін баяндап, ОЖЖ-нің осы бөлімінде орналасқан орталықтарды атаңыз.

Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) —латын тілінен encephalon деп аталады.\ сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Сопақша миға да жұлын тəріз-ді рефлекстік жəне өткізгіштік қызмет тəн.

Сопақша мидың рефлекстік қызметінің атқарылу механизмі жағынан жұлынның аталмыш қыз-метінен айтарлықтай айырмасы

болмағанымен биологиялық маңызы əлдеқайда жоғары.

Сопақша мида тыныс алуды, тамыр арнасын, жүрек қызметін, көмірсулар алмасуын реттейтін орталықтар, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын сөлін, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталығы орналасқан.

28.Мишықтың құрылысы мен қызметін баяндаңыз.

Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

29.Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметін баяндаңыз.

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

30.Аралық миға қандай құрылымдар жатады. Олардың маңызын баяндаңыз.

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.

31. 31. Шартты рефлекс дегеніміз не және ол қалай қалыптасады?

ШАРТТЫ РЕФЛЕКС - үлкен ми жарты шарлары әрекетінің нәтижесі. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Өзіндік дербес рефлекстік жолы болмайды. Ол шартты тітіркендіргіш анализаторы орталығы мен шартсыз рефлекс доғасы орталық бөлімі арасында уақытша байланыс пайда болуынан қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы жануар тәжірибе жинақтайды, қорек табады, басқадан сақтанады, түрлі жағымсыз әсерден қорғанады. Шартты рефлекстер жүре пайда болып, тұқым қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді. Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу, тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесуінен қалыптасады. Қозу үдерісі шартты рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етсе, тежелу үдерісі – оны жойып, өшіріп отырады, рефлекстерді ретке келтіріп, жетілдіріп отыруға жағдай туғызады.

32.Ми қыртысындағы тежелу процесінің қандай түрлерін білесіз? Тежелу процесінің биологиялық маңызы неде?

Ми қыртысында тежелу шартты, шартсыз болып жіктеледі.

Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс, ол ОЖЖ-нің бөлімінде байқалып, шапшаң, кенет пайда болып, ұзақ созылмайды.

Шартты тежелу ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол ми қыртысы шартты рефлекстік қызметімен байланысты, біртіндеп қалыптасады, ұзақ мерзімге сақталады.

33. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмасын айтыңыз.

Шартсыз рефлекстер - организмнің туа біткен және тұқым қуалайтын қасиеті. Шартты рефлекстер - организмнің жеке дамуы кезеңінде өмір тәжірибесі негізінде пайда болған қасиеті. Шартсыз рефлекстердің салыстырмалы тұрақтылығы бар. Ал шартты рефлекстер тұрақсыз ,өзгергіш болып келеді. Ол белгілі бір жағдайларға байланысты сақталады немесе жойылып отырады. Шартсыз рефлекстер нақтылы рецептор тітіркендіргішіне жауап ретінде пайда болады.

34. Ұйқы дегеніміз не,оның табиғатын қалай түсіндіресіз?

Ұйқы – организмнің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор қызметтік күйі. Организмнің, ми мен жүйке жүйесі әрекетінің бәсеңдеп, сыртқы тітіркендіргішке жауап реакциялары төмендеуімен, ми нейрондары ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы организмнің ішкі табиғи мұқтаждығы.кейде ұйқыңыз келіп отырғанда күнделікті міндеттер өте қиын сияқты көрінеді. Ал ұйқыңыз қанып тұрған кезде бәрі өз-өзінен шешіліп жатқандай болады. Мәселе мынада, ұйықтаған кезде жадтағы ішінара кей ақпараттар өшіп қалады. Ми күні бойы жинақталған мәліметті сараптап, қажетсізін "қоқыс жәшігіне" тастап, маңызды ақпараттарды "мұрағатқа" сақтап қояды. Естеліктеріміз осылай қалыптасады. Ұйқыдан тұрған соң қабылдау қабілетіміз жақсарып, бірнәрсені үйренуге, ойды шоғырландыруға деген қасиетіміз артады.

Ұйқы қанбаса, мидың кей бөліктерінің қызметі нашарлайды. Мысалы төбе бөлігіндегі нейрондар үдерісі баяулайды, соның себебінен реакция жылдамдығында мәселе туындайды, ойды жүйелей алмай, тіпті көру қабілеті де нашарлауы мүмкін. Мидың шаршауы бүкіл негативті нәтижеге әкеліп соғады.

35. Ес дегеніміз не, оның қандай түрлерін білесіз?

Ес дегеніміз мидың тіршілік әрекеті үстінде жинақталған тәжірибені сақтап, жаңғыртуды, пайдалануды қамтамасыз ететін қасиет.

Оның қысқа мерзімдік, аралық, ұзақ мерзімдік түрлері болады. Қысқа мерзімді ес - бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Оның уақыты да, қамту шекарасы да шексіз. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы