1-Тапсырма «Инновация» ұғымына түсінік беріп, инновацияның түрлерін сипаттаңыз. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлеріне сипаттама беріңіз. «Инновациялық технологиялар»



бет1/3
Дата12.06.2022
өлшемі121.35 Kb.
#268138
  1   2   3
Байланысты:
«Инновация»
Бөж6 Эко Назгүл Тумар, Лекция-2

1-Тапсырма «Инновация» ұғымына түсінік беріп, инновацияның түрлерін сипаттаңыз. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлеріне сипаттама беріңіз. «Инновациялық технологиялар» ұғымына сипаттама беріп, инновациялық технологиялардың өлшемдерін саралаңыз. Инновацияның көлемділігі нені тудырады? Хонерин инновацияны қандай түрлерге жіктейді? Владимир Мужич, Зита Главашкина инновацияларды қалай бөледі? 5-6 сұрақтар бойынша анықталған инновация түрлерін кесте- ге сипаттап жазыңыз. Инновация түрі Сипаттамасы

«Инновация» ұғымының қарапайым жəне күрделі мағынасы бар. Өзінің эволюциялық дамуында оның əр түрлі мазмұны мен нысандары бар. И.В.Афониннің пікірінше, «жүзжылдық метаморфозаның жаршысы» ретінде беймəлім ғалым Джон А.Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның «жер– еңбек–капитал» факторына төртінші «талант жəне білім» ұғымын қосты жəне «озық өнеркəсіп саласы» ұғымын енгізді [1]. Осы заманғы инновация тұжырымдамасының негізін қалаушы австриялық, кейіннен американдық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» еңбегінде алғаш рет «жаңашыл» жəне «жаңалық» ұғымдарын енгізді. Бұл тұжырымдамада ол инновацияға негізделген кəсіпкердің жаңа табиғатын — жаңаша ұйымдастыру, өндіргіш күштерді ойната білу қабілетін бөліп көрсетті [2]. Бұл қабілет кəсіпкерлік табысты алумен қатар, өндірістің қолданыстағы айналымын жеделдетуге жəне жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Өзінің «іскерлік белсенділік айналымы» теориясында ғалым болжам ұсынды. Оған сəйкес экономикалық дамудың қозғалтқышы –құрылымдық өзгерткіштердің айналымдық өзгерісі — кəсіпкердің инновациялық қызметі — тəуекелді бизнес арқылы нарыққа инновацияларды жылжытудың айрықша жəне сирек байқалатын қабілетін ұсынды. Тиісінше кəсіпкер экономикалық өсуді тұрақты қайнар көзі ретінде қызмет етеді [3]. Кейіннен əр түрлі зерттеушілер бұл экономикалық категорияға өздігінше ұғым бере бастады. Мысалы, Ф.Валента жəне Л.Волдачек «инновация бұл — өзгеріс» десе, Э.Уткин инновацияны нақты «объект» деп санайды. Ф.Никсон — «іс-шаралардың жиынтығы», С.Валдайцев «жаңа өнімді игеру» деген ұғым берді [4]. Бұл туралы қазақстандық мамандардың өз пікірі бар. Мəселен, 1996 жылы С.Б.Əбдіғаппаров «инновация — бұл ғылыми негізделген идеялардың шаруашылық субъектілердің зерттеуін, əзірлеу мен енгізуін қамтитын мемлекеттік жəне нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған мақсаттарға жету үдерісі» деп атап өтті [5]. Ал 2006 жылы Н.А.Барлыбаева өзінің «Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы жəне даму механизмі» монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке қатысушылардың ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келді. Бұл жағдайда: «инновацияның өзі мəні бойынша «технологиялық түрткі» не нарықтық сұраныс жүктемесі» дейтін ұғым болып табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан туындаған құбылысты білдіреді [6]. «Инновация» термині (ағылшын тілінде innovation) қазақ тіліне аударғанда жаңа енгізілім деген мағынаны береді. Ал «Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте» инновация — техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару аясында ғылым мен алдыңғы қатарлы тəжірибеге негізделген жаңалықтар, сондай-ақ осы жаңалықтардың əр түрлі тəжірибелік қызмет аясында жəне салалaрында пайдаланылуы деп түсіндіріледі [7]. Инновация мен инновациялық инфрақұрылым төңірегінде елеулі ғылыми зерттеу жүргізген отандық ғалым С.В.Могильныйдың бұл тұрғыда өзіндік пікірі бар. Ол, біріншіден, инновацияны — қандай да бір салада пайдалануына байланыссыз ғылымның, техника мен шығармашылық жетістіктерінің тəжірибеде қолданылуы арқылы көрініс тапқан интеллектуалдық қызметтің соңғы нəтижесі деп түсінеді. Екіншіден, инновация ерекше тауар түрі болып табылады. Ол нарықта əр түрлі қызмет аясына енгізілу арқылы өткізіледі. Үшіншіден, инновация — бұл əлеуметтік құбылыс, яғни қандай да бір қоғамның жаңалықтарға, қалыптасқан дəстүрлерді өзгертуге, бір кезеңнен екіншісіне өту құлқын анықтайды. Басқаша айтқанда, инновация мəдениеттің бөлшегі ретінде танылады, сондықтан да жаңалықтарға деген құлшынысты тек экономикалық тұрғыда ынталандырып қана қоймай, оны тəрбиелеп отыру керек. Мұның мысалы ретінде Азияның бірқатар елдерін келтіруге болады (Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур жəне т.б.), оларда жаңалықтар ұлттық мəдениеттің құраушы бөлігі ретінде қалыптасып, білім басты ресурсқа айналған. Аталған мемлекеттердің басымдығы білімге, білікті еңбекке жəне алдыңғы қатарлы технологияларға беріледі [8]. Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардың № 534-IV Заңында инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сəйкес «инновация — экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, əкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нəтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нəтижесі» деп түсіндіріледі [9]. Инновацияның негізгі сипаты оның түрлері мен жіктелу белгілері бойынша ашылады:  базистік инновациялар;  жақсартылған инновациялар;  кешенді инновациялар;  радикалды инновациялар. Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мəн береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді жəне ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханаларды, тəжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нəтижеге жетуі мүмкін (сур. қара). Инновациялардың пайдалану аясына байланысты жіктелуі келесідей:  ғылыми инновациялар — жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қайдай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;  ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар — ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару əдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;  əлеуметтік инновациялар — əр түрлі əлеуметтік топтарда қарым-қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа əдістері мен тəсілдерін қолданумен жəне осы бағыттағы басқа да іс-əрекеттерді жақсартумен байланысты;  технологиялық (өндірістік) — ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық əдістер мен тəсілдерді өзгертуге жəне жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үдеріске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;  экологиялық — қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;  саяси — мемлекеттің əлеуметтік, халықаралық, сыртқы ішкі бағыттағы іс-əрекеттерін жетілдірумен жəне оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;  мемлекеттік-құқықтық — жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тəсілдері, əділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;  рухани саладағы инновациялар — білімде, мəдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.
Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей түрде жіктейді:  жаһандық — бірнеше мемлекеттерде немесе əлем деңгейінде өзгерістердің пайда болуына алып келетін инновациялар;

Сурет. Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялардың категорияларға бөлінуі
 ұлттық — бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс жəне т.б. инновациялар;
аймақтық
— белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы бар инновациялар;
 нақты
— қандай да бір кəсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын инновациялар . Дегенмен, инновацияларды белгілі бір деңгеймен байланыстырып, оның ауқымын шектеп қоюға болмайды. Өйткені инновацияның тиімділігі кез келген субъект немесе қоғам үшін дəлелденгенде, оны пайдаланушылар тобы бірден кеңейеді. Əлемдік ортаның қазіргі байланысы, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, мүдделі топтардың тарату аумағын ұлғайтуға деген ұмтылысы инновациялардың жандануына себеп болады. Инновациялардың пайда болуы олардың белгілі бір функцияларды орындауын міндеттейді. Сондықтан да экономикалық категория ретінде инновациялардың атқаратын негізгі функцияларын сипаттау қажеттілігі туындайды. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
Базистік инновациялар
Жақсартылған инновациялар
Кешенді инновациялар
Радикалды инновациялар
Нарықта бұрын болмаған өнімдердің, қызметтердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді .Нарықта бар тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың параметрлерін жетілдіруге бағытталған Əлемдік тəжірибеде сынақтан өткен тəжірибелерді жинақтай отырып, əр түрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал етеді (мəселен, ұялы телефондарды сөйлесу құралдарынан басқа фотоаппарат, радио, есептегіш құрал, плеер жəне басқа да мақсаттарда пайдалануға болады) Жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді (ғылымдағы жаңа бағыттар – гендік инженерия, биотехнология, нанотехнология, жəндіктерді клондау жəне т.б.)
Инновациялық қызметке əдетте мына түрлерін жатқызады:
 қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
 экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісті дайындауға бағытталған ғылымиізденушілік, жобалық, тəжірибелік-конструкторлық жəне технологиялық жұмыстарға қызмет ету жəне орындау;
 инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды), өткізу нарықтарын ұйымдастыру;
 технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;
 жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
 жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру жəне инновациялық жоба нормативті ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;
 инновациялық инфрақұрылымды құру жəне дамыту;
 инновациялық қызмет нəтижелерін дəріптеу жəне инновацияларды тарату;
 игеру жəне іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беру, иемдену жəне қорғау;
 инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері.
Біздің пікірімізше, отандық ғалым С.В.Могильныйдың пікірі неғұрлым кеңірек жəне толығырақ берілген түсінік болып табылады. Осы ұғымға сүйене отырып, жасалған зерттеулер қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықты игеру жылдамдығы мен экономикалық жəне технологиялық бəсекелестік қарқынды дамып келе жатқандығын көрсетеді. Кəсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде, іргелі зертттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылады, өндірістік жағдайға тез бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда. Дегенмен инновацияны игеру бойынша Қазақстан кəсіпорындары дамыған елдермен салыстырғанда кешеуіл қалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру