1-тақырыптың блок-сызбасы Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Комплексті иондардағы химиялық байланыстың механизмі



бет65/181
Дата20.11.2021
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181
Комплексті иондардағы химиялық байланыстың механизмі

1-мысал. Ag(NH3)2]+ ионындағы күміс атомының (Ag) құрылысы … 4d105s15p0 екенін ескерсек, күміс ионының (Ag+) құрылысы… 4d105s05p0 болуы керек. Координациялық саны 2-ге тең, соған сәйкес, күмістің орталық атомы лигандтармен химиялық қос байланыспен байланысқан: Ag+ ионының бос АО аммиактың (NH3) екі молекуласының бөлінбеген электрондық жұптарымен координациялануы керек. Байланыс түзілу үшін екі АО қолданылған: бір 5s- және бір 5p-орбитальдары, sp- гибридтелу түзіледі және комплекстің конфигурациясы сызықты болады.
2-мысал. Zn(OH)4]2 ионындағы мырыш атомының (Zn) құрылысы … 3d104s24p0 екенін ескерсек, мырыш ионының (Zn2+) құрылысы … 3d104s04p0 болуы керек. Координациялық саны 4 тең, соған сәйкес, мырыштың орталық атомы лигандтармен төрт химиялық байланыс түзеді: Zn2+ ионының бос АО гидроксидиондардың (ОН) төрт бөлінбеген электрон жұптарына тартылады. Байланыс түзілу үшін төрт АО қолданылған: бір 4s және үш 4p орбиталь-дары, sp3 – гибридтелу түзіледі және комплекс тетраэдр пішіндес болады.
3-мысал. PdCl4]2 ионындағы палладий атомының (Pd) құрылысы …4d105s05p0 екенін ескерсек, палладий ионының (Pd2+) құрылысы … 4d85s05p0 болуы керек. Координациялық саны 4 тең, соған сәйкес, палладидің орталық атомы лигандтармен төрт химиялық байланыс түзеді: Pd2+ ионының бос АО хлорид-иондарының (Cl) төрт бөлінбеген электрон жұптары түсуі керек. Хунд ережесі бойынша екі dАО жұптаспаған электрондармен толтырылған. Лигандтар өрісі әсерінен екі d–электрондарының жұптасуы dАО босауына әкеледі. Сондықтан, байланыс түзілу үшін төрт АО қолданылады: бір 4d, бір 5s және екі 5p орбитальдары, гибридтелу түрі – dsp2. Комлекстің геометриялық пішіні – квадрат тәрізді.
4-мысал. Со(NH3)6]3+ ионындағы кобальт (Со) атомының құрылысы … 3d74s24p0 екенін ескерсек, кобальт ионының (Со3+) құрылысы … 3d64s04p0 болуы керек. Координациялық саны 6 тең, соған сәйкес, кобальттің орталық атомы лигандтармен алты химиялық байланыс түзеді: Со3+ ионының бос АО аммиак (NH3) молекуласының алты бөлінбеген электрондық жұптарымен координацияланады.

Хунд ережесі бойынша төрт d–АО жұптаспаған электрондармен толтырылған. Лигандтар өрісі әсерінен екі d–АО босауына әкелетін төрт d–электрондарының жұптасуы байқалады. Байланыс түзілу үшін мұндай жағдайда алты АО қолданылады: d2sp3 – гибридтелуге сай екі 3d–, бір 4s– және үш 4p- орбитальдары қатысады. Комплекстің геометриялық пішіні – октаэдр тәрізді. Со(NH3)6]3+ сияқты комплексті қосылыстарды ішкі орбитальдық деп атайды.

Лигандтарының өріс күші орталық атомдардың d–электрондарының жұптасуы үшін жеткіліксіз болатын комплекстер болады, мысалы [CoF6]3. Мұндай жағдайда комплекс түзушінің лигандпен алты байланыс түзуі ішкі деңгейдегі орбитальдар есебінен болады: бір s–, үш р– және екі d–орбиталдары қатысады. Гибридтелу түрі – sp3d2. Комплекстің геометриялық пішіні – октаэдрлік. [CoF6]3 сияқты комплекстерді сыртқы орбитальдық деп атайды.

Лигандтардың комплекс түзуге әсер ету (өріс күші) қабілеті бойынша оларды мына қатар бойынша орналастыруға болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік