1 тақырып. ТҰтас педагогикалық Үдерістің (ТПҮ) МӘні және қҰрылымы 1«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі»


Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы



бет5/8
Дата14.09.2022
өлшемі89.59 Kb.
#290416
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
л 1501-10.Қадырбек Б. Құрақбай С.
адистеме
1.6Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогика-лық үдерістің негізгі бір бөлігі - оқыту үдерісі.

Оқыту құбылысының әртүрлі деңгейде: жалпы педагогикада, дидактикада, әдістемеде, психологияда бейнеленуінің өзіндік ерекше- ліктеріне тоқталайық.


Педагогика деңгейінде оқыту – қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті педагогикалық әрекеттің тұтас қыры.
Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен үйренудің бірлігі.
Әдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.
Психология деңгейінде оқыту –нәтижесінде оқушының интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын мұғалім мен оқушының өзара іс- әрекетінің жиынтығы.
Педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларда оқыту жеке су- бъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқы-ту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқытуда бар-лық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұ-ғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйре-нуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олар-дың білімдері, біліктері мен
дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсін-діргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстар-ды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы қызметі». Оқыту өзара байланысты, бірақ екі дербес субъектінің – мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетілген.
Тұтас педагогикалық үдерістің келесі бөлігі – тәрбие үдерісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жал-пыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құрайтын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуы-ның жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында та-бысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек
Педагогикалық үдерістің психологиялық құрылымы: танымдық үдерістер (қабылдау, ойлау, еске сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызы- ғушылық (оқуға қызығуды, қабілетті ынтаны айқындау), қуат (көте-ріңкі не түсіңкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымын жан-жақты ашуға тырысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде