1-тақырып : Психология пәні, міндеттері және әдістері. Жоспар



бет3/25
Дата21.09.2021
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Психология

  • Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
  • Психологияның негізгі міндеттері:
  • Жалпы психологияның құрылымы
  • Психологияның таным процесі
  • Түйсік
  • Қабылдау
  • Қиял
  • Ойлау
  • Зейін
  • Ес - Елес
  • Сөйлеу
  • Эмоция
  • Темперамент
  • Сезім
  • Мінез
  • Қабілет
  • Ерік
  • Борис Феодорович Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары” атты еңдегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе,”бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”,- деп жазды. Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын,олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын ,сонымен қатар бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап береді. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер- “әлеуметтік”және “биологиялық”. Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын,оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.
  • Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама – қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
  • Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды.
  • Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама – қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
  • Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл- Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
  • Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар