1. Табу және эвфемизм. Табу



бет1/11
Дата02.04.2021
өлшемі78.63 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10-апта

№ 13-ОЖСӨЖ мазмұны:

Табу, эвфемизм сөздерінің пайда болу ерекшелігі

Эвфемизм және дисфемизм сөздердің фразеологизмдермен байланысы

Омонимдер мен сөздің көп мағыналылығының ұқсастығы мен айырмашылығы

1. Табу және эвфемизм. Табу – индонезия тiлiнен алын¬ан термин болып, тыйым салу деген ма¬ынаны бiлдiредi.

Дiни ырымшылдыққа байланысты сөздердi бүркемелеп айту табу деп аталады. Өазiргi қазақ тiлiнде табу сөздерi дiни ырымшылдықтың, қаран¬ылықтың жайылуына байланысты архаизмге айналды. Бұрын¬ы кезде табу сөздерiн қолда¬ан әсiресе қазақ әйелдерi бол¬ан. Ерте кездегi әдет-¬ұрыпқа байланысты кҮйеуiнiң және және оның а¬айындарының аты болатын сөздердi олар тура айта алмаған. Мысалы:

…Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір сүріпті. Бұлардың отырған ауылы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйінде әңгіме дүкен құрып отырады. Бір кезде ауылдың иттері жабыла үріп, шулап қоя береді. Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға жақта күйбеңдеп жүрген келінге: — Шырағым, иттер неге үріп кетті, байқап келші, — деп жұмсайды. Келін жүгіре басып далаға шықса, ауылдың. Арт жағында үлкен бір аю түлкіні қулап барады екен де, иттер соған үріпті. Үйге кайта еңбек болған келін кенет: «Япырау, мұның бәрі аталарымның аты ғой, қалай айтсам екен? — деп, қысыла ішке енеді.

Иә, балам, иттер неге үріпті? — деп сұрайды ақсақалдардың бірі. Сасқалақтаған келін:



Ауыл сыртында, аршалы бетте, атекем тәтекемді зыттыра қуып бара жатыр екен, осы ауылдагы жәкемдердің бәрі соларға қарап үріп жүр,— депті («Қ. Әйелд.».) Бұл — табудың нағыз тамаша көрінісінің бірі. Мұндағы атеке деп отырғаны —Аюбай ақсақал; тәтекесі — Түлкібай қария; Жәкемдері — Итбай шал ескі әдет-ғұрып бойынша, келіндер қайын ата, кайын інілерінің дәл атын атай алмайды, басқашалап келтіреді. Мұндай әдет-дәстүр түркі халықтарында ертеректен бар: Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп бауыздап келдім, — депті бір келіншек қайын енесіне. Мұндағы сылдырама — қамыс; сарқырама — өзен; маңырама — қой; ұлыма қасқыр; жаныма пышақ; білеме қайрақ. Сонда бұл келіншектің Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Пышақбай, Қайрақбай тәрізді қайын ата, қайын інілері болғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде