1-т а қ ырып жер қҮҚЫҒының ТҮсінігі, ПӘНІ, ЖҮйесі және қАҒидалары


Қала және баска да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі



бет7/9
Дата09.09.2017
өлшемі172.28 Kb.
#19852
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Қала және баска да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі

Елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және кала күрылысының тиісті органдары бірлесіп жасаған үсыныс бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген кала кұрылысы күжаттамасы негізінде жүргізіледі.

1. Республикалык маңызы бар калалар мен Казакстан Рес- публикасы астанасының шекарасын (шегін) - Казакстан Респуб- ликасы Үкіметінің үсынуымен Казакстан Республикасының Президенті белгілейді және өзгертеді.


    1. Облыстык маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — Казакстан Республикасы Үкіметімен келісім бойынша облыстык өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

    2. Аудандык маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — облыстык өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

    3. Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегі) — аудандык (калалык) өкілді және аткарушы органдардын бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Жер учаскелерін кала, кент, село шегіне косу осы учаскелер- ге меншік қүқығын немесе жер пайдалану күкығын токтатуға әкеп соқпайды. Калалардың, кентгердің, селолык елді мекендердің барлык жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен күры- лыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылык орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

Түрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамы гу мен онда күрылыс салудың бас жоспарының оңай- латылган схемасымен немесе белгіленген тәртіппен бекітілген кала күрылысы күжаттамасымен жерді пайдалануға жол берілсді.

Ортак пайдаланудагы жерден жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың ортак пайдалануға нұксан келтірмей, жеңіл үлгідегі күрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскі- лерді, жарнама кұрылғыларын және баска да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уакытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бүл ретте ортак пайдаланудагы жер күрамынан, оның ішінде ба- зарлар, акылы автотүрактар (автопарктер) орналастыруы үшін жол (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді.

Ортак пайдаланудагы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортак пайдаланудагы жер күрамынан шығарганнан кейін ғана берілуі мүмкін.

Зираттарорналаскан және соларга арналған ортак пайдаланудагы жерден елді мекеннін кайтыс болған әрбір түрғынын немесе осы елді мекенде кайтыс болған түрғылыкты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесі тегін бөлінеді.
3. Қала манындагы аймақгардың түсінігі

Кала маңындагы аймақтар дегеніміз — жерінің қүрамына кала- мен біртүтас әлеуметгік, табиғи және шаруашылықаумак күрайтын кала шегінен тыс жерлер.

Кала маңындағы аймактарда кала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін каркынды дамыту, кала кұрылысын ерекше рет- теу аймактарын (каланы дамытуға, инженерлік және көлік инф- ракүрылымының қалыпты жүмыс істеуі үшін кажетті ғимарат- тарды орналастыру мен салуға арналған резервтегі аумактарды), корғау әрі санитарлык-гигиеналык кызмет аткаратын және ха- лыктың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері және баска да жасыл екпелер алып жатқан жасыл ай- мактарды белгілей отырып, аумакты аймақтарға болу жүзеге асы- рылады.

Калалардын кала маңы аймақтарынын мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет және қала қүрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған үсынысы бойынша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік орган- дар белгілейді және өзгертеді.

Жерді кала маңы аймағына қосу бүл жерге меншік қүкығы мен оны пайдалану қүкығыныңтоқтатылуына әкеп соқпайды.

Астана қаласы мен республикалык маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы кала маңы аймағына қосылған тиісті облыстық атқарушы органдармен келісілген, аталған калалардын атқару- шы органдарының үсыныстары бойынша Казакстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
12-т а қ ы р ы п ӨНЕРКӘСӀП, КӨЛӀК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА АРНАЛМАҒАН ЖЕРЛЕРДӀҢ ҚҮҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


          1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, қүрамы. Әндіріс жерлерін пайдалану ерекшеііктері.

          2. Көлік жерлерінің түсінігі, қүрамы.

          3. Қорганыс жерлерінің тусінігі, қүрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

          4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, қүрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

          5. Жерді ерекше иіарттармен пайдалану аймақтары Және ол жерлердің қүқықтық жагдайы.

1. Өндіріс жерлерінің тусінігі, қүрамы.

Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері

Казакстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматгар мен занды түлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа ар- налған жер деп танылады.

Карастырып отырған санаттагы жерлер өз алдына өнеркәсіп, энергетика, көлік, байланыс, корғаныс жерлері болып бөлінеді.

Өнеркәсіп жері дегеніміз — өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жерлер. Өнеркәсіп объектілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылық мақса- тына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылык алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналаскан жерлерді түрғылықты халықтың қауіп- сіздігін камтамасыз ету мақсатында бүл аймақтарда, корғаныш, санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар белгіленеді. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық қүжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

2. Көлік жерлерінін түсінігі, құрамы

Көлік жерлерінің күқықтық жагдайы Казакстан Республикасынын 1994 жылы 24 кыркүйекте кабылданған Көлік туралы және 2001 жылы 8 желтоксанда қабылданған Казакстан Республикасының Темір жол көлігі туралы Заңмен, Автомобиль көлігі туралы, Ӏшкі сулар көлігі туралы заңмен сонымен катар Жер кодексімен реттеледі.

Көлік жері дегеніміз — автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің кызметін камтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жерлер.

Казақстан Республикасынын Көлік туралы заңына сәйкес, көлік түрлері келесідей болып бөлінеді: Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе, кұбыр магистралі және метрополитен.

Темір жол көлігі қажеттеріне арналган жерге:


            1. магистраль жолдарына және солармен технологиялык бай- ланыстағы күрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдык жабдыктар, кызметгік-техникалық үйлер);

            2. кірме жолдарға;

            3. энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк іпаруашылыкатары, сумен жабдыктау және канализация күрылыстары, коргау және бекіту екпелері, кызметтік және темір жол көлігіне кызмет кәрсететін арнаулы максаттагы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);

            4. темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймакгарына бөліп берілген жер жатады.

Темір жол көлігінің кажетгеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау- техникалык күжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.

Темір жол көлігінін күзет аймактарына: орманды коргау белдеулері, көлік күрылыстарының, күрылғылары мен баска да объектілерінің сакталуын, төзімділігі мен орнықтылыгын кам- тамасыз ету үшін кажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналаскан, сел қаупі, көшкін каупі бар аймактардағы және баска да кауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.

Автомобиль келігі қажеттеріне арналған жерге:


              1. автомобиль жолдарына, олардын конструкциялык элементтері мен жол ғимараттарына және олармен технологиялык байланыскан күрылыстар және ғимараттарға;

              2. автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігінің баска объектілерін және жер беті мен жер асгы үйлерін, күры- лыстарын, ғимараггарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үіиін кажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін;

3) автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінін кажеттері үшін бөліп берілетін белдеу- ге арналған жер учаскелері жолдын санатына байланысты және жобалау күжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардын негізінде беріледі.

Жол бойындағы белдеулерде және ортак пайдаланудағы халыкаралык және республикалык автомобиль жолдарына бөліп берілген белдеулерде, жол қызметі объектілері мен жол сервисі объектілерін коспағанда, күрделі ғимараттар күрылысына ты- йым салынады

Теңіз және ішкі су көлігінің қажеттеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлактар, пристаньдар, гидротехникалык ғимараттар, жер беті және жер асты үйлерін, күрылыстарын, ғимаратгарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті баска объекті- лерді және теңіз және ішкі су көлігінің баска да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеай- лактар, аэровокзалдар, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті мен жер асты үйлерін, кұрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта күру, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті баска да жер үстіндегі объектілерді және әуе көлігінін баска да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер, сондай-ак олардын күзет аймақтары жатады.

Қүбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су кұбырын, газ күбырын, мүнай күбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, кұрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пай- далану, күтіп-үстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті объектілерді және күбыр жүргізу көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Аталган жерге шекарасы белгіленген тәртіппен бекітілген күрылыс нормалары мен ережелерінің, магистральды қүбырлар- ды күзету ережелерінің және баска нормативтік кұжаттардың негізінде аныкталатын, жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральды күбырларды күзету аймактары да жатады.

3. Қорғаныс жерлерініңтусінігі, кұрамы.

Пайдалану ерекшеліктері

Қорғаныс жерлері дегеніміз - Қазақстан Республикасы Үкіметі корганыс пен кауіпсіздік саласында міндетгер атқаратын Карулы күштер үйымының әскери бөлімдерін, әскери полигон- дарын, әекери-оқу орындары мен басқа да үйымдарын және басқа әскерлерді, олардың объектілері мен қүрылыстарын орналас- тырып, түрақты жүмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындагы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттін менші пнде болады.

Қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс-шаралар жүргізу үшін жерді уакытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерінің меншік иелерінен және жерді пайда- ланушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.

Қорғаныс мақсатындағы жерлерді іздестіру жүмыстарын жүргізу ушін пайдалануы мүмкін, бүл жагдайда рұқсатты облыстык аткарушы орган береді.

Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кор- ғауды және күзетуді қамгамасыз ету мақсатында инженерлік-тех- н и калы к қүрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, ше- карадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы аркылы өту пункттерін жайғаетыру мен күтіп-үстау үшін жер учаскелері беріледі. Сонымен катар, аудандык аткарушы органдар әскери болімдермен келісім бойынша, корғаныс қажеттеріне берілген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және занды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерін уакытша жер пайдалануға бере ала- ды.



4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, қүрамы.

Пайдалану ерекшеліктері

Байланыс дегеніміз — ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталықақша аударымдарын қабылдау, жи- нау, өндеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Байланыс желісі дегеніміз — байланыс қүралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялык жүйе. Байланыс жолдары — тарату жол- дары (кэбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және баскалары), бай- ланыстыңфизикалықтізбектері және жол-кәбілдік құрылғыла- ры, оның ішінде магистральдық (халыкаралықжәне қалааралық) жолдар.

Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерлер дегеніміз — тиісті инфрақұрылым- дардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлінігі берілген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймакта- ры белгіленеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін ай- мағы - байланыс жолының бойында және байланыс объекті- лерініңайналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және күры- лыстарымен коса жер учаскесі.

Байланыс желілерінің сакталуын, техникалық қүралдардың, ғимараттар мен күрылғылардың пайдаланылуын камтамасыз ету максатында күзетілетін аймактар мен соқпақтар белгіленеді, олар жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табыла- ды. Күзетілетін аймақтарға енгізілген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленеді. Мұндай жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып коюға жатпайды. Күзетілетін ай- мактарды белгілеу тәртібін және олардағы жүмыс режимін уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақгардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Казакстан Республикасынын Жер кодексіне сәйкес, жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.

Энергетика жерлері сәйкес энергетикалық объектілерді орналастыру үшін аумақтық кеңістік ретінде танылады. Энергетика жерлері екі түрге бөлінеді:

гидроэлектростанцияларды, атом станцияларын, ядролық материалдар мен радиоактивті заттардысақтайтын қоймаларды, жылу бекеттерін орналастыру үшін арналған жерлер;

электр таратудың әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінін жер бетіндегі күрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін, энергетиканың баска да кұрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелері.

Тұрғын халыктын кауіпсіздігін камтамасыз ету және энергетика мен байланыс объектілерін пайдалануға жағдай жасау үшін, белгіленген тәртіппен бекітілген күрылыс нормалары мен ережелері, электр желілері мен байланыс желілерін корғау ережелері және баска да нормативтік күжаттардын негізінде электр желілері мен байланыс желілерін күзету аймактары белгіленуі мүмкін



5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактары және ол жерлердің қүкықтык жағдайы

Түргын халыктын кауіпсіздігін камтамасыз ету және өнер- кәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін кажетті жағдайлар жасау максатында аймактар белгіленеді, ай- мактарды белгілеу максаттарына сай келмейтін кызмет түрле- ріне олардын шегінде шек койылады немесе тыйым салынады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактарына:


  1. өнеркәсіп орындарынын санитарлык-корғау аймактары;

  2. темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жаткан, сел-көшкін каупі бар және орманды корғау аймактары;

  3. бас саға күрылыстарын корғау аймактары;

  4. әуе айлақ манындагы белдеулер;

  5. магистральды күбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінін күзет аймактары;

  6. су күзету аймактары мен белдеулері;

  7. әскери полигондардын аумағы жатады.

Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймактарға енгізілген жер сол жерлерде арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға күрылыстарын күзету аймағының бірінші белдеуін коспағанда, аталған жерлер жер учаскелерінін меншік иелері мен жер пайда- ланушылардан алынып койылмайды.

Аталған аймактардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау-техникалық күжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім кабылдаған орган айкындайды.


13-т а қ ы р ы п ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

/. Ерекше қоргалатын табиги аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.



2. Қорық жерлерінің қүқықтық жагдайының ерекшеліктері, улттық дендрологиялык және зоологняіық парктердің қуқықтық жагдайының ерекшеліктері.

            1. Ботаникалық бақтарга және табиги ескерткіштерге берілген жерлердін, қуқықтық жагдайы.

            2. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттагы жерлердін, тусінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жагдайы.

            3. Тарихи-мәденимақсаттагы жерлердін, тусінігі, қурамы, олардың қуқықтық жагдайы.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумак жерлерінің түсінігі.

Пайдалану ерекшеліктері

Ерекше корғалатын табиғи аумак жерлерінің кұкыктык жағ- дайы Казакстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде кабыл- данган Ерекше корғалатын табиғи аумактар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше корғалатын табиғи аумактар- дыңжеріне биосфералык, мемлекеттік ұлтгык табиғи парктердін, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік корык аймактарының, мемлекеттік табиғи корыкшалардың, мемлекеттік зоологиялык парктердің, мемлекеттік ботаникалык бактардың, мемлекеттік дендрологиялык парктердің, мемлекеттік табиғи корык-сепортерлердің жерін косканда, мемлекеттік табиғи қорыктардыңжері жатады.

Ерекше корғалатын табиғи аумак жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:


  • Бұл жерлер ерекше корғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәде- ни, рекреациялык, сауыктыру немесе өзге кұндылығы болуы кажет;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерлері, сондай-ак мемлекеттік табиғи-корык корының объектілері орналасқан өзге де санатгардағы жерлердін жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерін алып коюға, сондай-ак оларды баска санатгардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылык айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың жерлерінде олар- дын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген кызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде корғаудың ерекше режимі белгіленген;

  • Ерекше корғалатын табиғи аумактардың табиғи кешендері толык немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге ша-

руашылык пайдаланудан алып койылады және олардын ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялык маңызы ескеріле отырып, толем шартымен пайдаланылады.

Мемлекеттік табиғи корыктарды, мемлекеттік ұлттык табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді. мемлекеттік зоолоғиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалык бактарды, мемлекеттік дендрологиялык парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін кұру кезінде жер учаскелері баска санаттардағы жерлер кұрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдала- нушыларынан алып кою жолымен ерекше корғалатын табиги аумактар жерлерінің санатына ауыстырылады.

Жерді ерекше корғалатын табиғи аумактарға жаткызу мүдделі орталык аткарушы органдардың үсынымы бойынша мемлекеттік экологиялык сараптаманың және ерекше корғалатын табиғи аумактар саласындағы уәкілетті органның табиғи-ғылыми және техникалык-экономикалык негіздемелеріне он қорытынды бол- ған кезде жүргізіледі.

Жерді республикалык маңызы бар ерекше корғалатын табиғи аумактарға жаткызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қор- шаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, орталык аткарушы органмен келісіледі және оны облыстың (республикалык маңызы бар каланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уөкілетгі органы бекітеді.

Жерді республикалык маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумактарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жо- басы және облыстык аткарушы органның осы мәселе бойынша шешімі негізінде ерекше корғалатын табиғи аумактар саласын- дағы уәкілетті орган облыстын (республикалык манызы бар кала- ның, астананын) жер катынастары жөніндегі уәкілетті органы- мен бірлесіп Казакстан Республикасы Үкіметінің осы мәселе бойынша шешімінің жобасын дайындайды.

Ерекше корғалатын табиғи аумактарда орналаскан үй-жайлар (күрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және баска да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат корғау мекемелеріне жедел баскару кұкығымен беріледі. Соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар тұракты пайдаланылған ал баска тұлғаларға тек кана уакытша пайдалануға келесі мақсаттар үшін бүл:


            1. Ғылыми;

            2. Мәдени-ағартушылык;

            3. Оку;

            4. Туристік жөне рекреациялык;

            5. Шектеулі шаруашылык максатына.

Ерекше корғалатын табиғи аумактык жерлерінде үш режим колданылады:

              1. Корықгык режим;

              2. Заказник режимі;

              3. Шаруашылык кызмет режимі.

Корык режиміиде кез келғен кызметке, сондай-ак коршаған органы жай күйіне зиянды ыкпал жасайтын барлык кызмет түрлеріне тыйым салынады.

Заказник режимі шаруашылық және өзге де кызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде, белгілі бір арнаулы жерде ғана коршаған ортаға зиян келтірмейтін қызметтерге рұқсат етілген. Мысалы, ағаш кесуге, аң және балықаулауға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етіледі тек кана белгілі бір маусымда, мерзімде.

Шаруашылық қызмет режимі, табиғи кешенмен шектеулі түрде пайдалануға, сонымен катар, жер меншік иелері мен жер пайда- ланушылардың табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиян тигізбейтін әдістермен тәсілдерді колдана отырып, шаруашылык қызметтін әдеттегеі түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.

2. Қорық жерлерінің қүкықтық жағдайының ерекшеліктері, үлттық дендрологиялык және зоологиялық парктердің қүқықтық жағдайынын ерекшеліктері

Қазакстан Республикасында казіргі кезде бірнеше мемлекеттік табиғи корык бар. Ен бірінші 1926 жылы күрылған Аксу жабағылы корығы Оңтүстік Казакстанда кұрылған оның көлемі 85,6 мын га жер. Екіншіден, 1931 жылы күрылған Наурызым корығы, бұл корык Қостанай облысында орналаскан оның көлемі 87,7мың га жер. Үшіншіден, 1960 жылы кұрылған Алматы корығы. Төртіншіден, Барсакелмес корығы олардың көлемі 79,7мың га жер. Бесіншіден, 1968 жылы құрылған корғалатын қор бұл корык Акмола облысында орналаскан көлемі 252,3 мың га жер. Алтын- шыдан, 1984 жылы күрылған Маңғыстау облысы Үстүрт корығы 223,3 мың га жер. Жетіншіден, 1992 жылы кұрылған Батые Алтай корығы Шығыс Казакстан облысында құрылған көлемі 56, Ӏмың га жер. Сегізіншіден, 1998 жылы кұрылған Алакөл корығы бүл Алматы облысы орналаскан көлемі 12,5 мың га жер. Тоғызын- шыдан, 1976 жылы кұрылған Шығыс Қазақстан орналаскан Мар- қакөл корының көлемі 75 мың га жер.

Мемлекеттік табиғи корык — табиғат қорғау жөне ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше корғалатын табиғи аумак, оның кызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен күбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардын жекелеғен түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялык жүйелерді сактау мен зерделеу және оларды калпына келтіру болып табылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді