1-т а қ ырып жер қҮҚЫҒының ТҮсінігі, ПӘНІ, ЖҮйесі және қАҒидалары


Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне қүқықтар алу



бет4/9
Дата09.09.2017
өлшемі172.28 Kb.
#19852
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне қүқықтар алу. Жер учаскелерін алуға кұкығы бар азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың меншігіне мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке беру өтеулі негізде жүзеге асырылады.

Жер учаскелері Казакстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:



  1. ауылдык жерлерде өзіндік косалкы шаруашылык (үй ма- ңындағы және егістік телімдерді коса алғанда) жүргізу үшін — суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

  2. жеке түрғын үй кұрылысы үшін — 0,10 гектар;

  3. бағбандык, сондай-ак саяжай кұрылысы үшін - 0,12 гектар.

Жер учаскелерінің аталған максатгар үшін қайталап тегін бе- руге жол берілмейді.

Жеке немесе мемлекеттік емес занды түлға бұрын өзіне жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға ниет білдірген жағдайда, осы тұлға облыстың (республикалык маңызы бар каланың, астананың), ауданның (облыстык маңызы бар каланың) жергілікті аткарушы органына өтініш береді.



2. Жерге меншік құқығының және пайдалану қүқыгының тоқтатылуы

Жерге меншік кұкығын және баска да кұкықтарды токтату негіздері ерікті немесе мәжбүрлі түрде болуы мүмкін. Бұл негіздер Жер кодексінін 81-бабында көрсетілген. Жер учаскесіне жеке меншік кұкығы немесе жер пайдалану кұкығы келесі ерікті негіздер бойынша токтатылады:



        1. меншік иесі - жер учаскесін немесе жер пайдаланушы жер пайдалану кұкығын иеліктен шығарып баска тұлғаларға берген жағдайда. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы азаматтык кұкыктык мәмілелер негізінде өз жер учаскесіне кұкығын окшау- лауына болады.

        2. меншік иесі меншік кұкығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану кұкығынан бас тарткан жағдайда. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етіп, не жер учаскесіне катысты өзіне тиесілі кұкыктарын сактау ниетінсіз олардан бастартатыныи айкын білдіретін баска да іс-өрекетжа- сагі, өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құкығынан немесе жер пайдалану кұкығынан бас тарта алады.

Уакытша жер пайдалану құкығынан немесе жеке меншіктегі жер учаскесін уакытша пайдалану құкығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жер учаскесінін меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құкықтарынан бас тартқанын айкын білдіретін іс-әрекет жасаған жағдайда (басқа жаққа кету, учаскені ұзак уакыт бойы пайдаланбау және басқалар), жер кадастрын жүргізетін органдар жылжымайтын мүлікке құқыктарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға хабарлай отырып, бүл учаскені иесіз мүлік ретінде есепке алады.

Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күннен бастап бір жыл еткеннен кейін тиісті аткарушы орган жер учаскесін мемлекеттік меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотка жүгіне алады. Сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылма- ған иесіз жер учаскесін калдырып кеткен оның меншік иесі немесе жер пайдаланушысы иеленуге, пайдалануға және билік етуге кайтадан алуы не ол алу мерзімінің өтуі себепті меншікке немесе жер пайдалануға алынуы мүмкін.
3. Жер учаскесін алып (сатып алу) кою, түрлері және тәртібі

Жер учаскесін алып кою мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Оның келесі түрлері бар :



            1. Жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі мемлекеттік кажеттіктер үшін сатып алуды коса алғанда, алып қойылған болса;

            2. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану кұкығынан өндіріп алу жүргізілген болса;

Мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Казакстан Республикасынын зандарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесі меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып койылған болса;

Жер кұкығының институты ретінде — жерді алып коюмен және оның салдарынан туындайтын құкыктык қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын құрайды.

Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құкығының тоқта- тылу негізі ретінде - бұл заттық құкықтардың күштеп токтаты- луы. Бұл ретте алып қоюдың барлығы аталмыш кұкықтардын токтатылуына негіз болмайды.

Жер қорын басқару фукциясы ретінде — мемлекеттік орган- дардың меншік кұкығын немесе жер пайдалану құқығын оны кайта бөлу максатында тОқгатуға негізделген заңи маңызы бар әрекет- терінің жиынтығы.

Жауапкершілік шарасы ретінде, жер учаскесін алып кою жер- кұкыктык жауапкершілік жүйесінде ерекше жағдайларда колда- нылады. Жер кұкыктык жауапкершілік жер зандарыныңталап- тарын жүйелі түрде бүзған жағдайларда колданылады.

Жер учаскесін алып коюмен байланысты кұкыктык қатынас- тар өзінің мазмұны бойынша өте күрделі қатынастар және өзіне тән ерекшеліктері де бар.

Бірініиіден, жер учаскесін алып қоюдың міндетті субъектісі мемлекеттік орган болып табылады (жергілікті аткарушы орган- дар немесе сот органдары). Бұл ретте егер жер учаскесін алып коюдын міндетті субъектісі болып аткарушы биліктін мемлекеттік органдары танылса, онда қандай кұкыктык катынастар әкімшілік кұқықтық катынастар болып табылады.

Екіншіден, жер учаскесін алып кою кешенді кұкыктық каты- настарды тудырады. Олар, жер кұкыктык катынастар, әкімшілік кұкыктык катынастар, азаматгық кұкыктык катынастар, тұрғын үй катынастары және әлеуметтік қатынастар.

Үшіншіден, жер учаскесін алып қою көп жағдайда аты айтып тұрғандай еріксіз, мәжбүрлеу аркылы жүзеге асырылады. Яғни жер учаскесінін меншік иесінің немесе жер пайдаланушының еркінен тыс алынып койылады және күштеу сипатына ие болады.

Жер учаскесін алып коюмен байланысты кұкыктық қатынас- тардың катысушылары болып занда көрсетілген кұкыктар мен міндеттерді иеленуші күкық субъектілері ғана бола алады. Бүл орайда мүндай күкыктык катынас субъектілерінің барлығын жер учаскесін алып коюдың субъектілері ретінде карауға болмайды. Мысалы жер учаскесін алып кою кезінде делдалдык кызмет ат- кару негізінде (техникалык немесе өзге де көмек көрсетушілер) күкыктык катынастарға катынасушылар субъект ретінде таныл- майды. Жер учаскесін мемлекет кажеттіктері үшін алып кою кезінде алып кою процесі белгілі бір аткарушы органның қаты- суымен жүргізіледі.


4. Жер мәмілелері. Жерге ақы төлеуді қүқықтық реттеу

Жер мәмілелері дегеніміз - жер құкық катынастарын туын- датуға, өзгертуге және токтатуға бағытталған жеке және занды тұлғалардың занды және ерікті әрекеті. Жермен жасалатын мәмілелерге жер учаскесін сату-сатып алу, жерді жалдау, жерді сыйға тарту, жерді кепілге беру т.б. мәмілелер жатады. Қазіргі қалыптаскан нарық жағдайында, жер учаскесінің азаматтык ай- налым объектісі ретінде танылған уакытта жер нарык қатынаста- рына мемлекеттің араласуы орынды болып отыр. Бүгінгі күнде мемлекет жер нарығын реттеуге келесі әдістер: жерге азаматтық кұкықтарды жүзеге асыру тәртібін занды түрде белгілеу арқы- лы; жер учаскелерінің шаруашылык айналым қабілетін құқықгық шектеуді белгілеу арқылы; жер учаскесінің айналымына рұқсат беру жүйесін енгізу аркылы; жермен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру зандылығын қадағалау, яғни, жер учаскесімен жаса- латын мәмілелерді міндеггі мемлекеттік тіркеуді орнату аркылы катысып отыр. Осыдан байкайтынымыз, Қазакстан Республика- сында жер катынастарын мемлекеттік реттеудің өте кушті, яғни жер ресурстарын экономикалыктәсілдер аркылы баскару, жер нарығын куру және мемлекеттік реттеу, жерді кепілге коюды калыптастыру, мемлекеттік жер кадастры жүйесін енгізу сиякты тетіктері калыптаскан. Осы тұрғыда, отандык заңгерлер: «Кдзак- станда жер нарығын мемлекеттік реттеу мәселесін толык калыптастыру үшін келесі кағмдаларды үстану керек, яғни, ірі жер ла- тифундыктардын қүрылуына жол бермеу, шаруашылык кызмет ушін пайдалану барысында жерді табиғат сыйы ретінде эколо- гиялыкталаптардыңсакталуын камтамасыз ету, жерді өз сапа- сына байланысты негізгі максатына сай пайдалануды камтамасыз ету, жер учаскелерін алып сатарлыктыналдын алу максатында жер нарығын калыптастыруды реттеу кажет» — деғен болатын. Жер мәмілелері жердің нарыктык күны аркылы жүзеге асырылады. Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес, жер учаскесінің нарыктык күны Қазакстан Республикасының «Баға- лау қызметі туралы» заңға сәйкес аныкталады. Накты зан мемлекеттін, занды және жеке тұлғалардың мәміле жасалатын бағалау объектісіне катысты бағалау кызметі катынастарын реттеуді жүзеге асырады. Жалпы бағалау дегеніміз — бағалау объектісінің нарыктык немесе өзге күнын анықтау болып табы- лады. Қазакстан Республикасы Жер зандарында накты түрде жер учаскесінің нарыктык күны деген түсінік каралмағанымен, жер катынастарын күкыктык реттеу барысында колданылады. Мыса- лы: Жер кодексінің 9-бабы 7-тармағы. Меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалга берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдала- нушы өзіне тиесілі жер пайдалану күкығын баска түлғаларға сат- кан кезде, сондай-акжер учаскесін кейінгі жер пайдаланушы- ларға жалға берген кезде, жер учаскелері үшін төлемакының мөлшері, мерзімдері мен нысаны Қазакстан Республикасының азаматтык зандарына сәйкес сату-сатып алу немесе мүлік жалдау шарттарымен айкындалады.

7-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

/. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу қүқықтық механизмінің түсінігі.



2. Жер қатынаспюрынмемлекеттікреттеуоргандарыныңжүйесі.

3. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық уәкілетті органның қузыреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік).

1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу қүқықтық механизмінің түсінігі

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз — Казакстан Республикасы аумағының жертұтастығын және кол сүғыл- маушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сактау, оны нысаналы пайдаланудыңжер меншік иелері мен жер пайдаланушылар- дың күкықтары мен занды мүдцелерін жер қатынастары сала- сындағы зандылыкты камтамасыз етуге бағытталған биліктік-ат- карушылык қызмет түрі болып табылады. Бүл кызметтің келесідей ерекшеліктері бар:

Бүл кызмет мемлекеттарапынан жүзеге асырылады. Мемле- кет атынан құзыретті мемлекеттік органдар кызмет жасауға құкылы;

Бүл кызмет әркашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердін аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез кел- ген кызметтің аумактык негізі;

Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;

Нарыктык жағдайда мемлекет экономикалык ынталандыру әдістерін көбірек колданады.

Жер қатынастарын м&шекеттікреттеудің нысандары



            1. заң шығарушылык, жер катынастарын ретгеуді жүзеге асы- ратын зандарды кабылдау кызметі;

            2. заң орындаушылық, заң орындалуын камтамасыз ету кызметі;

            3. күкык қорғау кызметі, яғни кінәлі түлғаны жауапкерші- лікке тарту.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз — жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде колданылатын амал- тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топка бөлінеді: әкімшілік және экономикалык. Экономикалык әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды камтиды:

  • жерді корғау шараларын жоспарлау және каржыландыру;

  • жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін акы төлеу;

  • жер меншік иелерінің мүдделерін сактандыру (2004 жылы 9 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сактандыру туралы заң кабылданды);

• жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалык ынталандыру.

Жерді ластағаны және пайдаланганы үшін ақы төлеу. Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдеріиің экологиялык кұкыктық көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтай- ды. Себебі, жоғарыда карастырылған жер төлемдерініңтүрлері экономикалык сипаттағы, жердің кез келген еңбек процесінің аумактық негізі, ендіріс қүралы жөне азаматтык айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді корғау үшін төленетін төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: жерді ластағаны үшін ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді табиғи ресурс ретінде молыктырғаны үшін акы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын толтыру т.б.

Жерді ластағаны үшін (эмиссия) үшін төлемақы. Жерді ластағаны үшін төлемакы жерге өндіріс жөне тұтыну калдыктарын орналастырғаны үшін үйымдар мен азаматгардан алынады. Қазақ- стан Республикасының Экологиялык кодексіне сәйкес, корша- ған ортаға эмиссиялар үшін акы төлеу мәселесі аныкталған. Жердің қоршаған ортаның бір бөлігі екенін ескере отырып, экологиялык кодекс нормаларының жерді ластағаны үшін акы төлеу қатынастарын реттеуге таралатыны анық. Жерді ластағаны үшін акы төлеу дегеніміз — арнайы уәкілетті органдармен берілген рұксат шегінде ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, коршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналасты- ру, зиянды физикалық эсер ету үшін төленетін есептеу әдістемесін колдана отырып аныкталатын төлемақы. Жерді ластау коршаған ортаны қорғау министрлігімен және оның аумактык органдары- мен берілетін экологиялык рүксатгар негізінде жүзеге асырылады.

Жер меншік иелерінің мүдделерін сактандыру. Сақтандыру- дың бүл түрі Казакстан Республикасының 2005 жылғы 13 жел- токсанда кабылданған «Міндетті экологиялык сактандыру туралы» Занына және Казакстан Республикасының Экологиялык кодексінің «экологиялык сактандыру» деп аталатын 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Онда экологиялык сактандыру коршаған ортага, баска адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және занды түлғалардың мүліктік қүқыктарын (сак- тандырылғандарын) корғауға байланысты катынастар кешені болып табылады деп айтылған. Шаруашылык және өзге де кызметтің экологиялык жағынан кауіпті түрлерімен айналыса- тын занды түлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялык сакгандыруғатиіс. Міндетті сактандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін.

Жерді үтымды нысаналы пайдаланганы үшін экономикалық ынталандыру. Жерді үтымды пайдалану және корғауды камтамасыз ету үшін экономикалык ынталандырудың маңызы зор болуы керек, онсыз жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы мүмкін емес.

«Ынталандыру» термині (латынның хіітиіш деген сөзінен) сөзбе-сөз аударғанда — жануарларды айдайтын үшкір басты та- якты білдіреді. Баска сөзбен айтсак, ынталандыру — белгілі бір әрекетті жасауға ниетті тудыратын кұбылыс. Экономикалык ынталандырудың мәні жер пайдалануда жерді ұтымды пайдалануға оның ішінде корғауға деген тікелей мүддені туғызуда.

Соңғы жылдары ынталандыруға көп көңіл бөлінеді, өйткені тек жазалау санкциялармен ғана жер пайдалануды баскару мүмкін емес. Казакстан Республикасының коршаған орта бойынша іс әрекеттерінің Үлттык жоспарында және 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылык максатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасында мынадай міндет койылған - жерлерді немесе өзгетабиғи ресурстарды үтымды пайдалануды экономикалык жағынан ынталандырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Со- нымен катар, табиғатты корғау кызметін ынталандырудың жал- пы кағидаларын әзірлеудің халыкаралык маңызы бар, өйткені ол 1992 жылғы 8 ақпандағы ТМД мемлекеттерінің көпжақты келі- сімінен туындайды.
2. Жер катынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі

Жер катынастарын реттейтін мемлекеттік органды бірнеше топка бөлуге болады:



  1. Жалпы күзыреті бар органдар. Олардын катарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті окілді және аткарушы орган- дар жатады.

  2. Арнайы күзыреті бар органдар. Казакстан Республикасының Жер ресурстарын баскару агенттігі. Бүл агенттіктің күкык- тыкмәртебесі Жер кодексінің 14-бабымен және Казакстан Рес- публикасы Үкіметінін 2005 жылғы 15 каңтарда кабылданған Каулысымен бекітілген ережемен реттеледі.

  3. Функционалды кұзыреті бар органдар. Бұларға келесі органдар жатады: Коршаған ортаны корғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын баскару жөніндегі комитет, кұкы к корғау органдары, прокуратура органдары, сот орган- дары, салык органдары.

Үкіметтің кұзыреті Жер кодексінің 13-бабындакарастырыл- ған. Жер кодексіне сәйкес, Казакстан Республикасы Үкіметінің жер катынастарын реттеу саласындағы кұзыретіне мыналар жатады:

    1. Республиканың жер корын пайдалану мен корғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

    2. коршаған ортаны корғау жөніндегі баска да іс-шаралардың кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ кұнарлылығын сак- тау мен арттыру, жер ресурстарын корғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;

    3. республикалык манызы бар ерекше корғалатын табиғи аумактарды күру мен кеңейтуге, халыкаралык міндеттемелерді орындау мен жерді корғанысжәне кауіпсіздік кажеттері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда барлык санаттағы жерден

жер учаскелерін беру және алып кою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою;

    1. жер учаскесіне меншік кұкығына және жерді пайдалану кұқығына берілетін құжаттардың нысандарын бекіту;

    2. облыстықөкілді және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу, сондай-ак облыстық маңызы бар калалартөңірегінде кала маңы аймақтарын белгілеу мен өзгерту;

    3. жерді ерекше корғалатын табиғи аумактарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру тәртібін, республи- калык және халықаралық маңызы бар ерекше корғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту;

    4. мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту;

    5. жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

    6. облыстардың және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу;

3. Жер катынастарын реттеу саласында арнайы орталық уәкілеті органның қүзыреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік)

Жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык атқарушы органның карауына мәселелердің кең шеңбері берілген. Оның функ- циялары 1999 жылы Үкімет қаулысымен Мемлекеттік жер комитетінің негізінде қайта құрылған Үкімет күрамына кірмейтін Қазакстан Республикасының жер ресурстарын баскару жөніндегі агенттігіне берілді. Казакстан Республикасының колданыстағы Жер кодексі кабылданғаннан кейін Жер ресурстарын баскару жөніндегі агенттік туралы ережені бекіткен Үкіметтің қаулысы 2005 жылы 14 каңтарда кабылданды.

Сонымен, Казакстан Республикасының Жер ресурстарын баскару агентгігі арнайы аткару, рұксат ету және бакылау-кадаға- лау функцияларын, сондай-ак жер ресурстарын баскару саласында топографиялык-геодезиялык және картографиялык жү- мыстарды салааралык үйлестіруді жүзеге асыратын Казакстан Республикасының орталык аткарушы органы болып саналады. Ережеде жалпы ережелер мен агенттіктің негізгі міндеттері және кұкыктары 1 және 2-бөлімдерінде орын алған. Агенттіктің об- лыстарда және Астана, Алматы калаларында, аудандар мен кала- ларда занды түлғалар болып табылатын аумактык бөлімдері бар.

Агенттіктің негізгі міндеггері:



          1. жер ресурстарын басқару, жер катынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біріңғай мемлекеттік саясат- ты жүргізу;

          2. жер ресурстарын баскару жөніндегі жұмыстарды үйымдас- тыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

          3. мемлекеттік геодезиялык кадағалауды жүзеге асыру және тиісті акпаратты корғау болып табылады.

Агенттіктің өз функцияларын жүзеге асыру максатында заң- намада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жерді пайдалану мен корғау мәселелері жөніндегі және геодезия мен картография саласындағы кажетті акпаратты сұратуга және алуға;



  1. заннамалык келісімдерде көзделген негіздемелер бойынша жер учаскелеріне меншік кұкыктары мен жерді пайдалану кұкықтарын токтату туралы аткарушы органдардың карауына ұсыныстар енгізуге;

  2. жергілікті аткарушы органдардын жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін токтату туралы ұсьіныс енгізуге кұкығы бар.

Бұл Ереженің бұрынғы Ережелерден айырмашылығы жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык аткарушы орган жер ресурстарын баскару мен жер катынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізуіне байланысты, онын кұзыреті бірнеше топтарға бөлініп карастырылған. Олар:

  • мемлекет саясатынын калыптасуын камтамасыз ететін стра- тегиялык фу нкциялары;

  • мемлекет саясатынын жүзеге асырылуын камтамасыз ететін фу нкциялары;

  • мемлекет саясатынын жүзеге асырылуын бакылау функ- циялары;

  • экономикалык кызметті мемлекеттік реттеуді камтамасыз ететін функциялары.


8-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҮҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ФУНКЦИЯЛАРЫ

                  1. Жер қатынастарын реттеу саласындагы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі.

                  2. Жер кадастрының тусінігі, жер-кадастрлық қужаттар, кадастр жургізу тәртібі. Жерге қщықтарды мемлекеттік реттеу.

                  3. Жер мониторингінің тусінігі, қурьмысы, матуны.

                  4. Жерге орналастырудың тусінігі, оның функциясы, міндеттері, жерге орналастыру процесінің кезеңдеріжәне оның мазмуны.

                  5. Жерді қоргау және утымды пайдалануга мемлекеттік бақыіау жасаудың міндеттері мен мақсаттары.

                  6. Жерге ақы төлеу. Жер салыгы бойынша жеңілдіктер.

                  7. Жер дауларын шешу.

1. Жер катынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі

Жер катынастарын мемлекеттік реттеудің функциялары дегеніміз — жерді корғауға үтымды жөне нысаналы пайдалануды камтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асы- рылатын негізгі кызметтер болып танылады, яғни мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі бағыт- тардың жиынтығы. Бүл кызметтердің бірнеше түрлері бар:

жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;

жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру немесе алып кою;

жердің санатын аныктау және жерді бір санаттан екінші са- натка ауыстыру;

жерді аймактарға бөлу және жерге орналастыруды жүзеге асыру;

жер мониторингісін жүргізу;

жер төлемдерін алу;

жерді корғау шараларын жүргізу;

жерді пайдалану мен корғау шараларына мемлекеттік бакылау жүргізу;

жер дауларын шешу;

жер зандарын бүзғаны үшін занды жауапкершілікке тарту.


2. Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлық қүжаттар, кадастр жүргізу тәртібі.

Жерге қүқыктарды мемлекеттік реттеу

Жалпы «кадастр» деген түсініктің екі түп тамыры бар. Бірін- шіден «сариі» — накты зат және «сарііазігиш» сюы затгардынтізімі. Ал жер кадастры дегеніміз, ғалымдардың пікірі бойынша кең магынада - жерді өндіріс қүралы ретінде сипаттайтын барлык кажетті мәліметтердін жиынтығы. Тар магынада жерді бағалау яғни, жердің табиғи және шаруашылык жағдайын аныктайтын бағалау мәліметтері. Жер кадастры дегеніміз - Дер кодексіне сәйкес, Казакстан Республикасы жерінің табиғижәне шаруашылык жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалык сипатта- масы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінін кадастрлык кұны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастрын жүргізу мемлекет тарапынан каржыландыры- лады. Мемлекеттік жер кадастры Жер ресурстарын баскару жөніндегі агенттікпен және оның жергілікті бөлімшелерімен жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастрлык істерді кадастрды жүргізетін ма- мандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар облыстардын (республикалык маңызы бар каланың, астананың), аудандардың (об- лыстык маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органда- рының, аудандық маңызы бар кала, кент, ауыл (село), ауылдык (селолык) округ әкімдерінің шешімдері, Казакстан Республика- сынын Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес, облыс- тың (республикалык маңызы бар каланың, астананың), аудан- ның (облыстық маңызы бар каланың) жер катынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқық беру туралы жерге орна- ластыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді