ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
«Жас жетекші» жаттығу
Питер Друкер айтқандай: «Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның жалғыз артықшылығы бұл – тәжірибе мен дұрыс әрекет ете білу». Қысқа мерзім ішінде жас маман тәжірибе мен іскерлікті қалай тез игере алады?
«Өкілеттік беру» жаттығу
Сократ, басқарушы қызметін анықтай отырып: "басты міндет-қажетті адамды қажетті орынға қою және өз нұсқауларын орындауға қол жеткізу». Басқарушының қызметін анықтау деп, Сократ не айтқысы келді?
«Басқарудың тиімсіз жүйесі» жаттығу
Ұйымды басқарудың тиімсіз жүйесі бұл - күйреп кетудің шегіне жеткізді. Түлектер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес, және ЖОО-на түсуі де аз пайызда. Статистика саласындағы ұйымның жетекші мамандарының бір бөлігі жұмыстан кетіп қалады.
Егер сіз осындай білім беру ұйымының басқарушысы болып тағайындалсаңыз неден бастар едіңіз?
«Инновациялық қайта құру» жаттығуы
Білім беру қызметтерінің сапасына қойылатын талаптардың өсуіне байланысты басшылық ұйымның перспективалық даму бағдарламасын әзірледі,онда басқа іс-шаралармен қатар жаңа ақпараттық технологияларды сатып алу көзделген. Бірақ, ұйымда қаржы жоқ. Сіздің ойыңызша, басшы жаңа жабдықтарды, заманауи оқу-әдістемелік кешендерді және т.б. сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін не істеуі керек?
«Инновациялық идеялар Банкі» жаттығу
Ұйым басшылығы білім беру қызметінің сапасын арттыруға ұмтыла отырып, инновациялық идеялар банкін құруға айтарлықтай қаражат бөлу туралы шешім қабылдады:
жаңасын әзірлеу жөнінде ұсыныс...
жетілдіру туралы ұсыныс...
авторлық әзірлемелер...
Ұйымның инновациялық стратегиясына талдау жасаңыз. Ұйымның инновациялық стратегияся ақтала ала ма?
«Басқарудың стилі» жаттығу
Басқару өнері өзгереді, және бұл өте тез жүреді.
Корпоративтік әлемде басқарушылар бизнестің эволюциялық сипатын және оған тигізетін әсерін талқылайды. Интернет ұйымды басқару сипатына терең өзгерістер енгізуде.
Мысалға, «Форд» компаниясының атқарушы директоры Жак Нассер электрондық почтамен ең үздік 100 000 жұмысшы топтар мен қызметкерлердің жетістіктері мен сәтсіздіктерін хабарлайды.
Сіз ұйымды басқарудың осындай әдісі мен стилін қалай бағалайтын едіңіз? Интернет құралы не үшін қолданады? Байланыс құралы ретінде Интернетті қолдану тиімді ме? Қол астындағылармен байланыста Интернет қандай рөл атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |