1-ші Аралық бақылау 1) Адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Loading...


Дата30.03.2020
өлшемі26.69 Kb.
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жауап

1-ші Аралық бақылау

1) Адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі (қалыптасуы мен дамуы).

2) Адам құқығы. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мәселелері. Халықаралық және Ұлттық құқықтағы адам құқықтарын қорғау тетіктері. Адам құқығының буыны. 

3) БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдар үшін басым болып табылатын негізгі бағандар (мысалы, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, тиімді демократиялық басқаруды орнату, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу туралы және т.б. айтуға болады.)

Жауап:

1)Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы алдымен оның мәртебе-сіне: азамат, шетелдік азамат, азаматтығы жоқ адам екендігіне байланысты. Құқықтардың неғұрлым кең көлеміне (саяси құ-қықтарды қоса, оның ішінде сайлау құқықтары, саяси партия-ларға бірігу құқығы, мемлекеттік қызметке кіру құқығы, ...) тиісті мемлекеттің азаматтары ие болады, тиісінше олар неғұрлым көбірек міндеттер атқарады. Әдетте шетел азаматтары саяси құқықтарды иеленбейді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көбінесе шетел азаматының жағдайына ұқсас, теңестірілген болып келеді.


Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері келесідей элементтерді қамтиды. Бұл элементтер жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мазмұнын құрайды:

1) азаматтық. Азаматтық – бұл жеке тұлғалардың арасынан ҚР азаматтарын бөліп көрсететін элемент.

2) конституциялық (негізгі) құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

3) конституциялық құқықсубъектілік – азамат құқық қабілет-тігі мен әрекет қабілеттігіне ие болса ғана конституциялық құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие болады және толық көлемде міндеттер атқарады.

4) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу кепілдіктері.

Конституциялық құқық саласында маңызды орынды жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітетін норма-лардан тұратын институт алады. Бұл институт Конституцияның екінші бөлімінде, яғниАдам және азаматдеп аталатын бөлімде реттелген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары жоғары бағалы құндылық ретінде ата заңда бекітілген. Сондай-ақ тиісті институттың қатынастары Конституциядан басқа актілерде де толығырақ ашылып, нақтыланады. Мысалы, азаматтық туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдарда және т.б.

Нормалары жеке адамның мәртебесінің негіздерін бекітетін бұл институт адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, олардың өзарақатынасының қағидаларын анықтайтын неғұрлым маңызды бастапқы бастауларды байқатады.

2) Адам құқықтары негізінен жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты. Олар мемлекеттік биліктің жеке тұлғаларға қатысты бақылануын және реттелуін іске асырады, мемлекетке қатысты жеке тұлғаларға еркіндік береді және мемлекеттен негізгі адами құндылықтарды қанағаттандыруды талап етеді. Адам құқықтарын қорғау БҰҰ-ның бастауымен айқындалады. Біріккен Ұлттар халықтары Жарлықта өздерінің адамның негізігі құқықтарына, адамның жеке тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығына және әйелдер мен ерлердің тең құқығына деген сенімін растады және әлеуметтік ілгерлеуге және өмір жағдайын жақсартуға көмек көрсетуді шешті

Адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту және қорғау саласында халықаралық құқықтық ынтымақтасудың дамуы екі бағыт бойынша жүрді. Біріншісі, адам құқықтарын бекіту саласында жалпы және арнайы актілерді әзірлеумен және қабылдаумен сипатталады. Екіншісімемлекеттердің адам құқықтарын қорғаудың іс жүзіндегі тетігін құру және оның сақталуына бақылау жасау саласында ынтымақтасу. Сондықтан, таңдап алынған диплом жұмысымның тақырыбы өзекті, өте ауқымды болып отыр

Адам құқытары саласындағы мемлекеттердің әріптесуі тұтас бір жүйеге қалыптастырылады. Осы жүйе әрбір мемлекет үшін халықаралық дәрежеде ұстанатын негізгі принциптер мен ережелер тізбегін құрайды. Себебі, ең алдымен адамның ортақ құқықтары бөлінбейді, бірдей маңызды болады. Адам құқықтарын құрметтеу демократиялық елдің негізгі принциптерінің бірі.

3) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)-құрамына 192 мемлекет кіретін әмбебап халықаралық ұйым. Құрылып қалыптасқалы бері БҰҰ ұдайы даму үстінде. Бүгінгі таңда оның мүшелерінің 2\3сі бір кезде отарлық тәуелдікте болған, қазіргі кезде даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы абсолютті мінсіз ұйым емес. Бұл ұйым 1945ж. 51 мемлекетті біріктіріп, бүгінгі күнге дейін өз құрылымын сақтап қалды, мүшелерінің үш еседей артуына қарамастан, өз жұмысында бәз баяғы рәсімін қолданып келеді. Бүкіләлемдік ұйымның барлық қызметі бір проблеманы шешуге бағытталған: ол-өзіне мүше әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделері мен тұтастай алғандағы халықаралық бірлестік мүдделерінің арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема шеңберіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үш негізгі бағытқа бөлуге болады:

- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;

- БҰҰ-ның әлемді қайта қалыптастырудагы күнделікті әрекеттері

- Адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.

1945 жылы 24 қазан БҰҰның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰға алғашында 51 мемлекет мүше болды.БҰҰға мүшелікке өтудің талаптары мынадай:

- мемлекет тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы тиіс

- мемлекет жарғылық талаптарға орай өзіне міңдеттемелерды жүктеуі тиіс;

- мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алады және орындағысы келеді.

БҰҰның мақсаттарына мыналар жатады:

- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;

- бейбітшілікке қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін тиімді шараларды қабылдау;

- халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт құралдары арқылы шешу.

-халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасының негізінде халықтардың достық қарым-қатынасын дамыту;

-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің қызмет ету кезеңінде бірінші орындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларына назарын жете аударып келеді. БҰҰ-ның бейбітшілік операциялары бейбітшілік туралы келісімдерді орындауға көмектеседі, қол жеткізілген татуластықты, әскери әрекеттердің тоқтатылуына көмектеседі. БҰҰ-ның өз армиясы жоқ. Бітімгершілік миссияларын жүргізу үшін оған мүше-мемлекеттер ерікті негізде әскер мен жасақ береді. Арнайы бітімгершілік бюджетінен оларға белгілі бір өтемақылар төленеді. Бітімгершілік миссияларын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері құрайды және айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...