1. Саластың түрін және тыныс белгісін анықтаңыз. Сізге айтар тілегім сол мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз

Loading...


Дата18.05.2020
өлшемі19.41 Kb.
Тест

1. Саластың түрін және тыныс белгісін анықтаңыз.



Сізге айтар тілегім сол мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз.

А) Себеп-салдар салалас, үтір қойылады.

В) Қарсылықты салалас, үтір және сызықша қойылады.

С) Түсіндірмелі салалас, қос нүкте қойылады.

D) Ыңғайлас салалас, сызықша қойылады.

Е) Талғаулы салалас, үтір қойылады.

2.Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз?

B) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

C) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.

D) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.

E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр,бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.

3.Салаластың түрін анықтаңыз.

Ол бастапқыдан да бетер сұлу сөйледі,өз сөзін өзі қызықтап тыңдай бастады.

A) Ыңғайлас салалас.

B) Қарсылықты салалас.

C) Түсіндірмелі салалас.

D) Себеп-салдар салалас .

E) Талғаулы салалас.

\4.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.

Иса сахнаға әуелі домбырасымен шығып, алдымен «желдірмеге» басатын.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

5.Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -айын деп.

B) -ып,-іп.

C) -қан+дықтан.

D) -қан+ша.

E) -са,-се.

6.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.

А) Етістік негізді -ысымен (-ісімен)

В) Жалғаулық шылаулар арқылы.

С) Көсемше негізді -дегенмен.

D) -қан+ы болмаса тұлғалық белгісі.

Е) Көсемшенің  жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.

7.Құрмаластың түрін анықтаңыз.

Шолақ ақбоз аттың құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді,ат етпетінен түсті.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

С) Ыңғайлас салалас.

D)Түсіндірмелі салалас.

Е) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

8. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.

B) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.

C) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.

D) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.

E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

9.Себеп-салдар салалас сөйлемді белгілеңіз

А)Оның қорыққаны сондай-не айтып,не қойғанын білген жоқ

Б)Айдағаның бес ешкі-ысқырығың жер жарады.

С)Енді жасыру мүмкін емес:үйлену тойы ертең ,кеште

Д)Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ

Е)Танымадым:үй - Қарабеттің отауы

10.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

А)Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты

В)Жылан шыққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал

С)Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз

Д)Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді

Е)Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма

11.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемді табыңыз

А)Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым

В)Театрға барсаң ,маған телефон соқ

С)Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды

Д)Күн жылынса,ауылға қайтамын

Е)Күн жылынса да,қар ерімеді

12.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А)Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті

В)Оның сөздік қоры мол болғандықтан , өз ойын еркін жеткізеді

С)Мен оқыған кітап қызық-ақ!

Д)Әдейі танытпау үшін ,ол бет аузын таңып алыпты

Е)Түн


13.Талғаулы салаласты табыңыз

А)Жігіттің дені сау болса,сол-дәулет

В)Күн бұлттанды,бірақ жаңбыр жауған жоқ

С)Жолдастық-достық пен махабаттың бірінші баспалдығы

Д)Сәлім-әке – шешесінің тұңғышы әрі жалғызы

Е)Мына Әсетті қасымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол

14.Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Ақымақпен дос болғанша,ақылдымен жауласқан артық

В)Сәрсен әбден шаршаған еди, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді

С)Ашуланғаны сонша-өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды

Д)Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды

Е)Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір халықты біліседі

15.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А)Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді

В)Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С)Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар

Д)Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет

Е)Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта,әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.

16.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз

А)Махмұт байсалды болып,сапалы білім алу жолын түсті

В)Гүлнұр тоғайға гүл теруге кетті

С)Қазақстанда өзен көп

Д)Мал етінің асылдануы сондай-майы аузына салдырмайды

Е)Жайлаудың көлдеріне сенуге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады

17.Қос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар

А)Қарсылықты салалас

В)Жалпылауыш сөз

С)Кезектес салалас

Д)Ыңғайлас салалас

Е)Себеп-салдар салалас

18.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А)Таң ата олар жолға шықты

В)Жаңа келген жансың,сондықтан жат жердің сырын біле қою оңай емес

С)Кешке дейін қызметін бітірді

Д)Айтқандарым жаққан соң,алыс-жақын тыңдайды.

Е)Соңғы тапсырма қиын болса да,орындауға бар күштерін салды

19.Салалас сөйлемнің тиісті тыныс белгісі мен түрін табыңыз.

Махаббатта бір-ақ формула бар ол – тұрақтылық

А)(сызықша)себеп-салдар

В)(қос нүкте)түсіндірмелі

С)(үтір мен сызықша)қарсылықты

Д)(үтір)ыңғайлас

Е)(үтір)кезектес

20.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Бүгін жаңа ай туды

В)Кітабын оқып болғандықтан,досына бере салды

С)Табиғаттың тілін білсең,ешқашан қор болмайсың.



Д)Маған жақындап келгенде ғана,өзімнің шәкіртім екенін таныдым

Е)Ертең апам келеді

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...