1 рейтинг Халықаралық стандарттар және бухгалтерлік есептіліктің мақсаты



Дата23.12.2021
өлшемі40.37 Kb.
#147257
Байланысты:
1 рейтинг
1-рейтинг

Буйткенова Жансая

1 рейтинг


1.Халықаралық стандарттар және бухгалтерлік есептіліктің мақсаты
Халықаралық стандарттар және бухгалтерлік есептіліктің мақсаты

Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған, пайдаланушылардың қалың тобына қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат.



2.Бухгалтерлік есеп мақсаты – сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету.
3.Бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылардың айырмашылықтары.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді: Ішкі пайдаланушылар;Сыртқы пайдаланушылар.

4.Бухгалтерлік есептілік тұжырымдамалары.
Бухгалтерлік есеп — ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.

5.Бухгалтерлік есептілікті құрудың негізгі ұйғарымдары мен сапалық сипаттамалары.
Қызметтің есептелуі мен үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары болып табылады.

Есептеу қағидаты төлем уақытына қарамай, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.

Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеме болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуға болмайтынын білдіреді.


6.Бухгалтерлік есептілік элементтері.
Қаржылық есеп беру (отчетность) банктің қаржылық жағдайын бағалауға тікелей қатысы бар келесі элементтерден тұрады:

- активтер - бұл жасалған әрекет нәтижесінде пайда болған және келешекте компания экономикалық пайда алуды жоспарлаған әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан компаниямен бақылауындағы ресурстар;

- міндеттемелер - компанияның жасалған әрекеттер нәтижесінде туындайтын ағымдағы міндеттемесі. Міндеттемелер бойынша есеп айырысу компанияны экономикалық тиімділікке әкеледі деп болжанады;

- капитал - міндеттемелерді орындағаннан кейінгі активтер.

Қаржылық есептің келесі элементтері қызмет нәтижесін бағалауға тікелей қатысты:

- табыстар - активтердің түсуі немесе ұлғаюы нысанында экономикалық пайданың өсуі немесе меншік иелерінің жасаған салымынан капиталдың артуы түріндегі міндеттемелердің қысқаруы;

- шығындар - активтерді есептен шығару немесе азаюы түрінде экономикалық пайданың қыскаруы немесе міндеттемелердің көбеюі нәтижесінде капиталдың кысқаруы.

7.Бухгалтерлік есеп элементтерін тану және бағалау
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

—кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;

—баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.

Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.

Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.



Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.

Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп беоілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді