1. Радиоактивтілік



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата24.12.2021
өлшемі0.8 Mb.
#148239
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
file-7177
6 Судың сапасына қойылатын талаптар, ??ÐÛËÛÑ ÌÀÒÅÐÈÀËÄÀÐÛ 2


1. Радиоактивтілік

Радиоактивтілік (лат. radіo – сəуле шығару, actіvus – əсерлік) –

орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе

гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.

Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы фр

анцуз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады. 

Атомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында ашылғанды. 46 жыл өткен

соң ядролык реактор жасалды. Радиоактивтiктiң — атом ядросының күрделi

құрлысын дəлелдейтiн құбылыстың ашылуы сəттi кездейсоқтықтың жемiсi

болды. Рентген сəулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны

ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынған. Олармен бiр мезгiлде түтiк

қабырғаларының жарық шығаруы байкалған. Беккерель ұзақ уақыт осы тектес

құбылысты — алдын ала күн жарығына сəулелендiрiлген заттардың соңынан сəуле

шығаруын зерттеумен шұғылданған. Оның ойында мынадай сұрақ пайда болады:

уран тұздарын сəулелендiргеннен кейiн көрiнетiн жарықпен қатар рентген сəулесi

де пайда болмай ма? Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстiне

уран тұзының қиыршықтарын сеуiп, ашық күн сəулесiне койды. Айқындағаннан

кейiн пластинаның тұз жатқан бөлiктерi қарайғанын көрген. Ендеше, уран, рентген

сəулесi сияқты, мөлдiр емес денелерден өтiп, фотопластинаға əсер ететiн белгiсiз

сəуле шығарады екен. Беккерелъ бұл сəуле шығару күн сəулелерiнiң əсерінен пайда

болады деп ойлады. Бiрақ 1896 ж. ақпанның бiр күнiнде ауа райы бұлтты

болғандықтан, кезектi тəжiрибенi өткiзу сəтi түспедi де, Беккерель үстiне уранның

тұзы себiлген мыс крест жатқан пластинаны үстелдiң суырмасына алып койған. Екi

күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестiң айқын колеңкесi

түрiнде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл — уран тұздарының сыртқы

факторлардың əсерiнсiз-ақ, өздiгiнен белгiсiз сəуле шығаратынын көрсетедi.

Қауырт зерттеулер басталды. Рас, осы сəттi кездейсоқтық, болмаған күнде де, ерте

ме, кеш пе радиоактивтi құбылыс ашылған болар едi. Кешiкпей Беккерель, уран

тұздарының шығарған сəулесi, рентген сəулелерi сияқты, ауаны иондайтынын,

соның салдарынан электроскоп разрядталатынын байқаған. Уранның түрлiше

химиялық қосылыстарын тексерiп көріп, ол мынадай маңызды фактiнi анықтады:

сəуле шығарудың интенсивтiгi тек препараттағы уранның мөлшерiмен анықталады,

оның қандай қосылыстарға кiретiндiгiне мүлдем тəуелсiз болады. Ендеше, бұл

қасиет қосылыстарға тəн емес, химиялық элемент уранға, оның атомдарына тең.

Ураннан басқа химиялық элементтердің өздiгiнен сəуле шығаруға қабiлетiн

байқауға талпынып көру сөзсiз едi. 1898 ж. Францияда Мария

Склодовская-Кюри жəне басқа да ғалымдар торийдiң сəуле шығаратынын байқаған.

Бұдан əрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри

мен оның ерi Пьер Кюри болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде

зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны

— Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға

мүмкiндiк бердi. Ақырында өте қуатты сəуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды.

Ол радий (яғни сəулелi) деп аталды, Өздiгiнен сəуле шығару құбылысының өзiн

ерлi-зайыпты Кюрилер радиоактiвтік деп атады. Радийдiң салыстырмалы атомның

массасы 226-ға тең жəне Д.И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге




орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған. Өзiнiц химиялық

қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады. Соңынан реттiк

нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бəрi де радиоактивтi болатындығы

анықталды.

Францияда 1898 жылы М.Склодовская-Кюри мен П. Кюри торий ( ) элементінің

өздігінен сəуле шығаруын ашты. Өздігінен сəуле шығаратын химиялық

элементті радиоактивті деп, ал сəуле шығару процесін радиоактивтік деп атауды

М. Кюри ұсынған еді. Радиоактивтік латынның "radio" — сəуле шығару, "activus"

— əрекетті деген сөздерінен алынған. Осы жылы ерлі-зайыпты ғалымдар

тонналаған уран кенін өңдеу арқылы, радиоактивті екі жаңа химиялық элементті

бөліп алады.

Радиоактивтігі ураннан миллион есе қарқынды элементті ( ) радий, екінші

элементті М. Склодовскаяның отанының құрметіне полоний ( ) деп

атаған. 1908 жылы Резерфорд спектрлік анализ əдісімен радиоактивті газ

— радонды ( ) ашты. Ауқымды жүргізілген зерттеулер Менделеев

кестесіндегі қорғасыннан кейінгі ауыр элементтердің ядроларының бəрінде табиғи

радиоактивтік бар екенін көрсетті. Кейбір жеңіл элементтердің де,

мысалы, калийдің изотопы  ,көміртегінің изотопы   жəне т.б. табиғи радиоактивтік

қасиеттері ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді