1. Психология ғылымында «гендер» түсінігінің анықтамасы. Гендерлік психологияның пәні мен міндеттері



Дата14.09.2022
өлшемі23.23 Kb.
#290346
Байланысты:
Лекция 1 ГП
3 takyryp

Жоспар:
1. Психология ғылымында «гендер» түсінігінің анықтамасы.
2. Гендерлік психологияның пәні мен міндеттері
3. Гендерлік психология тарихы мен әдістері

Гендер психологиясы бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы. Ол да басқа салалар секілді оның да ұзақ және қысқаша қалыптасу тарихы бар. Психология ғылымында бұрынырақ осы салаға жатқызуға болатын оқиғалар, идеялар бола тұра бұл саланы қарастыру тек ΧΧ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастау алады.


Гендер психологиясының тарихын 5 кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:
1. Философия тұрғысындағы идеяларға сәйкес зерттеулер (антикалық кезеңнен ΧІΧ ғасыр аяғына дейін);
Платон – андрогиния; гендерлік теңдік идеясына жақындады
Аристотель - Бізді келесі идеялар қызықтырады: a) неке туралы заңдар; б) отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар; д) қоғамдағы әйелдер мен ерлер рөлі; е) жыныстар арасындағы еңбек бөлінісі және т.б.
2. Гендерлік психологияның пәні мен оның қалыптасуы (ΧІΧ ғасырдың аяғы –ΧΧ ғасырдың басы).
Осы уақытта көптеген Батыс елдерінде қоғамдағы жағдай өзгерді. Француз тілінде феминизм ұғымы (латын тілінен femina - әйел) пайда болды. 1830 жылы тағы бір термин пайда болды - «эмансипированная женщина» (латын тілінен eman-cipatio – азаттық). Бұл бағыт күрес – әйелдерге ерлермен тең құқықтар беру: сайлау, экономикалық (қоғамдық өндіріске қатысу), білім және жыныстық еркіндік.
3. «Фрейдтік кезең» З.Фрейдтің есімімен байланысты психоанализ (ΧΧ ғасырдың басы- 1930 жылдар);
4. Кең ауқымда эксперименталды зерттеулердің бастауы және алғашқы теориялардың пайда болуы (1950-1980 жылдар);
Феминизмдік зерттеуді қайта бастау қайтадан белсендірумен байланысты
5. Гендерлік психологияның қарқынды дамуы (1990 ... );
Бұл аймақтың гүлденуінің белгілері жаңа өрлеу болып табылады эксперименттік зерттеулер, эмпирикалық теориялық түсінік фактілер, әлем бойынша мәдениетаралық зерттеулердің басталуы, бейімделу гендерлік мәселелерді зерттеудің белгілі әдістері мен әдістері және нақты гендерлік әдістерді құру.
«Гендер» деген сөз әлеуметтік жыныс деген мағынаны білдіреді. Гендрлік психология ерлер мен әйелдердің айырмашылықтарын және ұқсастығын зерттейтін ғылым.
Американдық психоаналитик Роберт Столлер 1963 жылы адам жынысының екі түрлілігін биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде алғаш рет «гендер» деген түсінікті қолдануды ұсынды.
Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.
Жыныспен байланысты болатын психиканың ерекшеліктері гендрлік психологияның пәні болып табылады
Гендер - бұл практикада көрінетін ерлер мен әйелдердің өзара әрекетінің күнделікті әлемі, сонымен қатар одан бас тартуға мүмкін емес әлеуметтік тәртіптің жүйелік мінездемесі, ол бірыңғай әрекет құрылымда қайта жаңғырып отырады.
Гендерлік айырмашылықтардың иерархиясынның негізінде маскулиндік (еркек) үстем, ал феминдік (әйел) бағынышты деп белгіленеді.
Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы – гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты таңатын әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет–қылықтарындағы және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді.
Жыныспен байланысты болатын психиканың ерекшеліктері гендерлік психологияның пәні болып табылады. Оларды нақтылаумен гендерлік психологияның бөлімдері айналысады.
Ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар әртүрлі параметрлер бойынша, яғни психофизиологиядан және невропсихологиядан бастап психологияның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктеріне дейін салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – ерлер мен әйелдердің спецификалық ерекшеліктерін, жыныстардың өзара бейнесін құру.
Гендерлік психологияның 6 үлкен бөлімдері:
1. Ерлер мен әйелдердің салыстыру психологиясы (олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау)
2. Ерлер психологиясы (Психикасына әсер ететін ерлер аурулары; ерлер өлімінің психологиялық факторлары; ерлер кәсібі зерттеледі)
3. Әйел психологиясы - Оны зерттеуде ерлерде кездеспейтін, ең бастысы әйел физиологиясына байланысты ерекшеліктер алынады. Мысалы, етеккір, жүктілік, босану, климакс кезіндегі әйелдің психологиялық жағдайы. Бұдан басқа әйел адамның психологиясына ана болу, әйелдердің бос болмауы және әйелдердің кәсібі, жұмыссыздық, мінезіндегі ауытқушылық, әйел аурулары болып табылады.
4. Гендерлік әлеуметтендіру. Бұл деңгейде гендерлік ұқсастық және гендерлік рөлдерді қалыаптастырудағы әлеуметтендіру, оның ішінде бұл процестерге гендерлік стереотиптердің әсер етуі зерттеледі.
5. Гендерлік қатынастар психологиясы. Гендерлік қатынастар - жыныстар арасындағы ғана қатынас емес, сонымен әрбір жыныс ішіндегі қатынастар. Бұл бағытта бір аралас жынысты адамдардың мінез-құлқы, өзара қатынастары зерттеледі.
6. Көшбасшылықтың гендерлік психологиясы.
-әйелдер мен ерлер арасындағы психологиялық ерекшеліктер
-көшбасшылықтың гендерлік әлеуметтендіру
- әйелдер менеджментінің психологиясы зерттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені