3. Команың бастапқы этиологиялық факторлары. Ең толық дұрыс жауапты таңдаңыз.
4. Глаукомамен ауыратын науқастарға премедикация құрамына нені кіргізуге болмайды?
5. Команың диагностикасы. Дұрыс жауапты көрсетіңіз?
6. Санасы бұзылған науқасты тексеру әдістерін таңдаңыз?
7. Келесі клиникалық көрініс қандай ауруға сәйкес келеді: жіті гипертермиямен, дегидратациямен және электролиттік теңгерімсіздікпен гиперметаболизм; жүрек айналымы және психоэмоционалды бұзылулары бар симпатоадреналды гиперреактивтілік; метаболикалық жүрек-қан тамырлары және іш қуысының бұзылулары бар бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі; патогенездің барлық аталған буындарын күшейтетін калликреин-кинин жүйесін белсендіру?
8. Келесі клиникалық көрініс сананың бұзылуының қандай деңгейіне сәйкес келеді: ұйқышылдық; сезімсіздік; науқастың көп уақыт бойы қозғалмауы, бірақ мезгіл-мезгіл төсекте өздігінен айналуы мүмкін; ерік-жігердің болмауы; айқайға көзін ашады; рефлекстер сақталған, төмендеуі мүмкін?
9. Келесі клиникалық көрініс қандай жағдайға сәйкес келеді: санасы жоқ, ерікті қозғалыстар болмайды, науқас сұрақтарға жауап бермейді, қатты ауырсыну тітіркенуіне тек ыңырсу, немесе тыржию арқылы жауап береді, бірақ Қарашық, корнеалды, сіңір рефлекстері әлі де сақталған?
10. Келесі сипаттама Глазго шкаласы бойынша сананың бұзылуының қандай деңгейіне сәйкес келеді: науқас кезкелген уақытта оңай ұйықтап кетеді, бірақ шамалы сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен немесе өздігінен оянып, сұрақтарға жауап береді , бірақ шатасып, баяу жауап қайтарады; аяқ-қолдардағы белсенді қозғалыстар сақталады; ауырсынуға бағытталған, үйлестірілген қозғалыс жауап реакциясы бар; белсенді қозғалыстар мен сіңір рефлекстері сақталады?
11. Келесі сипаттама сурет Глазго шкаласы бойынша сананың бұзылуының қандай деңгейіне сәйкес келеді: науқас сұрақтарға жауап бермейді, айқайға жауап бермейді, көз ашпайды; көз қарашыңғы кеңейген, фотореакция анықталмайды; ауырсыну тітіркендіргіштеріне (тітіркендіргіштің локализациясынына қарамастан) рефлекстер жоқ?
12. Келесі суреттеме Глазго шкаласы бойынша сананың бұзылуының қандай деңгейіне сәйкес келеді: науқас сұрақтарға жауап бермейді, айқайға жауап бермейді, көзін ашпайды; өздігінен тыныс алады, атмосфералық ауамен тыныс алу кезінде сатурация 98%; пульс ырғақты, 80 минутына; цилиарлы рефлекс сақталған; фотореакцияны анықтау мүмкін емес: тексеру кезінде тырысып, көзді қысадығ; ал қабақтарды саусақтарыңызбен күшеп ашсаң көздерін жоғары қарай айналдырады; аяқ-қолдардағы сіңір рефлекстері сақталған, екі жағынан бірдей; оқтын- оқтын өздігінен жұтынуы байқалады; бұйрық бойынша қозғалыстар орындалмайды; ауырсыну тітіркенуіне итеру арқылы жауап береді; бұлшықет күші қанағаттанарлық?