1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау Тапсырма

Loading...


бет2/7
Дата20.09.2021
өлшемі44.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
Әлеуметтік рөл

Әлеуметтік жүйеде әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын мәртебесі немесе позициясына орай айқындайтын нормалар жиынтығы және бұл нормаларды іске асыратын мінез-құлықтың өзі әлеуметтік рөл деп аталады.

Рөлдік сипаттамада қоғам немесе кез келген әлеуметтік топ белгілі бір әлеуметтік позициялардың (қызметші, ғалым, кәсіпкер, мектеп оқушысы әскерилер және т.б.) жиынтығы түрінде ұсынылады. Қоғамда немесе әлеуметтік топта болатын адам бұл позициямен байланысты басқа адамдардың күтулеріне немесе «әлеуметтік тапсырысқа» бағынуға міндетті. Бұл «әлеуметтік тапсырысты» орындай отырып, адам әлеуметтік рөлді орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларының бірін (мысалы, жалқау немесе ынталы оқушы) жүзеге асырады.Бесплатно

Әлеуметтік рөл түсінігін америкалық әлеуметтанушылар Р.Минтон мен Дж.Мид бір-біріне тәуелсіз ұсынған болатын. Оның үстіне олардың біріншісі әлеуметтік рөлді адамға берілген нормалар жүйесі түрінде сипатталатын қоғамдық құрылымның бірлігі ретінде, екіншісі – адамдардың тікелей өзара әрекеті, «рөлдік ойын» тұрғысынан түсіндірді. Ойын барысында адам өзін басқаның рөлінде ұсынады. Соның арқасында әлеуметтік нормаларды меңгереді және тұлғаның әлеуметтігі қалыптасады.

Барлық айырмашылықтары мен бірге бұл екі тәсілді тораптық нүкте ретіндегі әлеуметтік рөл туралы түсінім біріктіреді. Бұл нүктеде индивид пен қоғам түйіседі, мінез-құлық әлеуметтік мінез-құлыққа айналады, ал адамдардың жекедаралық қасиеттері мен бейімділіктері қоғамда өмір сүретін нормативтік нұсқаулармен салыстырылады. Осыған байланысты адамдарды қандай да бір әлеуметтік рөлдерге іріктеу орын тебеді. Әрине, шынайы өмірде рөлдер ешқашан да бірмәнді болмайды. Бұған қоса, адам өзінің әлеуметтік рөлі нашар үйлестірілген жағдаятқа жиі душар болады.

Әлеуметтік рөл ұғымының пайда болуы тұлғаны жекедаралық түсіндіруден оны әлеуметтік феномен ретінде  түсінуге өту үдерісін бейнеледі.

Заманауи теорияларда әлеуметтік рөлге тән «роботтәрізділікті» адам туралы мәдени және әлеуметтік бағдарланған жаратылыс ретіндегі түсініммен алмастыруға деген ұмтылыс байқалады. Осыдан адам мінез-құлқының субъективтік аспектілерін, оның «ішкі мәнін» түсіну келіп шығады.

Өз негізінде қоғамның статикалық моделін иелене отырып, рөлдік тәсіл қоғамдық даму мен оның негізінде жатқан адамдардың шығармашылық қайта құру қызметін сипаттау үшін жеткіліксіз.

Адам іс-әрекеті рөлдік, яғни қалыптасқан мінез-құлықпен сарқылмайды. Әлеуметтік рөлдің шектерінен тыс мінез-құлықтың сан алуан түрлері, оның ішінде, адамның жаңа нормалар мен жаңа әлеуметтік рөлдер жасайтын жаңашылдық қызметі сақталады. Бұған қоса тұлға құрылымы әлеуметтік рөлдердің жиынтығына телінбейді: оларды меңгеру мен салыстыру әрқашан индивидтің өн бойында қалыптасатын және асқан орнықтылығымен ерекшеленетін нақты дарашылдықты анықтайды ұйғарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...