1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау Тапсырма



бет1/7
Дата20.09.2021
өлшемі44.18 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау

Тапсырма:

1. Индивид және қоғам.

2. Әлеуметтік орта мен мінез-құлық.

3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.





  1. Индивид және қоғам.

Адам, табиғаттың жалқы жан иесі, Һомо сапіенс түрінің өкілі. Индивид түсінігінің өзі адамның адамзаттық түрімен бірлікте екенін керсетеді (адамды тұлға ретінде және индивид ретінде танытатын - жекелік түсінігімен шатыстырмау керек.
Тұлға қалыптасуының әлеуметтік факторлары. Әлеуметтік мінез-құлық. Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.

Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.

Енді тұлға туралы әңгімелейік. Әрбір заманауи, ересек, психикалық жағынан қалыпты адам тұлға бола ала ма? Бола алмайтыны түсінікті. Кез келген әлеуметтік жағдайлардағы істің мәні де осындай. Тұлға —  бұл нақты қоғамдық тарихи қатынастардың жай ғана тасымалдаушысы емес, оларға өзінің жеке-дара қабілеттерімен және бейімділіктерімен, саналылығымен және ұйымшылдығымен, еңбектік және саяси-қоғамдық белсенділігімен елеулі ықпал ететін адам.

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың, бәрінен бұрын философияның, психология мен әлеуметтанудың зерделеу объектісі болып табылады.

Философия тұлғаны іс-әреткеттің, таным мен шығармашылықтың субъектісі ретіндегі дүниедегі орны тұрғысынан қарастырады. Психология тұлғаны психикалық үдерістер, қасиеттер мен қатынастар: темперамент, мінез, қабілеттер, еріктік қасиеттерінің және т.б. біртұтастығы ретінде зерделейді.

Әлеуметтану болса тұлғадан әлеуметтік-типтік нәрсені бөліп көрсетеді. Тұлғаның әлеуметтанулық теориясының негізгі проблематикасы тұлғаның қызмет етуі және оның қажеттіліктерінің дамуының үдерісімен, тұлға мен қоғамның, тұлға мен топтың заңды байланысын, тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеу мен өздігінен реттелуін зерттеумен байланысты.

Америкалық әлеуметтанушы-теоретиктер Т.Знанецкий мен Ч.Томас тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының өздігінен реттелуінің диспозициялық (лат. disposito – орналасу) теориясын жасап, ұсынды. Бұл теория әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мінез-құлық арасындағы байланысқа негізделген.

Тұлға диспозициясы дегеніміз – тұлғаның қызмет жағдайларын белгілі бір қабылдауға және бұл жағдайларда белгілі бір мінез-құлық танытуға бейімділігін білдіреді.

Шындығында, адам мінез-құлқының нәтижелері тұлға мен жағдаят арасныдағы туындайтын шиеленістерді дәйекті шешумен анықталады. Тұлғаның өзіндік санасы өмірлік позицияға айналады. Ол дүниетанымдық нұсқамаларға, әлеуметтік құндылықтарға, тұлға мұраттары мен нормаларына, әрекет етуге дайындығына негізделген мінез-құлық принципі болып табылады.

Жоғарыда атап өтілген диспозициялар жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Жоғарғылары мінез-құлықтың жалпы бағытталғандығын реттейді.

Әлеуметтік мінез-құлықтың төменгі диспозициялары – типтік көрініс табатын қызметтің белгілі бір салаларындағы мінез-құлық.

Белгілі бір адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын алдын ала болжап айту мүмкін емес дерлік. Алайда бұл мінез-құлықтың барлық нұсқалары абден зеттелуі мүмкін. Егер де бұл істелмейтін болса, онда адам мүмкіндіктері не жете бағаланбайды, не асыра бағаланады. Бір нәрсе ақиқат – болашақ адамдардың жобасы болып табылады және де оның қандай дәрежеде жүзеге асырылуы адамдардың шығармашылығына, құзіретіне, жауапкершілігі мен мінез-құлқына тәуелді. 

2. Әлеуметтік орта мен мінез-құлық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік