№1-Пәннің мақсаты мен міндеті. Ветеринариялық зертханалардың құрылымы және онда жұмысты ұйымдастыру

Loading...


Дата30.09.2021
өлшемі113 Kb.

№1-Пәннің мақсаты мен міндеті. Ветеринариялық зертханалардың құрылымы және онда жұмысты ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді пәннің мазмұны және маңызы мен рөлін түсіндіріп, ветеринариялы-санитариялық зертханалардағы техника қауіпсіздігімен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Қарастырылатын сұрақтар:

  • 1) Пәннің маңызы мен мақсаты, даму тарихы.
  • 2) Зертханалық зерттеулерге арналған нысандар мен заттардың жіктелуі
  • 3) Ветеринариялық зертханалардағы техника қауіпсіздігі

1. «Зертханалық іс» пәні зертханалық қондырғылармен, техникамен, сондай-ақ зертханалық жануарлармен жұмыс істеу тәсілдерін үйретіп, болашақ мамандардың өз беттерінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Зертханалық іс пәнінің негізгі міндеті барлық жүргізілетін зертханалық зерттеулерді толығымен әдістемелік, техникалық және олардың тәжірибелік жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Сондықтан да «Зертханалық іс» пәні жалпы биологиялық, клиникалық, ветеринариялық және техникалық ғылым салаларымен тығыз байланысты.



2. Ветеринариялы-санитариялық зертханалар әртүрлі биологиялық нысандарды, олардың құрылысын, құрамын, қасиеттерін және оларда жүріп жатқан химиялық-био-логиялық процесстерді зерттейтін мекеме болып табылады.

Ветеринариялы-санитариялық зертханалардың негізгі міндеттері: аурулардың алдын-алуға және жоюға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралар ұйымдастыру; ауруды анықтау мақсатында балау жұмыстарын жүргізу; мал өнімдерінің (ет, сүт, май, жұмыр-тқа, балық, т.б.) санитариялық сапасын анықтау; адаммен мал арасында індетті аурулардың таралмауын қадағалау және т.с.с.



Ветеринариялық-санитариялық зертханаларда бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, токсикологиялық, патоанатомиялық, гистологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ветеринариялық-санитариялық нысандар өкілдерінің бірі ветеринариялық зертханаларда мынадай бөлімдер орналастырылады:

- қабылдау бөлмесі – зерттеуге түскен материал қабылданып, құжатталады;

  • бактериологиялық бөлім – бактериологиялық зерттеулер жүргізуге арналған;

- серологиялық бөлім – қан сарысуымен серологиялық реакция қоюға арналған;

- клинико-диагностикалық бөлім– биологиялық сұйықтықтарды зерттеуге арналған;

- химико-токсикологиялық бөлім-материалдағы улы заттарды анықтауға арналған;

- тағамдық бөлім– малдан алынатын өнімдерді санитариялық-гигиеналық зерттеуге арналған;

- патологоанатомиялық бөлім– мал өлекселерін және олардың патологиялық материалдарын зерттеуге арналған;

- Асколи кабинеті – сібір жарасын анықтауға арналған бөлме;

- Паразитология бөлімі– гельминтологиялық және протозоологиялық зерттеулер жүргізуге арналған;

- қоректік орта дайындайтын бөлме;

- автоклав бөлмесі;



- жууға арналған бөлме.

Жоғарыда аталған бөлімдерден басқа кейбір зертханаларда «өндірістік бөлім» бар. Мұнда биопрепараттар дайындалады. Сондай-ақ ірі зертханаларда радиологиялық бөлім болады. Бұл жерде материалдардың радиоактивті ластануы зерттеледі.

Кез-келген химиялық, медициналық, ветеринариялық, бактериологиялық және басқа да зертханаларда жұмыс істеу қауіпсіз емес. Сол себептен зертханада жұмысқа кіріспес бұрын техника қауіпсіздігімен танысқан жөн.

3. Техника қауіпсіздігі – жұмысшылардың денсаулығына зиян келтіретін немесе жара-қатқа ұшырататын қауіпті факторлардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Техника қауіпсіздігі еңбек қорғаудың ажырамас бөлігі және ол жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігімен таныстырып, жұмыс жүргізілетін ғимаратты техникалық зиянсыз жағдайда ұстауды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды, оқыс оқиға орын алғанда алғашқы көмек көрсету шараларын үйретеді.

Техника қауіпсіздігі «Еңбек заңына» сәйкес дайындалатын нормативтік құжаттар талабына негізделеді. Дегенмен, техника қауіпсіздік ережелері барлық оқыс оқиғалардың алдын алуды қамти алмайды, сондықтан бұл ережелерді біліп қана қоймай, оның мәнін түсіну қажет және кез-келген жағдайда қолдана білген жөн.



Ветеринариялық санитариялық өндірістік нысандар мен зертханаларға медициналық алғашқы жәрдем көрсете алатын және техника қауіпсіздігімен таныстырылған адам ғана жұмыс істеуге жіберіледі. Зертханада кез-келген жұмыс тиянақты, асығыссыз жасалуы қажет. Зертханада басқа қосалқы жұмыстармен айналысуға болмайды. Жұмыс орнында тек қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер ғана болуы керек және жұмысты орындауға арналған тәртіпті мұқият сақтау қажет. Аса қауіпті материалдармен жұмыс арнайы орындарда, қосымша сақтандыру шаралары мен қорғаныс құралдарының көмегімен жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...