1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы



бет2/24
Дата19.11.2021
өлшемі128.97 Kb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, М.Ф.Квинтилиан және т.б. ғалымдардың еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

С.И.Ожеговтың сөздігінде: «Педагог – бұл біреудің тәрбиесімен айналысатын, адамды тұлғалық жағынан дамытуға бағытталған адам» деген анықтама береді.

Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім» атанған кемеңгер, шығыс ойшылы, ғалым-энциклопедист әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) орта ғасырда тәлім-тәрбие беру бойынша 200-ге жуық еңбек жазып, баға жетпес мұра қалдырды, ол педагогиканы жеке ғылым деп қарастырмаса да, өз трактаттарында оқу, тәрбие, білім беру және т.б. ұғымдарға анықтама беріп, педагогикалық мамандықтың мағынасын жан-жақты ашты. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде былай делінеді: «Мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттер сақталуы қажет. ... Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Еуропада ең бірінші болып балаларға және мұғалімдерге арналған оқу құралдарын жазған неміс педагогы В.Ратке (1571-1635 жж.) болды.

Чех педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

К.Д.Ушинский: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» – десе, П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын қатаң талап етеді.

Я.А.Коменскийдің ізбасары К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.) «Орыс мұғалімдерінің мұғалімі» атанды.

Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.) – көрнекті ағартушы-педагог, орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы. Ол мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік