10.Халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер.
Демографиялық көрсеткіш статистика. Физикалық даму көрсеткіші. Аурушаңдық көрсеткіші антропскопия. Алғашқы аурушаңдық антропометрия. Динамика. Табиғи. Механикалық физиометрия. Физ.дамуды бағалау Физ.жағдайын бағалау. Денсаулық тобын анытау. Мүгедектік көрсеткші Біріншілік. Жалпы. Таралуы. Құрылымы. Жиілігі. Патологиялық зақымдану
• Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.
• Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.
• Жалпы аурулық– бұл биылғы жылы бірінші реет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.
• Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық (патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған
аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы. Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады
- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы
- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
Физикалық даму- дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Қоғам денсаулығының көрсеткішін Үкіметтің оған қатысты барлық жүйелері бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасағанда ғана (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі, дене шынықтыру, құқық қорғау органы және т.б.) жоғарылатуға болады. Ауруды алдын алу ауруды емдегеннен әрқашан да тиімді және мемлекетке арзанға түседі. Орынды жерде айтқан жөн, аурудың алдын алу тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында жүйелі дамыған еді. Сол прогрессивтік идеяны сақтап қалып, сонымен бірге алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін дамыта отырып, денсаулық сақтау жүйесіне Қазақстан өз даму моделін ұсынбақ. Сол себепті Үкіметтің қоғам денсаулығы көрсеткішіне қатысы бар барлық жүйенің жұмысын біріктіріп, бағдарлама дайындайтын және оның жұмысын қадағалайтын қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |