1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»



бет7/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
9.Денсаулық сақтауды жоспарлау.
Жоспар – бұл нақты мерзімдерде және нақты ісәрекет бөліктерінде нақты атқарушылар ісәрекетінің мәнін, бағытталуын және тактикасын анықтайтын құжат. Денсаулық сақтауда кадрларға қажеттілік, материалдықтехникалық әрекет дамуы, болашақ қаржыландыру жоспарланады.
Жоспардың әзірленуіне жатады:
1. Стратегиялық жоспарлау
2. Денсаулық сақтау жүйелері
3. Басқару және басшылық ету
4. Аурухаларға инвестициялар және жобаларды басқару
5. Мониторинг және бағалау
Жоспарлауды медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттарының бірі деп санауға болады. Ол денсаулық сақтау ісін басқарудың ең маңызды функциясы. Шаруашылық жасаудың жаңа экономикалық қағидаттарына көшу жағдайында, жоспарлау өзінің міндетті түрде орталықтандырылған функцияларын жоғалтуда, ұсыныстық сипатқа ие болуда, тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әр текті бағдарламалар құрастыруға, болжамдауға жолығып тұр.
Жоспарлау материалдық, еңбектік және қаржылық қорларды ұтымды және тиімді пайдалануға топтастырылуы тиіс. Бұл бұқараға медициналық көмек көлемі, сипатын және қажеттілігін ескеру, мүмкіндігінше қанағаттандыру, медициналық көмектің экономиялық ұтымды түрлерін пайдалану. Жоспарлауға жоспарды құрастыру, оның орындалуы мен бақылауын ұйымдастыру, орындалуын тексеру кіреді. Кез келген жоспар не нәрсеге жету керек екенін ғана емес, жету әдістерін көрсету керек.
Жоспарлар болашақтық (перспективтік) ұзақ кезеңге және ағымдағы (оперативтік, айлық және жылдық) болып бөлінеді. Одан басқа, мекемелердің ісәрекеттерінің жоспары және даму жоспарлары (құрылыс, жөндеу, қайта құру) құрастырылады. Ең әрекеттілері кешенді жоспарлар, нысанға жоспартапсырмалар және т.б.
Ұтымды жоспарлау мақсаттар мен міндеттерді айқын анықтау, жоспарланатын шаралар шындығы мен нақтылығы, бастаушы міндеттерді бөліп көрсету, көрсеткіштер теңемелігі мен салыстырмалылығы, атқарушылар мен атқару мерзімдерін нақтыландыру талаптарына сай келеді.
Жоспарлау әдістері ішіне талдау (бастапқы жоспарларды талдау), нормативтік (нормативтік көрсеткіштерге қажеттіліктерді анықтау үшін), эксперименталдық (алдындағы эксперимент негізінде көрсеткіштер есептеу) және басқа арнайы әдістер (баланстық, қатынастық, пропорциялар) еі жиі қолданылады.
Жоспар құрастыруға жүйелік жолдарды қамтамасыз ететін, мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсетуге және әрбір жоспарланушы ісәрекетті белгілі мақсатта орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалықмақсаттық әдісті жоспарлауда басшылыққа алу қажет. Бұл жоспарлау технологиясын өзгертуді талап етеді (мақсаттар мен міндеттерді анықтау, ісшараларды кезеңдері бойынша орындау, атқарушылармен келісу, кешендеу, күтілетін тиімділікті есептеу).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы