1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Туу көрсеткішті есептеу формуласын жазыңыз?, Еліміздің қай өңірлерінде туу көрсеткіші жоғары?



бет53/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
83.Туу көрсеткішті есептеу формуласын жазыңыз?, Еліміздің қай өңірлерінде туу көрсеткіші жоғары?
Туылу – жаңа ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ететін, түбінде биологиялық себептері бар үрдіс болып табылады. Туу көрсеткіші 1 жыл ішінде нақтылы жерде 1000 адамға шаққанда туулық жиілігін көрсетеді.
-Туу көрсеткіші=бір жылдың ішінде туғандардың саны/ бір жылдағы халықтың орташа саны * 1000.
Туудың жалпы коэффицентін есептеп шығару үшін 1 жылда өмірге келген балалардың санын нақты жердегі тұрғындардың санына бөліп, оны мыңға көбейтеміз. Бұл есептеумен әр жылда өмірге келген балалар санының динамикасын көруге болады. Туудың жалпы коэффициентін әр ұлт өкілдеріне және нақты жеріндегі туу көрсеткішін қарастырғанда қолдануға болады. Демографиялық зерттеуде туу көрсеткішінің арнайы коэффициентін есептегенде тек 14-49 жас аралығындағы әйелдер саны алынады. Туудың арнайы коэффициентінің өзгеруі тұрғындардың, әсіресе әйелдердің жастық құрылымына байланысты. Ал туылудың нақты бағасын беру үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады:
-Әйелдердің бала туу көрсеткіші=1жылда туылғандар саны*1000/14-49 жастағы әйелдердің орташа саны
-Жасына сәйкес әйелдердің бала туу көрсеткіші=1жылда әйелдердің жасына сай туылған балалар саны*1000/сол жастағы әйелдердің орташа саны
-Некелі әйелдердің 1жылда туған балаларының саны*1000/некелі әйелдердің орташа саны.
Туу көрсеткішін зерттеуде қолданылатын коэффициенттің бірі туудың жастық коэффициенті.Туу көрсеткішінің жастық коэффициенті әйелдер үшін 14-19 жас, 20-24 жас, 25-29 жас, 30-34 жас, 35-39 жас, 40-44 жас, 45-49 жас аралықтарында 5 жылдық айырмашылықпен есепке алынады.
Туылудың жиынтық коэффициенті жастық туылу коэффициенттерінің қосындысы ретінде, бір жылдық жастық топтар бойынша есептеледі. Туылу көрсеткішін бағалау үшін оның бірнеше жылдық деңгейін есепке алады. Алынған мәліметті өзге аймақтарда қалыптасқан деңгейімен салыстырады. Сонымен қатар осы аймақта қалыптасқан өлім көрсеткішінің деңгейі мен динамикасымен салыстрады. Туылу үрдісіне әсерін тигізетін негізгі себептерді есепке ала отырып қана бұл көрсеткішті жақсартуға бағытталған профилактикалық бағдарламаларды жасауға және тәжірибеде тиімді іске асыруға болады. Біздің Республикада қалыптасқан туылу көрсеткішінің динамикасы тұрғындар санының жылдам өсуін қамтамасыз етіп отырғандығын көрсетеді. Республиканың Солтүстік аймақтарында туылу көрсеткішінің деңгейі өлім көрсеткішінің деңгейіненде төмен болып кетті. Тек қана Республиканың әлеуметтік-экономикалық тоқыраудан шығуы, халықтық әлеуметтік жағдайының жақсаруы туылу көрсеткішінің жоғарылауына алып келеді. 2005-2010 жылдары туылу көрсеткішінің динамикалық жоғарылауы байқалады. Әсіресе қазақ халқының демографиялық тірегі болып келген Оңтүстік Қазақстан облысындағы туылу көрсеткішінің динамикасы арта түсіп, 26,0‰ дейін жетіп отыр. Статистиктердің мәліметінше, Қазақстанда 2008 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 11,6-ға жақсарған (ер балалар 10 жыл бұрынғыдан 12%-ға, қыз балалар 11,1%-ға көп туып отыр). Қалаларда туу көрсеткіші 19,4%-ға, ауылдарда 1,9%-ға жақсарған.
2018 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,77 (2008 жылы 22,75 болды) болды, қалаларда 22,16 (2008 жылы 23,63), ауылдарда 21,22 (2008 жылы 21,75) болды.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 сәби), Нұр-Сұлтанда (27,67) және Шымкентте (27,53) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру