1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Өз бетімен медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралуы қалай жүргізілетінін



бет40/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
68. Өз бетімен медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралуы қалай жүргізілетінін
Тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiнде медициналық көмектiң негiзгi түрлерi былайша жіктелген:
— дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек;
— бiлiктi медициналық көмек;
— мамандандырылған медициналық көмек;
— жоғары мамандандырылған медициналық көмек; — медициналық-әлеуметтiк көмек.
Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмекті аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдiстерiн дәрiгердiң қатысуымен пайдалануды талап етпейтiн аурулар кезiнде орта медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсетеді. Шұғыл жағдайларда оны медициналық бiлiмi жоқ, уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тиiстi даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушiлердiң өмiрiн құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуi мүмкiн.
Бiлiктi медициналық көмек — диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдiстерiн талап етпейтiн аурулар кезiнде жоғары медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн медициналық көмек.
Мамандандырылған медициналық көмек — диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдiстерiн талап ететiн аурулар кезiнде бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде уәкiлеттi орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек.
Медициналық-әлеуметтiк көмекке тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек жатады.
Барынша кең тараған медициналық көмек түріне бастапқы медициналық- санитарлық көмек (БМСК) жатады. Ол әрбір азамат үшін негізгі, қол жетімді және тегін медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады.
Медициналық көмек түрлерінің тізбесі бір жағынан көбіне денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған мақсатына тәуелді келеді, екінші жағынан денсаулық сақтау мекемелерінің өзінің ұйымдастырушылық құрымының және номенкулатурасының қалыптасуына ықпал етеді.. Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру