1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек



бет36/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
61. Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек .
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға
ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібін айқындайды.
2. Медициналық-әлеуметтік көмек – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес тізбесі айқындалатын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек.
3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды, паллиативтік және әлеуметтік-психологиялық көмекті қамтиды.
4. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Кодекстің 6-бабының 7-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
2. Медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
5. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек (консультациялық-диагностикалық көмек);
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімі;
6) әлеуметтік-психологиялық көмек.
6. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға, психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібереді.
7. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек медициналық көмек көлемін қамтиды, ол тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша айқындалады.
8. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі.
9. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді.
10. Стационарларда медициналық көмекті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелді) бекіткен медициналық көмектің түрлері және көлемі бойынша мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетеді.
11. Бастан өткерген жіті аурулардан кейін, созылмалы ауру асқынған және жітілеу ауру нысандары кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі көрсетіледі.
12. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда:
1) жіті ауруды (консервативтік, операциялық) қарқынды емдегеннен кейін және аурудың жітілеу кезеңінде;
2) туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде;
3) операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.
13. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын, оның ішінде балаларды медициналық оңалтатын медициналық ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.
14. Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.
15. Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режимді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсетуге жол берілмейді.
16. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіледі.
Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек мекемелерінің іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары:
алдын алу жұмысы, диспансерлеу, тұрғындарды гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау; емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын қоса); ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық есеп және есеп берушілік, іс-әрекетті талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара әрекеттесуі, біліктілігін жоғарылату және басқалары); ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру