56. ҚР балаларға қызмет көрсету орталықтың атқаратын міндеттері.
Балаларға емдеу профилактикалық қызметті ұйымдастыру мемлекеттік жұйе арқылы жүргізіледі. Оның негіздері “Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” – заңында жазылған (8 тарау, 55-бап). Мемлекет балалардың құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асырады, олардың дене бетімі, ақыл-ойы, рухани, адамгершілік және әлеуметтік жетілуі үшін қажетті тұрмыс жағдайын, құқықтарын қамтамасыз етеді.
Балаларға медициналық қызмет көрсететін негізгі мекемелер:емхана, аурухана, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, санаторийлер және басқа да сауықтыру, тәрбиелеу мекемелері.Бәрінің жұмысының негізгі бағыты профилактикалық, яғни аурудың алдын алу. Балаларға емдеу профилактикалық жәрдем көрсетудегі ең маңыздысы – балалар емханасы.
Балалар емханасы – диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалық мекеме, ол барлық балаларға туылғаннан бастап 14 жасқа толғанға дейін медициналық жәрдем көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасында балаларға қызмет көрсету орталықтың атқаратын міндеттері (балалар емханасының):
-профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізу.Бұл жұмыс барлық дені сау балаларды медициналық бақылауға алу, профилактикалық тексеруден өткізу, диспансерлеу, профилактикалық егулер жүргізу, ана сүтін жинау және сүт тарату бөлімдерінің жұмысын тоқтаусыз жүргізу секілді салалардан тұрады;
-емдеу жұмысын үй жағдайына және емханада жүргізу, ауру балаларды ауруханаларға, санаторийлерге сауықтыруға жүргізу,бала бақшаларға, мектептерге орналастыру;
-мектеп жасына дейінгі мекемелерде және мектептерде емдеу профилактикалық жұмысты жүргүзу;
-санитарлық-эпидемиологиялық станциялармен бірігіп, жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жүргізу;
-балалардың құқығын қорғау.
57.Балаларға емдік-профилактикалық ұйымдастырудың 5 қадамы.
1- сатысы – дәрігерге дейінгі көмекті ФАП – та, фельдшер немесе акушерка, мейірбике жүргізеді.
2- Сатысы – бөлімшелік ауруханада дәрігерлік көмек көрсетіледі.
3- Сатысы – аудандық ауруханада мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетіледі.
4- Сатысы – облыстық, қалалық ауруханаларда, зерттеу иниституттарында тереңдетілген зерттеулер мен көмек алады.
5- Қорытынды сатыда МСАК ұйымының дәрігері немесе МСАК ұйымының жауапты адамы медициналық ақпараттық жүйеге профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелерін енгізеді. Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері олардың заңды өкілдерінің назарына танысу туралы қол қоюмен жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |