1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Перзентханада негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің 7- қағидасы



бет31/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
54.Перзентханада негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің 7- қағидасы.
Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.
Перзентхана жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады.Перзентхана аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады.
Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетету үшін:
1.Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және босану кезеңдерінің зиянсыз өтуін қадағалау;
2.Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету;
3.Әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру;
4.Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру;
5.Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу;
6.Халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру;
7.Аналар өлімін, сәбилер өлімін азайту
55.Табиғи туу көрсеткішін есептеу формуласы.Бұл көрсеткішті анықтаудың мақсаты.
1. Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары туу және өсу көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты тиімді, әлеуметтік, экономикалық, отбасылық және демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті халықтың арасындағы туу туралы толық және ағымдағы ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ елдің және өңірлердің даму бағдарламаларын әзірлеу болып табылады..
4. Туу көрсеткіштерінің маңыздылығы демографиялық құбылыстарды талдау мен елдегі және оның өңірлеріндегі демографиялық ахуалды бағалаудағы рөлімен байланысты. Туу коэффициенттерін есептеу және талдау демографиялық зерттеулер, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы тәжірибе үшін қажет.
5. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:
Репродуктивті кезең (жас) - әйел босануға қабілетті уақыт кезеңі. Статистикалық мақсаттар үшін көптеген елдерде 15-49 жыл кезеңі болжанады;
Халықты көбейту - туу мен өлім-жітімді өзара әрекеттесу нәтижесінде адамдардың ұрпақтарын үздіксіз жаңарту процесі.
6. Халықтың өлім-жітімі туралы ақпараттың дереккөздері Заңға сәйкес Комитеттің аумақтық органдарына жергілікті атқарушы органдардан түсетін әкімшілік деректер болып табылады.

Туудың жылдық көрсеткіштерін есептеу


7. Жалпы туу коэффициенті промилледе көрсетіледі және жалпы халық санына қатысты халықтың өлім-жітімі қарқындылығын айқындайды. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде тірі туғандардың жалпы санына аталған кезеңдегі халықтың орташа санының қатынасы болып табылады:

мұнда:
CBR - бала туудың жалпы коэффициенті;
N – жылдың ішінде туғандар саны;
Р – орташа жылдық халық.
8. Бала туудың арнайы коэффициенті тірі туғандар санының репродуктивті жастағы әйелдердің орташа санына қатынасы.

мұнда:
F15-49 – бала туудың арнайы коэффициенті;
N – туғандар саны;
Р15-49 –15-49 жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.
9. Жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті күнтізбелік жылда әрбір жас тобында туудың орташа деңгейін сипаттайды. 20 жасқа дейінгі жас топтары үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жасқа дейінгі әйелдер саны алынады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеген кезде, алымына барлық босанғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі, сондай-ақ 50 және одан ересек жаста босанған әйелдер саны енгізіледі.

мұнда:
Fх – жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті, онда x - жасы;
Nх – x жастағы әйелдерде туғандар саны;
Рх – х жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы