53.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау статистикасының тармақтарының түрлері. Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.
Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар:
санитарлық және эпидемияга қарсы күресетін мекемелер статистикасы
әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы
медицина кызметкерлерінің статистикасы
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы
Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды.
Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы көптеген статистикалық қимылдардан құралады.
Статистикалық әдістеме
Статистикалық жиынтық
Статистикалық жиынтық дегеніміз – сапасы жағынан бірыңғай деректердің, жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы.
Статистикалық жиынтыктың жеке деректері, көріністері – бақылау көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін – есепке алынатын белгілер деп атайды.
Статистикалық есептеу – қорытындылау және оны таблица түріңде көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдарды талдау барысында абсолюттік сандардан – жалпылама көрсеткіштер жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта сандар жатады.
Статистиканың ең бір маңызды міндетіне көріністер мен өзгерістердің өзара байланысын анықтау жатады. Олардың байланысының екі түрі белгілі - қызметі жағынан және корреляциялық. Қызметі жағынан байланыста – көріністердің белгілі бір көрсеткішіне, алдын ала белгілі екінші өзгергіш көрсеткіші сәйкес келеді. Корреляциялық байланыста – бір белгінің көрсеткшіне, баска бір белгінің бірнеше көрсеткіші тура келуі ықтимал. Оларға дәрежелі корреляция және квадраттау әдісімен корреляциялау жатады.
Статистикада регрессия коэффициенті деген көрсеткіш бар. Ол бір көріністің көрсеткіші бір рет өзгергенде, екіншісінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Алынған көрсеткіштерді талдау және әсерлеп көрсету мақсатында статистикада графикалық бейнелер қолданылады. Олар диаграмма, картограмма және картодиаграмма түрінде түсіріледі. Диаграммалардың сызықша, радиалды, келемді, мүсінді және бағаналы түрлері бар.