1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Балалар емханасы: түрлері, құрылымы



бет26/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
40. Балалар емханасы: түрлері, құрылымы.
Балалар емханасы-диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалық мекеме,ол барлық балалар туылғаннан бастап 14 жасқа толғанға дейін медициналық жәрдем көрсетуге міндетті.
Балалар емханасы балалар ауруханасының құрамына кіреді,болмаса жеке мекеме ретінде де бола алады.Бұлар емдеу-профилактикалық жұмыстарды емхананың өзінде,балалардың үйінде мектеп жасына дейінгі мекемелерде,мектептерде жүргізеді.
Балалар ауруханасының құрылымында мынандай негізгі бөлімдер бар:
1.Қабылдау және ауруханадан шығару бһлімі
2.Емдеу бөлімдері
3.Анықтау-жекелендіру бөлімдері
4.Қосымша бөлімдер
5.Әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
Балалар емханасының құрамында мынадай бөлмелер болады.
-жеке кіретін есігі бар және оңашалайтын бөлмелері бар сүзгі бөлімі;
-балалар дәрігері мен басқа мамандардың кабинеттері;
-балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу кабинеті;
-денсаулықты бұрыңғы қалпына келтіру бөлімі
-емдеу-диагностикалық кабинеттер
-тіркеу орны,күту,киім шешетін және басқа да қосымша кабинеттер.
-әкімшілік-шаруашылық бөлімі
Ұйымдастырушылық шаралардың ең маңызды түрінің бірі-ол дені сау балалардың бөлімін ашу.Бұл бөлімнің мақсаты-әр жанұяда салауатты өмір сүруді насихаттау,ата-аналарды дені сау баланы тәрбиелеу негіздерінде үйрету.
Балалар емханасының құрылымының ерекшелігі-бұл жерде арнайы фильтр бөлімі болады.Онда баласымен келген ата-аналаран мейірбике баланың денсаулығын жайлы ақпаратар сұрап,оның тамағын және үсті-басын қарап шығады.
41. Дені сау және ауру балаларды диспансерлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Диспансеризация – профилактикалық денсаулық қорғау талаптарына сай келетін жұмыстың ең бір жетілген әдісі.
Диспансерлік қызметке сау және ауру балаларды диспансерлеу жатады.
Диспансерлеу – бұл баланың күйі мен саулығына даму деңгейіне динамикалық бақылау, орныққан лабораториялық зерттеулер арқылы баланың денсаулығындағы ауытқуларды ерте тауып, кезінде сауықтыру және түзету шараларын жүргізу және де бала дамуын тиімді жағдай жасау.
Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың диспансерлік бақылау кестесі
Мамандардың қарау жиілігі – педиатр алғашқы айда – 3 рет, келесі айда айына бір рет, хирург, офтальмолог, невропатолог,ЛОР алғашқы жылында.
Профилактикалық қарау, күн тәртібіне бақылау жасау,баланы тамақтандыру, массаж жасау, рахиттың алдын алу, анемия, созылмалы аурулардан, хромосомды ақаулардан, жұқпалы аурулардан алдын алу шараларын жүргізу.
Объективті қарауда баланың салмағына, бойына көңіл аудару
Диспансеризация критерилері:
1. жүйке–психикалық және физикалық даму көрсеткіштері.
2. мінез-құлқын бақылау
3. клиникалық тексерістер мәліметі
4. ауру жиілігін бақылау.
2 жастағы балаларды диспансерлік бақылау сызбасы
Мамандар қарау жиілігі: педиатр тоқсанына 1 рет,стоматолог көрсеткішіне қарай;
Алдын-ала бақылау кезінде: күн тәртібі,тамақтану, шынықтыру жаттығулар жасауы, мешелдік алдын алу, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау бақылауй жүргізіледі;
Обьективті тексеріс кезінде: бойы,салмағы массасы динамикасына, тіс формуласы, тістеу жағдайы, психоматорлы дамуын бағалау, өзін ұстауы,тері жабындылары, сүйек-бұлшықеттік жүйесін, ішкі мүшелер жағдайын тексереді;
Қосымша зерттеу әдістері: анторпометрия тоқсанына 1 рет, клиникалық қан талдауы, зәр талдауы , нәжісін глист жұмыртқасына тексеру жылына 1 рет.
Негізгі алдын алу мен сауықтыру шаралары : 1 жасқа дейінгі балалардағы сияқты және мектепке дейінгі мекемелерге дайындау;
Диспасеризация критерилері: психоматорлы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық зерттеулер нәтижесі және ауру жиілігі, балалар мекемесіне уйрену дәрежесі.
3 жастағы балалардың диспансерлік бақылауы
Мамандардың қарау жиілігі:педиатр 6айда 1 рет; офтальмолог, невропатолог, стоматолог, хирург, ортопед, оториноларинголог жылына1 рет.
Алдын – алу шараларында мынаған көңіл аудару керек: күн тәртібін бақылау, тамақтануы, тәрбиесі.
Обьективті тексеру кезінде: дене салмағына, бойына, тістеріне, жүйке-психологиялық, физикалық дамуына, терісінің жағдайына, лимфатүйіндеріне, ауыз қуысына, омыртқа бағанына, жалпақ табанның бар немесе жоқ болуына, жалпы ішкі ағзалардың жағдайына көңіл бөлу керек.
Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия, есту және көру қабілетін, қан, зәр, анализі, үлкен дәретті құрт жұмыртқаларына тексеру.
Негізгі алдын алу және сауықтыру шараларына мыналар кіреді: тәрбиелеу, жасына сәйкес тамақтану және күнтізбе,гимнастика, шынықтыру және басқа физикалық тәрбилеу.
Диспансеризация тиімділігінің өлшемдері: физикалық және жүйке – психикалық дамуы, клиникалық зерттеулер, аурушылдық жилігі.
4 – 7 жас аралығындағы балалардың диспансерлік бақылауы
Мамандардың қарау жиілігі: педиатр жылына1 рет; ; отоларинголог, невропатолог, стоматолог, хирург, ортопед,окулист — 5жасында және мектепке барардын алдында, басқа мамандар көрсеткіш бойынша.
Алдын – алу шараларында мынаған көңіл аудару керек: күн тәртібін бақылау, тамақтануы, физикалық және шынықтыру тәрбиесіне, мектепке даярлау іс-шараларын жүргізу .
Тексеру барысында баланың физикалық дамуына, омыртқа бағанына, жалпақ табанның бар немесе жоқ болуына, есту және көру қабілетіне, физиометриялық көрсеткішке, психикалық жағдайына (вегетативті статус, көңіл-күй статусы, психомоторлы тұрақтылық), ауыз-қуысына, тістеріне, жалпы ішкі ағзалардың жағдайына (жүйке –психикалық дамуы сау балалар бөлмесінде қаралады)көңіл бөлу керек.
Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия, есту және көру қабілетін, қан, зәр, анализі, үлкен дәретті құрт жұмыртқаларына тексеру, спиро және динамометрия жыл сайын тексерілуі қажет.
Мектепке барар алдынд а және 5-6жас аралығында құжаттық жасымен,биологиялық және мектептік жасының сәйкес келуін анықтау, Артериальды қан қысым 5 жастан бастап өлшенеді.
Негізгі алдын алу және сауықтыру шараларына мыналар кіреді: тәрбиелеу, жасына сәйкес тамақтану және күнтізбе,гимнастика, шынықтыру және басқа физикалық тәрбилеу, 5 жасынан бастап мектепке даярлау.
Диспансеризация тиімділігінің өлшемдері: физикалық жән жүйке – психикалық дамуы, клиникалық зерттеулер, аурушылдық жилігі
Балалардың денсаулық топтары.
I денсаулық тобы. Дені сау балалар,яғни физикалық және психикалық дамуы қалыпты,анатомиялық дефектсіз, функциональды және морфофункциональды ауытқусыз.
II денсаулық тобы. Созылмалы ауруы жоқ ,алайда функциональды және морфофункциональды бұзылыстары бар балалар жатады.Сонымен қатар бұл топқа реконвалесценттер,әсіресе орташа және ауыр дәрежедегі жұқпалы аурулары бар ,эндокринологиялық патологиясы жоқ,жалпы физикалық дамуы артта қалған,салмағы аз және артық салмағы бар, тыныс жолдарының жедел ауруларымен ауырған,жарақаттан және операциядан кейінгі қалдықтары бар бірақ функциясы қалыпты балалар жатады.
III денсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар ,функциональды мүмкіншіліктері сақталған немесе компенсация сатысында ,бірақ негізгі ауруының асқынуы жоқ балалар.Жарақат және операциядан кейін функциясы компенсация сатысында болған физикалық кемшілігі бар балалар кіреді.Компенмация дәрежесі баланың оқуына және жұмыс жасауына кедергі келтірмеуі керек.
IV денсаулық тобы. Активты кезеңдегі және жиі асқыну боп тұратын тұрақсыз клиникалық ремиссиясы бар,сақталған немесе компенсирленген функциональды мүмкіншілігі бар созылмалы ауруы бар балалар;функциональды мүмкіншілігі шектелген ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар тобы кіреді.Жарақат және операциядан кейінгі баланың оқуы мен жұмыс істеу қабілетін шектейтін ,қажетті функциясы толық емес компенсирленген физикалық кемшіліктері бар балалар жатады.
Vденсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сирек болатын,асқынуы өте жиі,үнемі рецидив беретін,функциональды мүмкіншілігі декомпенсация сатысында ,негізгі ауруының асқынуымен көрінетін,жарақат және операция нәтижесінде болатын оқу мен жұмыс істеуіне қатты кедергі келтіретін созылмалы ауруы бар балалар тобы.
Жиі ауыратын балалар –бұл диагноз емес, қорғану жүйесінде транзиторлы корригируемыхтан болатын респираторлы инфекцияларман жиі ауыратын және иммундық қорғану жүйесінде органикалық бұзылысы жоқ, диспансерлік бақылау тобы.
ЖАБ тобын құру себептері:
Балалардың анатом-физиологиялық ерекшеліктері,соның ішінде иммунды жүйеде,екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайының дамуы;
Ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда аурулармен қарым-қатынас жиілігінің көбеюі. Жиі ауыратын балалар тобына мектепке дейінгі балалардың 40% және бастауыш сынып оқушыларының 15% кіреді.
Тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауруы төмендегі бұзылыстарға жиі әкеледі: физикалық және нерв-психикалық дамуы,иммунды жүйенің жетілуі,ЛОР ағзаларының созылмалы ауруларының пайда болуына,АІЖ бұзылысына,зәр шығару жолдарының және басқа да жүйелердің патологиясына әкелуімен қатар,әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі.Кейінгі кездері оппортунистік инфекциялардың (герпес вирусы инфекциялары,хламидиоз,микоплазма) аталған топ науқастарында кең жайылуы,осы аурулардың еміне көшу керектігіне назар аудартады.
ЖАБ тобына кіруге арналған критерилер:
Балалардың жасы.
ЖРА жиілігі (эпизодтар/жылына)
1жасқа дейін
4 және одан да жоғары
3 жасқа дейін
6және одан да жоғары
4-5 жас
5 және одан да жоғары
5 жастан жоғары
4және одан да жоғары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы