2.Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі зерттеу әдістері.
Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру, дене шынықтыру – спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру және қорғау, салауатты өмір салтын ж ұрт қа таныту және тарату, жас өспірімді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың негізгі әдістері:
Аналитикалық әдіс. Салыстырмалы әдіс. Экономикалық әдіс. Тепе-теңдік әдісі Нормативтік әдіс
Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістері:Тарихи,Статистикалық (санитарностатистикалық) ,Эксперимент әдістері және модельдеу, Эксперт бағалауларының,экономикалық Социалдық тексеру, Анализдеу, Эпидемиялық, Медико-географиялық.
3.Қазақстанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік сипаттамалары.
Денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы.
Денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекетте арнайы атқару органдарының жүйесі құрылады. Осы органдар өздеріне берілген құзіреттері мен құрылымдары арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етуге тікелей араласып, өздерінің жиынтығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бір буынын құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтауды басқарудың өзіне сәйкес жүйесі бар деуге болады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқару жүйесі, өзінің белгілі бір ішкі ұйымдасуы мен функциялары, басқа жүйелермен байланысы және одан әрі даму болашағы бар қоғамды басқарудың бір жүйесі.
Ол төмендегідей өзіне тән белгілермен сипатталады:
-өзара байланысты элементтерден тұратын біртұтас жүйені құрайды;
-біртұтас әлеуметтік жүйедегі күрделі бір жүйе болып табылады;
-басқарудың басқа да жүйелерімен бірлікте бола отырып, өз қатынастарында дербестікке ие және бір біріне әсер етіп отырады;
-ішкі (осы жүйенің ішкі құрылымдарымен) және сыртқы (басқа жүйелермен байланысы, иерархиялық құрылымы, элементтері, құқықтық мәртебелері бойынша ерекшеленетін әр түрлі деңгейдегі құрылымдары бар;
-белгілі бір тұрақтылық қасиеттеріне ие;
-ырғақты, яғни дамып және жетілдіріліп отыратын.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 4-бабында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей қағидалар негізінде жүргізілетіндігі бекітілген:1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;3) ана мен баланы қорғау;4)) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;6) медициналық көмектің қолжетімділігі;7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;8)халықтың санитарлық-эпидемиолгиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;13) отандық әзірілімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;15) денсаулық сақтаудың халық сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу [11, 4-бап].
Достарыңызбен бөлісу: |