Санитарлық ағарту міндеттері:
медициналық және гигиеналық білімді тарату.
денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында санитарлық-гигиеналық дағдылардын тәрбиелеу.
Санитарлық-гигиеналық мәдениетті арттыру.
Санитарлық ағарту жұмыстары адамның жынысын, жасын, климаттық-географиялық ерекшеліктерін, ұлттық салт-дәстүрлерін және басқа да факторларын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.
Санитарлық ағартудың әдістері:
Ауызша насихаттау: ұйымдастыру бағытында қарапайым, үнемді және қолжетімді әдіс.
Басылым арқылы насихаттау.
Суреттеу (көрнекі) арқылы насихаттау.
Құармадастырып насихаттау: бұқаралық ақпарат, анализаторлардың барлық түрлеріне бір мезгілді әсер ету.
Санитарлық ағартудың формалары:
Дәріс, әңгіме, диспут, конференция, радиода сөз сөйлеу, дискілердегі жазба, сұхбат, үгіт-насихат, ТВ ақпараттық бағдарламалары, консультациялар,
20. Халықтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру жолдары.
Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны,
біріншіден — дені сау адам,
екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері,
төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |