15-16 сурак ответи ишиндеАурушаңдықты азайту мақсатында аурудың алдын алу түрлері
Салауатты өмір салты (СӨС) – бұл денсаулықты сақтауға, және жақсартуға, күшейтуге бағытталған адамдар тобының немесе тұлғаның қызметі. Осы түсінікте бір жағынан – СӨС - өмір үлгісі, екінші жағынан – денсаулықты тудыруға, адамның үйлесімді дене бітім және рухани дамуына бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға арналған жағдай. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың (СӨСҚ) екі бағытын қарастырады: денсаулыққа оңды ықпал ететін жағдайларды, жайттарды құру, дамыту, күшейту, белсенділігін арттыру - health promotion; денсаулыққа деген қауіп жайтын төмендету.СӨСҚ негізі - алдын алу(профилактика) және оның бағыттары болып табылады: 1) медициналық; 2) психологиялық; 3) биологиялық; 4) гигиеналық; 5) әлеуметтік; 6) әлеуметтік-экономикалық (тұрмыс, өндірістік және материалдық жағдайлар); 7) экологиялық; 8) өндірістік.
Медициналық алдын алу – жекеленген адамдардың, олардың топтарының немесе барлық тұрғындардың арасындағы аурулардың немесе зақымданулардың себебін анықтауға, оларды жою немесе әлсіретуге жататын ауқымды және жан-жақты қызмет аясы.
Алғашқы алдын алу кезінде ескерту шаралары аурудың немесе зақымданудың тікелей себебіне бағытталған, оның мақсаты аурудың немесе бұзылудың басталуын болдырмау болып табылады. Екінші алдын алу пайда болып қойған аурудың немесе зақымданудың ерте анықталу және тиісті дәрежеде емделу жолымен дамуына септігін тигізетін жағдайлар мен жайттарға әсер етеді. Үшінші алдын алу аурудың немесе асқынудың ауырсыну деңгейін, егер ол асқынулар пайда болып қойған болса, өршуін ескертуге бағытталады. Үшінші алдын алу оңалту және еңбекке жарамсыздығын ескерту бойынша кешенді шаралардан тұрады, ал еңбекке жарамсыздығын тұрақты жоғалта бастаса – оны қалпына келтірудің жолдарын, мысалы, оңалту шараларының немесе түзету хирургияларының көмегімен іздеу.
17. 17 Аурушаңдыұты зерттеудің негізгі әдістері
ЖАЛПЫ АУРУШАҢДЫҚ (ТАРАЛУЫ) – БҰЛ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ БІРІНШІ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН АУРУЛАР МЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛЫП, БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ СОЛ АУРУДЫҢ САЛДАРЫНАН БІРІНШІ РЕТ ҚАРАЛҒАН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ.
(НАҚТЫ) АУРУЛЫҚ = ОСЫ ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН БАРЛЫҚ АУРУЛАР (ӨЗДІГІМЕН ҚАРАЛУ БОЙЫ
Аурушаңдықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі.
Халық аурушаңдығын бағалау үшін 1000, 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурушаңдықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет
Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурушаңдықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурушаңдығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады
АУРУЛЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТІ ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН НЕМЕСЕ ЖАППАЙ ӘДІСТІ ҚОЛДАНАТЫН БАСҚАРУ ОРГАН
Аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:
- емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша;
- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у);
- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у).
Достарыңызбен бөлісу: |