1. Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»


Халық денсаулығын бағалаудың сандық көрсеткіштері



бет11/60
Дата10.06.2022
өлшемі1.11 Mb.
#267569
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Байланысты:
Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
1 ПОТОК, каз пациент сонгы -1, каз пациент
13.Халық денсаулығын бағалаудың сандық көрсеткіштері
Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады. Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш. Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.
Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:-адам дамуының индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады 
- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы 
- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
-мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары – мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі – тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса.
- медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс.

14.Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:



  • Мәдениеттің төмендігі

  • Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.

  • адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.

  • Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).

  • Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.

  • айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.

  • Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы.

  • Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.

  • ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.

  • қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.

Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады. Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.
\


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру