1 ОҚУ (танысу) практикасының бағдарламасы



Дата09.06.2022
өлшемі23.99 Kb.
#267210
түріБағдарламасы
Байланысты:
1 курс практика бағдарламасы
Шұғылданымпаздылық, Социометрия әдісі, sro(20190313-85724), характеристика образец, Практика, Каликанулы ш.к әкімшілік курылымы, Лабораторная работа 2 Математические операции в Python - 2-лаб, Компьютерл моделдеу 4309, му практика консервы, file-3783 (3), Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытып, МБӨЖ 6-апта, ГЕОМЕТРИЯ, ГЕОМЕТРИЯ, Реферат

1 ОҚУ (ТАНЫСУ) ПРАКТИКАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАҚСАТЫ
Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) практикасының мақсаты оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуді және тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларына ие болуды, іскерлік хат алмасуды жүргізуді машықтарды қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді игеру, оқитын білім беру бағдарламасына сәйкес қызметтің практикалық машықтар мен дағдыларды игеру болып табылады.
Оқу практикасы барлық білім беру бағдарламасындағы білім алушылар үшін өткізіледі және 1-курста ұйымдастырылады. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектеп, есептеу, пленэр және т.б. түрлерін ажыратады.
Оқу (танысу) практикасы болашақ кәсіптік қызметінің нысаны болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып жоғары оқу орындарында өткізіледі.
МІНДЕТТЕРІ
1) Жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
2) білім беру бағдарламасымен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу; 3) болашақ білім беру бағдарламасының объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
4) Болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу; 5) Іскерлік хат алмасуды зерттеу және іс қағаздарын жүргізу;
6) Еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады.
МАЗМҰНЫ
Оқу практикасы барлық білім беру бағдарламасындағы білім алушылар үшін өткізіледі.
1. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады.
2. Оқу практикасы болашақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өткізіледі.
3. Оқу практикасы аталған білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы кафедраға, бөлімге, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарына бекітіледі.
4. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және бейініне сәйкес әзірленеді.
5. Оқу практикасы білім беру бағдарламасына байланысты өндірістік оқыту (техникалық және ауылшаруашылық білім беру бағдарламасы бойынша) және оқу процесінің жалғасу (кәсіпорында танысу практикасы, геодезиялық, медициналық тағы басқалар) түрлерінде жүзеге асырылады.
6. Оқу практикасын оқу пәндерін оқып зерделеудің жалғасы болатын жағдайда (геодезиялық, педагогикалық, медициналық тағы басқалар) өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді оқытатын оқытушы жүргізеді.
Оқу практикалық сабақтарды әдістемелік пен материалдық дайындауды өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді жүргізетін арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады.
Білім беру бағдарламасына байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, оқу-тәжірибелік учаскелерде және оқу орнының басқа оқу-көмекші объектілерінде, сондай-ақ (дуальды оқыту болған жағдайда) кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде өткізіледі. Оқу практикасын өткізу кезінде оқу тобын «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған
қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес кіші топтарға бөлу ұсынылады.
Білім алушылардың оқу практикасында, оқу орнының оқу-көмекші объектілерінде жұмыс күнінің ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) еңбек туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті қызметкерлердің дәрежелері үшін жасқа және өндірістің жағдайларына байланысты. Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Меңгеру:
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес әр түрлі әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, бастауыш білім беру мазмұнын сауатты интеграциялай білу және педагогикалық диагностикалау, пәндерді оқыту технологиялары мен әдістерін меңгеру.
Іске асыру:
1. Оқушылардың жасына және жеке қасиеттеріне сәйкес оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру.
2. Оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалармен өз бетімен жоспарлап, жүзеге асырады.
Қатысу:
Университеттегі теориялық дайындық барысында алған білімдерін тәжірибе өту кезінде оларды жетілдіру, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ
1. Педагогикалық күнделік.
2. Үлгі ретінде жасаған сыныптан тыс байқау іс – шаралардың жоспары.
3. Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме, сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме.
4. Жүргізілген қосымша жұмыс құжаттары.
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМ
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ
(1 курс)
МАҚСАТЫ
1) педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
2) сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
3) педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
4) оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;
5) ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
6) тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
7) оқытудың инновациялық технологияларды білу;
8) оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму
МІНДЕТТЕРІ
1. Мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін білім алушылардың сезіне білуі.
2. Болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.
3. «Педагог», «ұстаз», «оқытушы», «тәлімгер» туралы түсініктерін қалыптастыру;
4. Білім беру бағдарламалары типтері туралы мағлұмат бере отырып білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін анықтай білу;
5. Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу.
МАЗМҰНЫ
- Мұғалімнің кәсіби іс - әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- Білім алушы оқу іс - әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық пратиканы ұйымдастырудың жүйелілігі кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі теориялық жағынан қамтамаыз етілуі, білім алушылардың өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
- Психологиялық – педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;
- Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталады;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына» психологиялық – педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, білім алушыларды оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста педагогикалық практика өткізіледі және мынаны қамтиды:
Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика білім беру бағдарламасы үшін бірдей болып табылады.
Осының негізінде әдістемелік ұсыныстар, факультеттің мамандығына сәйкес педагогикалық практиканы өткізудің бағдарламасы.
1 курс білім алушыларының үзіліссіз педагогикалық практикасы
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп–гимназиялар, мектеп–лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).
Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика білім беру бағдарламасы үшін бірдей болып табылады.
1 курс білім алушыларының практикасын ұйымдастыру жоспары:
№ күндер Педагогикалық мамандыққа кіріспе Жүргізілетін жұмыс Мазмұны Меңгерілетін құзіреттілік
Берілген тапсырмалар бойынша әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
Тапсырма түрлеріне қарай күнделіктегі жазба бойынша есеп беріледі
1-күн 1-тақырып Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы. 1) Мектептің оқу-тәрбие жұмыс бағыттарымен таныстыру мақсатында мектеп директорымен немесе оқу тәрбие Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесімен танысу (директордың Болашақ ұстаз ретінде мектеп жағдайына педагогикалық көзқарас қалыптастыру.
жөніндегі орынбасарымен кездесу. 2)Сыныптарға бекіту. 3)Мектеппен тынысу: 4)Мектеп паспортымен тынысу; 5)Санитарлық-гигиеналық жағдайлармен танысу. және директордың орынбасарының іс-әрекетімен) Мектепке экскурсия (оқу кабинеттерімен, кітапханамен, психологкабинетімен, әлеуметтік педагогпен, спортзалмен, актзалымен, медициналық кабинетпен). Санитарлық гигиеналық талаптармен танысу. Сынып жетекшісімен танысу. (Күнделіктегі жазба)
2-күн 2-тақырып Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері. 1) Сабақтарына қатысу. 2) Мектепішілік нормативтік құжаттармен танысу 3) Сынып жетекшісінің тапсырмаларын орындау. (жекелеме жоспар бойынша) Мемлекеттік стандартпен, білім беру бағдарламасы бойынша пәнінің оқу бағдарламаларымен, күнтізбелік жоспарлармен танысу (Күнделіктегі жазба) Нормативтік құжаттармен танысу, талдау.
3-күн 3 тақырып Педагогикалық іс-әрекетінің мәні Педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты 1)Бекітілген сыныптың оқу-тәрбие жұмысымен танысу. 2)Сабақтарына қатысу. Сыныптың сабақ кестесінің құрылу ережесімен танысу. Сынып журналының құрылымымен танысу. Мұғалімнің Сынып жетекшісінің құжаттар тізбесі туралы мағлұматтарды меңгереді. Сынып журналымен жұмыс жасай алу біліктілігі
сабақ жоспарымен танысу Сынып жетекшісінен тапсырмалар алу. (Күнделіктегі жазба) қалыптасады. Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу тәртібімен танысады
4-күн 4 тақырып -Педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері -Педагог тұлғасының қалыптасып дамуындағы зерттеушілік іс-әрекетінің ролі -Ғылыми еңбектердің түрлері 1) Сабақтарға қатысу нәтижесі. әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұхбат т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің қызметіне сынып жетекшісімен бірге талдау; Пәнмұғалімінің сабақ өткізу барысына және дидактикалық материалдарына талдау жасау. (Қосымша ұсынылады) Мұғалімнің оқшылармен педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру техникасымен танысу және сабақ өткізу кезеңдерімен танысу.
5-күн 5-тақырып. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар. Педагогикалық қарым-қатынас стилі. 1.Сабақтарына қатысу. 2.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарымен танысу. 3.Тәрбие сағаты мен сыныптан тыс іс-шараларды бақылау. 4.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрімен танысу Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларынақатысу, сынып жетекшісіне көмектесу. (2-Қосымша ұсынылады) Тәрбие сағатының жоспарын құрып үйрену.
6-күн 6 тақырып -Педагогтың шығармыш1)Педагогикалық қызметке анықта жасау «Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» Бұл жұмысты орындау барысында мекетеп
ылық даярлығы -Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі. -Педагогтың өздігінен білім алуының негізі. -Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе жасау. (Презентация) мұғалімінің (сынып жетекшісінің) кәсіби тұлғалық ерекшеліктері мен атқаратын барлық қызметімен таныс болады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
Меңгерілетін құзіреттіліктер:
Меңгеру:
1. Болашақ ұстаз ретінде мектеп жағдайына педагогикалық көзқарас қалыптастыру.
2. Сынып жетекшісінің құжаттар тізбесі туралы мағлұматтарды меңгереді.
3. Тәрбие сағатының жоспарын құрып үйрену.
Қатысу:
1. Нормативтік құжаттармен танысу, талдау.
2. Мұғалімнің оқшылармен педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру техникасымен танысу және сабақ өткізу кезеңдерімен танысу.
Іске асыру:
1. Сынып журналымен жұмыс жасай алу біліктілігі қалыптасады.
2. Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу тәртібімен танысады
3. Бұл жұмысты орындау барысында мекетеп мұғалімінің (сынып жетекшісінің) кәсіби тұлғалық ерекшеліктері мен атқаратын барлық қызметімен таныс болады.
ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ.
1. Педагогикалық күнделік.
2. Үлгі ретінде жасаған тәрбие сағатының жоспары.
3. Үлгі ретінде жасаған сыныптан тыс байқау іс – шаралардың жоспары.
4. «on-line» режимде сынып жетекшісінің тәрбие сағатын талдау және сыныптан тыс іс - шаралардың білім алушының талдауы.
5. Пән мұғалімінің дидактикалық материалдарын талдауы.
6. Психология бойынша тапсырмалары: оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме, сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме. Жүргізілген әдістемелер құжаттары.
7. «Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портреті». (Презентация)

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы