1. Орфография, транслетерация және транскрипция туралы мәлімет беріп, ерекшеліктерін атап, талдау жасаңыз


Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принциптердің өзіне тән ерекшеліктерін атаңыз



бет2/4
Дата31.12.2022
өлшемі186.89 Kb.
#405191
1   2   3   4
Байланысты:
Til bilimine kirispe 6-apta
lekcija 4, lekcija 4, ашык жабык тест, 1неделя далелхан, 5практика Дәлелханқызы, Т здар гидролизі, Жапония мәдениеті мен салт-дәстүрлері, pygame, диссертация, Халықаралық теңсіздік — копия, Бағдарлама, задания, til bilimi 2 tapsyrma, Til bilimine kirispe 11-apta, Til bilimine kirispe 9-apta
2.Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принциптердің өзіне тән ерекшеліктерін атаңыз.Фонетикалық принцип. Қазақ тіл білімінде фонетикалық принципке мынадай анықтамалар беріледі: «Фонетикалық принцип бойынша сөз естілуі бойынша жазылып, фонеманың дыбыстық қоршауға тәуелді түрленімдері таңбаланады» . «Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы еске алынып, айтылуынша жазылады» Жазу жүйесі мен жазба дәстүрі толықтай нормаланбаған кезеңдегі ескі қазақ жазба тілінің негізгі орфографиялық принципі фонетикалық болды. Фонетикалық принцип бойынша:1) Ерін үндестігінің тұрақты түрде сақталуы. Бұл ауызекі сөйлеу тілінің бірден-бір ерекшелігі болып табылады: мұрұн (мұрын), бұзұқ (бұзық), иүзү (жүзі), иүзүк (жүзік), иүклүг ( жүкті, екіқабат), иүгрүк (жүйрік), ұйұқла (ұйықта), ұлұ (үлкен, ұлы), ұрұш (ұрыс), үчүн (үшін), сөзлүг (сөзді), мұңлұғ (мұңды), көңүл (көңіл), иұлдұз (жұлдыз) т.б.
2) Ауызекі сөйлеу тіліндегі дыбыс үндесімдерінің жазуда таңбалануы немесе түбір мен қосымшалардағы дыбыстардың ұяңдануы: білігліг (біліктік), үгретіб (үйретіп), көб (көп), артұғрағ (артығырақ), ачлығға (аштыққа), ағачға (ағашқа), терішмег (теріспек), үгретгүш (үйреткіш) т.б.
Инвариант принципі. Біз бұл жерде Н.Уәлиұлының «инвариант-вариант» теориясы бойынша ендірген «инвариант принципі» терминін басшылыққа аламыз. Ғалым өз еңбегінде «инвариант-вариант» теориясына былайша сипаттама береді: «Бұл қисын бойынша, фонема-инвариант, ал дыбыстар оның сөздегі репрезентанттары - варианттары деп танылады. Әр вариант (экземпляр) инварианттағы мәнді белгілерді сақтай отырып түрленеді, әр экземпелярда, мейлі оның саны қанша болса да, әйтеуір инвариантқа тән қасиет сақталады» . Осы қағиданы морфема жүйесіне қатысты есепке алатын болсақ, ескерткіштердегі бір алуан мағыналық бірліктер белгілі бір морфеманың инвариант деп танылған тұлғасы бойынша таңбаланады. Яғни бұл принцип бойынша түбір сөзге жалғау мен қосымшалардың бір ғана нұсқасы жалғанады. Сонда, көптік жалғауының -лар түрі инвариант деп алынып -дар, -тар, -дер, -тер т.б. варианттары жазуда ескерілмейді: иұртлар (жұрттар), қыпшақлар (қыпшақтар) т.б. Мысалы: Көб иұртларыны алыб ата уа ағасының дәстүрі бірлән амал қылыб ахыры Аламыр дар алфаниден дар ал бақиға кетді (Ата және ағасының дәстүрімен айла қылып, көп жұрттарды бағындырып ақырында Аламыр бұл жалғаннан мәңгілік орынға кетті). Қыбчақлар тақы бұларның сөзіні қабұл етіб алан қомыдын айрылдылар (Қыпшақтар тағы да бұлардың сөзін қабылдап, алан комыдыннан бөлінді).
Сонымен қатар, сын есімнің -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті нұсқаларының тек -лы, -лі түрі инвариант ретінде таңбаланады да, қалған фонетикалық варианттары жазуда таңбаланбайды: адақлы (атақты), сақаллы (сақалды). Мысалы: Хазар елінің адақлысының иахшыларын чақыртыб айтдылар иұрт алғалы барамыз (Хазар елінің белді жақсыларын шақыртып «Жұрт жаулаға барамыз» деп айтты). Ұзұн бойлы ақ сақаллы иетмішден озған кіші келіб тұрды (Ұзын бойлы, ақ сақалды, жетпістен асқан кісі келіп тұрды).
Сондай-ақ сын есімнің -лық, -лік (-лұқ, -лүк) жұрнағы да инвариант принципі бойынша таңбаланған: азлығ (аздық), семізлік (семіздік), дұшманлық (дұшпандық) т.б. Мысалы: Илбарыс ханның нөкері азлық қылыб тұрұр (Илбарыс ханның нөкері аздық қылып тұр). Үч атымыз семізлік қылыб иүрүмеді кенд халқына хабар қыл ат бірлә алышұрмұз дедім (Үш атымыз семіздіктен жүрмеді, кент халқына хабарла атты атпенен айырбастаймыз дедім). Сүйініч ханның заманыда мұғұл бірлән татар елінің арасында дұшманлық оты андағ көб иандыкім (Сүйініш ханның заманында татар мен моңғол елінің арасындағы дұшпандық оты сондай қатты өршіді).
Өзге де сөз тудырушы аффикстер жүйесінің жазуда бейнелену принципі осындай. Мысалы, ілік септігінің қазіргі тіліміздегі -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің нұсқаларының ішінде инвариант ретінде -ның түрі ғана белгіленеді: пиязның (пияздың), елнің (елдің), арықның (арықтың) т.б. Мысалы: Чабұлған елнің ач уа арұқы иемекке немерселері иоқлықындын сахраи пиазның түбіні қазыб иер ерділер (Шабылған елдің аш-арығы жейтін нәрселері жоқтықтан жабайы пияздың түбін қазып жейтін еді). Арықның ортасында бір иерке иғылыб тоб болұбты (Арықтың ортасында бір жерге жиылып топ болыпты).
Табыс септік жалғаулығы да осы принцип бойынша тек -ны, -ні жұрнақтары таңбаланып отырған: елні (атты), сөзні (сөзді), бізні (бізді) т.б. Мысалы: Ата иұртыға келді азған тозған елні иғды (Ата жұртына келіп азып-тозған елін жиды). Ол айтды мұндағ сөзні айтмаң егер айтқудек болсаңыз Асфандиар ханға айтұрмын (Ол айтты: «Мұндай сөзді айтпа, егер айтатындай болсаңыз Асфандияр ханға айтамын»). Бізні қалмақ чабты да малымызны уа башымыздын айұрды қалғанымыз пиаде иаш ұғланларны арқамызға иүклеб келдүк үч иыл болды мұнда келдүк бұ иыл үй қылыбмыз келкен бері алчұқ қылыб олтұрұб ердүк (Бізді қалмақ шауып мал-басымыздан айырды, қалғанымыз жас балаларды жаяу арқалап мұнда келгенімізге үш жыл болды, бұл жылы үй тұрғыздық, келгеннен бері талшық қылып отырмыз).
Жалпы қосымша, жалғаулардың инвариант принципі бойынша жазылу үрдісі бертінгі ХІХ ғ. дейін сақталып келді.
Цитаталық (түпнұсқа) принцип. «Түпнұсқа принципі әліпбиі ұқсас болған жағдайда шеттілдік сөздердің графикалық нұсқасын сол күйінде жазу үшін пайдаланылады» . Бұл принцип бойынша араб және парсы тілінен енген сөздер таңбаланған. Мысалы:
Азарде (пар.). араздық. Ұғланларыға айтдыкім зинһар бір біріңізден дүние масалахаты үчүн азарде болмаң (Ұлдарына айтты: «Сақ болыңдар, дүние байлығы үшін бір-біріңмен араздаспаңдар»).
Алуфе (пар.) әскери азық. Барчасының атыны дәптерге бітіб алуфе берүр ерді (Баршасының атын дәптерге жазып, азық беретін еді).
Ашраф (пар.) ақсүйек. Занбур атлық нөкеріні елчі қылыб Һиратның акабир ашрафларына айтыб иберді (Занбур атты нөкерін елші қылып, Гераттың үлкен ақсүйектеріне айтып жіберді).
Биекбар (пар.) тез, кенеттен. Халық кеткенден соң ханға биекбар хасталық арез болұб дар алфаниден дар албақиға рахилет қылды (Халық кеткеннен кейін ханға кенеттен ауру пайда болып өлді).
Бимар (пар.) ауру. Ұғлындын айрылғандын соң өзі бимар болды (Ұлынан айырылғаннан соң өзі ауру болды).
Боләнд (пар.) биік. Тез су иақасына келдүм боләнд иар екен (Тез су жағасына келдім, биік жар екен).
Ғалат (ар.) қателесу. Егер айағыны ғалат басса пара пара болұр ерді (Егер аяғын қате басса парша-парша болар еді).
Байс (ар.) себеп. Мухаммед ханның шәһид болғаныға байс ол болды (Мұхаммед ханның өлгеніне себеп сол болды).
Ғазал (ар.) құрту, жоғалту. Шейх Бузрук Жалайыр қачыб Бағдад келді тақы ханны ғазал қылды өзі хан болды (Шейх Бузруг Жалайыр қашып, Бағдадқа келді ханның көзін құртып өзі хан болды).
Жалпы араб және парсы сөздерінің цитаталық принциппен таңбалануы араб жазулы дүниелерде ХХ ғ. басына дейін қолданылып келген еді. Бұның себебін Х.Досмұхамедұлы былай түсіндіреді: «Қазақтың балалары ноғай, сарт мектеп-медреселерінде оқитын болды. Медреселерде араб-парсы сөздерін өзгертіп айту зор күнәға есептелінетін еді. Молдалар қазақ арасында араб-парсы сөздерін бұлжытпай айтуды жазу арқылы үйрете бастады. …Сөйтіп араб-парсы сөздерінің көбі бір жағынан Қазан, бір жағынан Бұхара арқылы өзгермей тілімізге кіре бастады» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы