1. Орфография, транслетерация және транскрипция туралы мәлімет беріп, ерекшеліктерін атап, талдау жасаңыз



бет1/4
Дата31.12.2022
өлшемі186.89 Kb.
#405191
  1   2   3   4
Байланысты:
Til bilimine kirispe 6-apta
lekcija 4, lekcija 4, ашык жабык тест, 1неделя далелхан, 5практика Дәлелханқызы, Т здар гидролизі, Жапония мәдениеті мен салт-дәстүрлері, pygame, диссертация, Халықаралық теңсіздік — копия, Бағдарлама, задания, til bilimi 2 tapsyrma, Til bilimine kirispe 11-apta, Til bilimine kirispe 9-apta

Тіл біліміне кіріспе
6-апта
1.Орфография, транслетерация және транскрипция туралы мәлімет беріп, ерекшеліктерін атап, талдау жасаңыз.Графика (гр. жазу, сызу) тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, юәріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әрпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып келеді:
1) ый: мый (жазылуы ми), қый (қи), ыйық (иық), таный(тани), қыйа (қия), қыйын (қиын), жый (жи), тыйын(тиын);
2) ій: кій (ки), тій(ти), ійне(ине), ійіс (иіс), бекій (беки), ерій (ери), бійлік (билік)‚ ійір (иір), тійін(тиін);
3) ұй: мұхұйт (мұхит)‚ бұлтұй (бұлти), бұртұй (бұрти), жорұй (жори), мұқұйат (мұқият)‚ құрұй (құри), құпұйа (құпия)‚ сұрқұйа(сұрқия)‚ шұқшұй (шұқши).
4) үй: мүрүйт (мүрит), мүлгүй (мүлги), түксүй (түкси), үрпүй (ұрпи), үсүй (үси), мөлүй (мөли), дүнүйө (дүние).
5) и: институт, университет‚ инициатива, физика, кино.
Дыбыс пен оның таңбасы, сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция (лат. transcrіptіo – көшіру) қолданылады.
Әдетте транскрипцияның екі түрі жиі пайдаланылады: фонемалық және фонетикалық. Фонемалық транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір-ақ таңбамен беріледі де, фонетикалық транскрипцияда әр түрлі аллофондар да ескеріледі. Қысқасы, мұның алғашқысы дыбысты (сол арқылы сөзді) айтылуына жуықтатуды, екіншісінде дәл беруді мақсат етеді. Біздің жазуымыз, негізінен, фонемалық (фонемаға негізделген) жазу. Сонда ат, ет, от, өтсияқты сөздердің жазылуы фонемалық транскрипцияға сәйкес келеді. Бұдан тіліміздегі сөздердің бәрі де фонемалық транскрипцияға сай жазылады екен деген ұғым тұмауға тиіс.
Қазіргі практикалық, жазуымызда қолданылып жүрген ә, о, ө, ұ, ү, й, л, м, ң, р, тәріптері ғана фонемалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады. Ал қалған әріптер сөз ішінде бірде дыбыс, бірде тек әріп қана болып тұрады. Мәселен, өлең, өнер, өзен, үлек, үлкен, түлек, жүрек деген сөздерде е дыбысты да, фонеманы да бейнелемейді, ол – тек әріп. Сол сияқты құлын, мұрын, күлкі, түлкі дегендерде ы, і – тек әріп. Бұлардың транскрипциясы: өлөң, өнөр, өзөн, үлөк, түлөк, мұрұн, құлұн, күлкү, түлкү. Транскрипциялау кезінде басшы, ашса, жанған, жанбады, көзсіз сияқты сөздер башшы, ашша, жаңған, жамбады, көссүз болып өзгеріске ұшырайды.
Фонетикалық транскрипция дыбысты (сөздің айтылуын) неғұрлым дәл беруді мақсат етеді. Ат, ет, от, өт сөздеріндегі т фонемасы дауысты дыбыстардың ықпалымен әртүрлі реңге ие болады. Бірінші т (ат дегенде) – еріндік, жуан; төртіншісі – еріндік, жіңішке. Оның үстіне о, өдыбыстарының алдынан әнтек у, ал е – нің алдынан әнтек идыбысы айтылатыны да ескерілуге тиіс. Бұл ерекшеліктерді көрсету үшін фонетикалық транскрипцияда айрықша диакритикалық (грек. dіakrіtіkos – айырым) белгілер қолданылады. Мәселен, “о” – еріндік; “/”– жіңішке; “” – ұяң; “” – қатаң; “:” – созылыңқы; “<” – ашық‚ “>” – қысаң т.б. Сонда жоғарыдағы сөздер былай өрнектеледі, ат, йет/ уото, уөто/. Ащы, басшы, ашса дегендерді аш:ы, баш:ы, аш:а түрінде (ш: – созылыңқы ш) жазу керек болады. үстіне сөздерді бұлай жазуда өзге де (әсіресе техникалық, ) қиындықтар бар. Сондықтан оқу процесінде көбіне фонемалық транскрипцияға жугінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас тексті біршама айтылуына жуықтатып жазу жеткілікті. Бұлай жазу да, әрине, дыбыстық заңдарды жақсы білуді қажет етеді. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер, оның үстіне көрші дыбыстардың бір-біріне әсері мұқият ескерілуге тиіс. Сонда кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестерінің, тұтас текстердің үлгісі мына түрде болады.
Сөздер: кітәп (жазылуы – кітап), жәй (жай), шәй (шай), ділдә (ділда), тілмәш (тілмаш), өлөң (өлең), өнөр (өнер), өзөн (өзен), өлкө (өлке), төбө (төбе), өкпө (өкпе)‚ көңүл (көңіл), көбүк (көбік), үкү (үкі)‚ күлкү (күлкі), түлкү (түлкі), түйө (түйе), мұрұн (мұрын), мойұн (мойын), ұуұс (уыс), ұуұз (уыз), жауұз (жауыз), дауұл (дауыл), қауұн (қауын), ауұл (ауыл), мұқұйт (мұқит), айұу (аю), ойұу (ою), қойұу (қою), қыйа (қия)‚ сыйа (сия), мый (ми), жый (жи), ыйық (иық), кійім (киім), ійне (ине), жамбады (жанбады), жаңған (жанған), сеңгеңге (сенгенге), білгеңге (білгенге), башшы (басшы), көссүз (көзсіз), жасса (жазса), ішше (ішсе), алат (алады), келет (келеді), айтат (айтады) т. б.
Сөз тіркестері:айғабақ (ай қабақ), алтынгірпік (алтын кірпік), айғарады (ай қарады), амангелді (аман келді), есең гелді (есен келді), ағешкі (ақ ешкі)‚ қарағой (қара қой), бешшылдық (бес жылдық), омбір (он бір), өмбойұ (он бойы), жамберді (жан берді), божжорға (боз жорға), ешшерге (еш жерге), алтыңғасық (алтын қасық), айдыңгөл (айдын көл), жүжжасады (жүз жасады), жүжжыл (жүз жыл), көгала (көк ала), көгет (көк ет), қарагөк (қара көк), жамбаспаған (жан баспаған), дошшар (дос-жар), алат (ала ат) т.б.
Мәтін(текст):Томағасын тартқанда бір қырымнан
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.

Көре тұра қалады қашқан түлкі


Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
(Абай).
Өзімізге таныс осы өлеңнің әр жолы үш бунақтан тұрады. Бунаққа енген сөздер тұтасып (екпін жағынан) айтылады, араларындағы дыбыстар үндеседі.
Ал транскрипциясы былай
Томағасын/тартқанда/бірғырымнан,
Қыраңғұс/көзүгөрүп/самғағанда.
Төмөнұшшам/түлкөрлөп/құтұлардеп,
Қандыгөз/қайқаңғағып/шықсаспаңға.

Көрөтұра/қалады/қашқантүлкү


Құтұлмасын/білгенсоң/құрғашқаңға.
Аузұнашып/қоқақтап/тісіңғайрап,
Одаталас/қылады/шыбынжаңға.

Транслитерация (лат. trans - арқылы және lіttera - әріп) – жазу жүйесі басқа


тілдің сөздерін өз тілінің жазу жүйесі арқылы әріппе-әріп беру. Бұл әсіресе аударуға‚ өзгертуге болмайтын жалқы есімдерді жазуға қажет. Орыс графикасын соламайымен (тұтасымен) игерген қазақ тілі шет жұрттық кісі‚ жер-су аттарын орыс тілі арқылы қабылдап‚ даярға маяр (тап) күн кешуде. Қазақ тілі өз дыбыстық жүйесіне көшкенде‚ и‚ у‚ э‚ е‚ ю‚ я‚ в‚ ф‚ х‚ һ‚ ц‚ ч‚ ь‚ ъ сияқты әріптерден арылу керек болады. Ондай жағдайда бұл әріптерді қазақтың төл дыбыстарын таңбалайтын 28 әріппен алмастыру қажеттігі туады. Транслитерация‚ міне‚ сол кезде іске кіріседі. Қай әріптің орнына қандай әріпті пайдалану мәселесі оңай шешілетін шаруа емес. Қазақ тілінде әзірше бұл төңіректе ізденіс байқалмайды. Ерте ме‚ кеш пе бұл мәселені шешу керек болады. Сонда жоғарыдағы тілге жат әріптерді‚ шамамен‚ мынадай таңбалармен алмастыруға тура келеді.
и = ій: Ійбаноп (Иванов)‚ Ійра (Ира)‚ ійнстійтұут (институт)‚ кейде ый: Ыйрақ (Ирак)‚ Ыйран (Иран);
у = ұу; ұунійберсійтет (университет)‚ Шұура (Шура)‚ Тұула (Тула)‚ Марұусійа (Маруся)
Э = е‚ ә = йо‚ ю = йұу‚ я = йа‚ ф = п‚ х = қ болады да‚ в = б‚ у‚ п: багон (вагон)‚ зауыт (завод)‚ кұуп (куб) т.б.
Транслитерация дыбыстық заңға бағындыруды мақсат етпейді‚ тек жат әріпті өз әрпімен беруді ғана қарастырады.

Сонда фонетика‚ фонема‚ транскрипция транслитерация сөздерінің құрамындағы и‚ ф‚ ц‚ я әріптерін алмастырып: понетійка‚ понема‚ транскрійпсійа‚ транслійтератсійа түрінде жазу – транслитерация болады да‚ пәнетійке‚ пәнем‚ траныскіріпсійе‚ тыраныслійтерәтсійе түрде жазу – дыбыстық заңға сай игеріп жазу – транскрипция болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет