1 Өңештің бөліктері және функциясы



бет8/22
Дата14.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#290254
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Рубежка
Силлабус инновации РДГБ 3, Орыс тил-сессия(устный), русский СЕССИЯ АУЫЗША, Абсолютті және салыст.шамалар, Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу-melimde.com, Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-ді-melimde.com, Сипаттамалы статистика №2
9.Энергия алмасуы
Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу, оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер істеген жұмысқа сай 2-3 есе артады.
Энергия алмасу. Денедегі зат алмасу процесі энергия өзгерістерімен тығыз байланысты. Зат алмасу кезінде қоректік заттардағы потенциалдық энергия босанып, ол механикалық, жылу, электр, сәуле энергияларына айналады да, ең соңында организмнен жылу түрінде бөлінеді. Сондықтан организмде түзілген жылу мөлшеріне қарай оның энергиялық шығынын анықтауға болады.
Организмге энергия қоректік заттардың құрамында көмірсулар, белоктар, майлар түрінде түседі де, олардың диссимиляциясы нәтижесінде энергия босанып, ол тіршілік әрекеттерін сақтауға, түрлі өнімдерді (ет, жұмыртқа, қауырсын, мамық) синтездеуге, бұлшық ет жұмысына, ауаны, суды, азықты жылытуға жұмсалады. Энергияның игерілмеген мөлшерін организм сыртқы ортаға дененің беткейі арқылы, зәрмен және нәжіспен, өніммен (жұмыртқамен), тыныс алғанда бөледі.
Тірі организмде энергия алмасуының үш түрлі ерекшелігі болады:
1). Қоректік заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналмай-ақ бірден түрлі жұмыстар атқаруға пайдаланыла береді және энергияның басқа түріне ауыса алады. Демек, организм хемодинамикалық двигатель принципімен жұмыс істеп, энергия көзін өте тиімді пайдаланады.
2). Энергия саты-сатымен мысқалданып бөлінеді. Бұл организмді «энергиялық дүмпуден» сақтап, қуатты үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді.
3). Көмірсулар, белоктар, майлар ыдыраған кезде бөлінетін энергия мол қуатты заттар (макроэргиялық заттар-энергияның биологиялық аккумуляторлары) құрамына ену арқылы қорға жинақталып, сақталады.
Энергия алмасу кезінде белок, көмірсу, майлар бірін-бірі алмастырып отырады. Бұл олардың энергиялық құндылығына байланысты изодинамия заңдылығына сәйкес жүретін процесс. Изодинамия заңдылығы бойынша 1 г майды 2,3 г көмірсу немесе белок алмастыра алады. Ал 1 г көмірсуды 1 г белокпен алмастыруға болады. Ескертер жайт, бұл заң қоректік заттардың тек энергиялық құндылығына ғана негізделген, олардың құрылымдық, биологиялық маңызын ескермейді. Мысалы, белокты ешбір органикалық зат шын мәнісінде алмастыра алмайды, себебі оның құрамына өзіндік ерекшеліктер тән.
Денедегі энергия алмасуын энергия балансын анықтау арқылы зерттейді. Ол үшін организм қабылдаған және бөлген энергия мөлшерін салыстырады. Организмнің азық құрамында қабылдаған энергиясын брутто (жалпы) энергия деп атайды. Организмге түскен жалпы энергия мен зәр, нәжіс, ас қорыту процесі барысында бөлінген газдар, қабылданған азық пен ішкен суды жылытуға жұмсалған энергия айырмасын нетто-энергия дейді. Демек, нетто- энергия организм тіршілігі үшін жұмсалатын энергия. Брутто-энергия мен нәжіс энергиясының айырмасын қорыту энергиясы дейді. Қорыту энергиясы мен зәр энергиясының айырмасын алмасу энергиясы деп атайды. Алмасу энергиясы организмнің тіршілік әрекетін атқару және өнімдер түзу үшін жұмсалатын рацион энергиясының бір бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде